К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет29/62
Дата29.05.2024
өлшемі0.99 Mb.
#502066
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
ҚАЗАҚ ТІЛІ оқулығы

Романтикалық стильдің ерекшелігі қатпарлар, желбіреуіштер, шілтерлер, 


36 
банттар, желбіршектер жиынтығынан тұрады. Фольклорлық стиль 
(этникалық) ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-
өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері, жоғары 
технологиялық әдістер кеңінен пайдаланылады. Фольклорлық стильді көбіне 
кантри стиль деп атайды.
Талғамы жақсының таңдауы жақсы екені рас. Десе де, талғам туралы 
дауласуға болмайды. Ал, Сіз қандай стильді, қандай түсті ұнатасыз? 
Тапсырмалар:
12.1. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз: шүберек, талғам, 
ұстаным, үйлесім табу, бетарап, реңді, дене бітімі, белдемше, 
тұрақты, жеңді көйлек, ыңғайлы, қатпар, желбіреуіш, шілтер, 
желбіршек. 
12.2. Мәтінді тыңдаңыздар, оқыңыздар, түсініңіздер. 
12.3. Үстеуді, сөйлемдегі қызметін, сын-бейне үстеулерін, мөлшер үстеулерді 
еске түсіріңіз.
12.4. Әсемдік, әдемілік, талғампаздық туралы нақыл сөздер, қанатты сөздер 
жазып келіңіз. Біреуіне жазбаша тоқталыңыз.
12.5. Сұрақтарға жауап беріңіз: 
- Талғампаз адам деп қандай адамды айтамыз? 
- Сіз талғампазсыз ба? 
- Қазіргі танымал сәнгерлер туралы не айта аласыз? 
- Свотч дегеннен хабарыңыз бар ма? 
- Свотч киім таңдауда, бет әрлеуде неліктен маңызды?
12.6. «Талғамы жақсының таңдауы жақсы». Пікірді екі жақ болып (жақтап 
немесе теріске шығарып) қорғаңыздар.
12.7. Төменде берілген ақпараттармен танысыңыз. Түс туралы тағы не айтқан 
болар едіңіз?
Түс адам туралы ақпарат береді екен. Мысалы, ақ түс – жинақы, адал 
ниетті адамдар, олар талап қоя біледі, қара түс – тағдыр ағысына қарсы тұра 
алатын адамдар, мұны көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатын адамдар киеді. 
Көк түсті ұнататындар сараптама жасаудың шебері. Бұлар өте қарапайым, 
сезімтал, әрі қатал мінезді де бола алатын адамдар. Сары түс – қуаты мол, көп 
сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән. Сары 
түсті еркіндікті қалайтын, арманы биік адамдар көбірек киеді. Қызыл түсті 
көбіне қызу қанды, албырт, белсенді, бір орында отырғанды қаламайтындар, 
өмірде бәрін үйреніп, алға ұмтылатындар таңдайды. Жасыл түсті тұрақты, 
сенімді, достары көп адамдар, қоңыр түсті өмірден мол тәжірибе алған
байсалды адамдар киеді екен.
12.8. Тақырып бойынша әңгімелеңіз.
12.9. Төмендегі 
мақал-мәтелдердің 
мағынасын 
түсіндіріңіз, 
оларды 
қатыстырып сұхбат құрастырыңыз. 


37 
а) Адамның сырты алдамшы. 
ә) Еріншек адамның ертеңі бітпес. 
б) Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат- 
надандықтың белгісі. 
в) Ақылды адам ойлап айтады, ақылсыз адам қайдан табады. 
г) Алған жомарт емес, берген жомарт. 
ғ) Кішіпейілдіктен кішіреймейсің. 
12.10. Досыңыздың сыртқы келбетін сипаттаңыз. Қай мінезі ұнайды, қай 
мінезі ұнамайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет