К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы



Pdf көрінісі
бет30/62
Дата29.05.2024
өлшемі0.99 Mb.
#502066
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
ҚАЗАҚ ТІЛІ оқулығы

Менің досым Қанат. 
Менің досымның аты – Қанат. Мен онымен Астана қаласында 
таныстым. Ол Астана қаласында дүниеге келген. Қанат - денелі, келбетті, сұлу 
жігіт. Ол - отызда. Ол-қаржыгер. Ол- жауапты, іскер, білікті, тәжірибелі 
маман. Ол- өте қарапайым, көпшіл, бауырмал, ақкөңіл адам. Ол спортпен 
шұғылданады.Оның достары көп. 
12.11.Әрқайсысы жеребе бойынша бір-бірінің аты-жөні жазылған қағазды 
алады. 
Мақсаты: сыпайы, әдептілікпен сын айту. 
Мысалы: Менің ойымша сізге шаштаразға бару керек. Себебі сізге ұзын шаш 
жараспайды. 
Жағдаяттық тапсырма 
Жаңа досыңызды, оқытушыларыңызды әке-шешеңізбен таныстырыңыз. 
Мысалы: Бұл – Әсет. Менімен бірге қаржы және несие тобында оқиды.Ол 
ақкөңіл, жауапты, еңбекқор, әділ, жомарт, шыншыл. 
Мына кісі - біздің кураторымыз Әсел Маратқызы.Ол өте мейірімді, көпшіл, 
жауапты, еңбексүйгіш. 
Ән жаттайық. 
Гауһар тас 
(Халық әні) 
Ажарың ашық екен атқан таңдай 
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай. 
Анаңнан сені тапқан айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай! 


38 
Қайырмасы: 
Беу-беу, гауһар тас, 
Құсни құқрдас, 
Раушан жүзін көргенде, 
Сәулем-ау, сабырым қалмас. 
 Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан, 
Шолпандай таң алдында жалғыз туған. 
Жылы су, қолда құман, қарда орамал. 
Жібекпен қызыл гәріс белін буған. 
Қайырмасы: 
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң, 
Сылддырап шашбауың мен алтын сырғаң. 
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп, 
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған. 
 
12.13.Төмендегі сөздерді пайдаланып, отбасы мүшелерінің сыртқы келбетін 
сипаттаңыз. 
Еңгезердей,сұңғақ бойлы, қысқа бойлы, бота көзді, қой көзді,өткір көзді, 
қысық көзді, қолаң шашты, бұйра шашты, қайратты шашты, селдір шашты, 
қиғаш қасты, жіңіщке қасты, кең маңдайлы, тар маңдайлы, қыр 
мұрынды,тәмпіш мұрынды, таңқы мұрынды, қара торы, аққұба, томпақ ерінді, 
жұқа ерінді, қыпша белді, бұраң бел, кең иықты, маржандай ақ тісті, сопақ 
басты. 
12.14. Тыйым сөздердің мағынасын түсіндіріңіз. Сұхбат құрастырыңыз. 
Көп сөйлеме. 
Орынсыз күлме. 
Мақтаншақ болма, тәкәппар болма. 
Үлкендердің жолын кеспе, сөзің бөлме. 
Кісі мініне күлме. 
Кісі айыбын бетіне баспа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет