39
Өнердің түрі көп: сурет өнері, сәулет өнері, мүсін өнері, музыка, би, сөз
өнері, т.б. Бұлардың ішінде қайталанбас өнер туындылары қаншама: әлемнің
жеті кереметі, ұлы суретшілердің өнер туындылары,
атақты музыка
шығармалары. Бірақ осының барлығының ішінде бірінші орында тұратыны –
сөз өнері. Себебі қандай сәулет нысаны болсын, би немесе музыка туындысы
болсын айтайын деген ойын дәл сөзбен жеткізгендей жеткізе алмайды.
Леанардо
да
Винчидің
шығармаларының
да,
Египеттің
пирамидаларының да, аспалы бақтың да кереметтерін тілмен, сөзбен айтып
жеткізуге болады.
Проза – (латын сөзі) әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма
(әңгіме, повесть, роман). Поэзия (грек сөзінен аударғанда «жасаймын»,
«тудырамын») – өлең үлгісіндегі әдеби туындылар.
Поэзия ұйқасқа, сөздің
ырғағына негізделеді. Поэзиялық шығармаларға сезім күйі, әсерлілік тән, ал
прозалық
туындыларда баяндау, бейнелеу басым.
Прозаның да, поэзияның да атқарар жүгі үлкен. Әдеби шығармалардың
негізгі мақсаты – адамды тәрбиелеу, адамға ой салу. Жалпы, әдеби
шығармалардың қай түрінде
болмасын сол елдің рухани, мәдени мұрасы
көрініс табады. Өйткені, әдебиет – өмір айнасы, әдебиет –
ұлт жанының
айнасы.
Қазақ әдебиетінің тарихы да халқының тарихындай, ертеден басталады.
Сонау халық ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз, жырлардан бастап бүгінгі әдеби
шығармаларға дейін – барлығы халықтың ойын, мақсатын,
тәрбие негізін
білдіреді.
Тапсырмалар:
13.1. Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз, жазып алыңыз:
сәулет, мүсін,
Достарыңызбен бөлісу: