42
О, туған жер!
Кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш, ағынмен,
Сағынышымды қанат
қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.
Алақаны анамның – топырағың,
Сендік махаббатымның оты – жалын.
Сені қалай сүюдің керектігін мен,
Ешқандай кітаптан оқымадым.
Сенде
тас та қастерлі, аспан да – алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым
Сені жақсы көруден басталған-ау.
Кешірме сен,
Жат
қылықпен жаныңды жараласам,
Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.
Мен ел кезіп кетермін отансыздай,
Үмітіңді ақтауға жарамасам.
Сұхбаттар:
1.
– Туризм туралы не білесің?
– Туризм тамыры өте тереңде жатыр.
– Сонда туризм қай ғасырда пайда болған?
– Туризм 18 ғасырда пайда болған.Бірақ ертеде діни саяхаттар болған.
– Туризм деген сөзді кім ойлап тапқан?
– «Тур» деген сөзді алғаш рет Томас Кук ойлап тапқан.
2.
– Қазақстанда қандай әдемі жерлер бар?
– Біздің елімізде әдемі жерлер өте көп.
– Мен тек қана Алматы қаласының керемет табиғатын тамашаладым.
3.
– Сіз жазғы демалыста қай жерде демаласыз?
– Маған Қазақстанның табиғаты ұнайды, сондықтан өз елімде демалғанды
ұнатамын.
– Сіз Қазақстанның қандай жерлерінде болдыңыз?
– Мен көп жерлерде болдым. Мен тауда демалуды ұнатамын.Әсіресе,
маған Көкшетау, Қарқаралы таулары ұнайды.