К. О. Жекеева қазақ тілі оқу құралы


жасау, ұсталық, зергерлік, ағаш ою, сүтпен сіңген қасиет



Pdf көрінісі
бет8/62
Дата29.05.2024
өлшемі0.99 Mb.
#502066
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62
ҚАЗАҚ ТІЛІ оқулығы

жасау, ұсталық, зергерлік, ағаш ою, сүтпен сіңген қасиет. 
3.2.Мәтінді оқыңыз. 
3.3.Мәтін бойынша сұрақтар құраңыз. 
3.4.Есімдіктерді еске түсіріңіз.
Есімдіктер заттың атын, сынын, санын білдірмейді, бірақ солардың 
орнына жұмсалады. Есімдіктер зат есімдерше көптеледі, септеледі, 
жіктеледі, тәуелденеді, кейде сын есімдерше түрленеді. Мағыналық 
түрлері: жіктеу, сілтеу, сұрау, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау, өздік 
есімдіктері.
3.5.Мәтіндегі есімдіктің түрлерін табыңыз.
3.6.Мен, сен, ол есімдіктерін септеңіз. Есімдіктердің септелу ерекшеліктеріне 
назар аударыңыз. 
3.7.Сол, бұл сөздерін септеңіз, жіктеңіз, тәуелдеңіз, көптеңіз. 
3.8. «Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбына сұхбат жазыңыз. 
3.9.Мамандық туралы әңгімелеңіз.
3.10.Мамандық туралы төменде берілген ақпараттармен танысыңыз. Өз 
ойыңызды айтыңыз.



Әлем бойынша ең қауіпті деп танылған мамандықтар:
1. Кенші. Жыл сайын жұмыс кезінде орта есеппен алғанда 50-60 кенші қаза 
болады. Мұндай жағдайлар көбіне көмір шығару кезінде болатын жердің 
опырылуынан және де газ бен метанға уланудың әсерінен болып жатады.
2. Өрт сөндіруші. Өрт сөндірушілердің қажырлы дайындықтан өтіп, төтенше 
жағдайлардың алдын алу жолдарын үйренгендеріне қарамастан, түрлі 
жарақаттар алу мен апатқа ұшырау мүмкіндіктері өте жоғары.
3. Көп қабатты ғимараттардың терезелерін жуушы. Бұл өте қауіпті іс және 
терезе жуушылар міндетті түрде арнайы дайындықтан өтулері қажет.
5. Биіктікте жұмыс істейтін электрмонтажшылар. Өте сирек кездесетін 
мамандық. 
Біле 
білсеңіздер, 
мұндай жоғары 
вольтті 
линиялардағы жұмыстардың көбі жалаңаш қолмен атқарылады.
6. Сапер. 1996-2002 жылдар аралығында минасыздандыру жұмыстары кезінде 
500-ден аса адам қаза тапқан.
7. Мұнай ұңғыларын бұрғылау. Аталған мамандық әркімнің қолынан келе 
бермейді. Себебі тәулігіне 12 сағат жанғыштық қасиетімен ерекшеленетін 
материалдармен жұмыс істеу өте қауіпті. Бұған қоса, бұрғылаушылар 
жағалаудан жүздеген километр қашықтықта, өркениеттен аулақ дерлік жерде 
жұмыс істейді.
3.11. Берілген есімдіктермен сөйлемдер құрастырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет