К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Қоздырғышының даму биологиясы



Pdf көрінісі
бет179/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Қоздырғышының даму биологиясы. Жұтқыншақ бөгелектері – тірі 
туатын жәндіктер, орыс бөгелегінің ұрғашыларының потенциалдық ұрық 
шашуы – 700-800, қортықтары – 640-1074, аз тікенділердікі – 425-560 
дернәсіл. Бөгелектің ұрғашылары дернәсіліні тастау үшін жылқылардың 
танауына ағып ұшады, және 8-ден 40-қа дейін дернәсілін тастап ұшып кетеді. 
Мұрын қуысына түскен дернәсілдер, соңына енеді және кілегей қабықтарға 
бекем жабысады. Кілегей қабықтың және қанның бөлінділерімен қоректеніп, 
қабыршақтың жоғарғы жағын мекендеп, тор сүйектің иірлерінде, 
жұтқыншақта тез өседі де, ІІІ фазаға өтеді. Соңғылары мұрын қуысынан 
түседі, топырақтың үстіңгі қабатына енеді және қуыршаққа айналады. 
Қуыршақтану 24-48 сағатқа аралығында жүреді. Қуыршақтану фазасының 
ұзақтығы 15-45 күн және қоршаған ортаның температурасына байланысты.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында бұл бөгелектер бір жылда екі рет, 


194 
солтүстік аймақтарда бір рет ұрпақ береді. Оңтүстікте бірінші ұрпақтың 
имагосы сәуірдің соңынан – мамырдан маусымның екінші екінші жартысына 
дейін, ал екінші ұрпақ – тамыздың екінші жартысынан қазанның екінші 
жартысына дейін ұшады. Республиканың солтүстігінде бөгелектердің ұшуы 
шілдеден қыркүйектің екінші жартысына қарай байқалады.
Ұрғашыларының өмір сүру ұзақтығы – 30-50, еркектерінің 16-40 
тәулік. Ұрғашылары жұптасуға дейін неғұрлым белсенді, содан кейін 
қабырға, дуал және құрылыстардың жарық жерлерінде оңашалау отырады. 
14 және одан да көп тәуліктен соң, дернәсілдер жетілгеннен 
кейін,ұрғашылардың тағы да қарқынды ұшуы және жануарларды 
дернәсілмен зақымдауы басталады.
Оңтүстік Қазақстанда І фазаның дернәсілдерінің максималды мөлшері 
жануар ағзасында екі рет байқалады: маусым мен шілденің соңында және 
қазаннан қаңтарға дейін, ІІ фазаның дернәсілдері – шілдеден қазанға дейін 
және желтоқсаннан мамырға дейін. Қазақстанның басқа аймақтарында І 
фазаның дернәсілдері қазаннан ақпанға дейін, ІІ фаза – қаңтардан шілдеге 
дейін байқалады (6 сызба).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет