205
табылады. Мол жауын-шашындар, қатты ылғалдандырылған қойлардың жөн
мен теріге,қансорғыштың дамуына жағымсыз әсер етеді.
31 сурет. Қой рунеці (Melophagus ovinus)
Патогенезі. Қансорғыштар механикалық әсер ететін, теріні бүлдіреді,
организмді қансыздандырады және сілекей арқылы интоксияция шақырады.
Қансорғыштың зиянды ісердің дәрежесі толығымен олардың санына
байланысты. Әдетте бір қойда бірнеше жүзден 2-3 мыңға дейін дарақ болуы
мүмкін. Жануарларда анемия (эритропения,олигохромемия) дамимды,
лимфоцитемия, нейтрофилия байқалады. Рунцалары қышып, зуылдатады,
соның салдарынан қышыну нәтижесінде дерматқа айналады.
Клиникалық белгілері. Жоғары қарқындылығынан
қатты қышыну
және рецепторлардың тітіркенуінен, қойлар тынышсызданады, бөгде заттарға
үйкеленеді, тіс арқылы қышыйтын жерлерді қысып ұстайды,
жиі осы кезде
жөн тілімдерін жұлып тастайды. Терінің қатты қабыршақтануы белгіленеді
және едәуір жерлерде шаш түсуі байқалады. Қойлар арықтайды. Шаш
тамырларынан жылжымалы рунцаларын байқауға болады.
Балауды клиникалық белгілеріне және қоздырғыштың анықталуына
байланысты қояды.
Емдеу және алдын алу шаралары.Қойда орналасқан қансорғыштарды
жоюға емдеу жүргізіледі. ОЖУ-5 және тағы басқа механикалық қондырғылар
арқылы салқын мерзімдерде қойдың бүкіл дене бойынан дустайды. 5% дуст
206
неоцидол, метатион, 0,5% фенвалерат (инсорбцид)
секілді препараттардың
30-40г бір қойға қолданады немесе аэрозольді өңдеуді өткізу үшін 1% в.э.
ДДВФ 60 мг/м
2
есебі бойынша, 16,7% циодрин 3 г/м
3
экспозиция 60 мин
жүргізеді.
Қойларды жазда, қырқудан кейін 20-25 күн интервалымен екі рет
0,05% в.э. циодринмен немесе неоцидоламен, 0,5% в.э. карбофоспен,
бензофосфатпен, троленамен жуады.
Энтомоздың алдын алу және таралуын тоқтату шараларында қолайсыз
фермалардан, шаруашылықтан қойлардың шығарылуына тыйым салынады.
Жаңа келген қойларды инвазированияға текесереді,
керек болса оларды
толық емдеу шараларымен карантинға қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: