2.4 Гельминттер жұмыртқаларының қысқаша сипаттамасы
Паразиттік құрттардың жұмыртқаларын органикалық қосындылардан
(споралардан, крахмал дәнінен, өсімдік пыльцадан, саңырауқұлақтан) кене
жұмыртқаларынан және тағы басқаларынан ажырату керек. Гельминт
жұмыртқаларының негізгі өзгешеліктері бар: қабық құрамында (жиі құрылымы
күрделі, көбісінде жапқышы, тығыны болады) және жұмыртқаның ішінде
ұрықтың әр түрлі даму сатысы байқалады.
Паразиттік құрттар жұмыртқаларының мөлшері әр түрлі болады.
Мысалы, күйістілердің нематодироз қоздырушылар жұмыртқалары ұзынынан,
құс простогонимоз қоздырушысы жұмыртқаларына қарағанда он есе үлкен.
Гельминттердің жұмыртқалары өте ірі – 0,15 мм және одан да үлкең
болады (Nematodirus spathiger); ірі – 0,1 – 0,14 мм (Fasciola hepatica); орташа –
0,06- 0,09 мм (Ascaris suum); ұсақ - 0,03 - 0,05 мм (Dicrocoelium lanceatum); өте
ұсақ - 0,02 және одан да кішкентай (Prosthogonimus ovatus) болады.
33
1 кесте. А - трематода жұмыртқалары:
1 - Fasciola hepatica; 2 – Paramphistomum sp.; 3 – Dicrocoelium lanceatum; 4 – Eurytrema
pancreaticum; 5 – Opisthorchis felineus; 6 – Echinostoma revolutum; 7 – Orientobilharzias
turkestanica.
Б - акантоцефал жұмыртқалары:
1 – Macracanthorhynchus hirudinaceus; 2 – Polimorphus magnus; 3 – Filicollis anatis.
34
2 кесте. А – цестода жұмыртқалары:
1 – Moniezia expansa; 2 – Thysaniesia giardi; 3 – Taenia sp.; 4 – Diphyllobothrium latum;
5 – Dipilidium caninum;
Б – нематода жұмыртқалары: 1 – Nematodirus spathiger; 2 – Oxyuris equi; 3 –
Metastrongylus sp.; 4 – Strongylidae sp.
|