К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет35/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

 
 
2.7 Дикроцелиоз 
 
Дикроцелиозкең тараған гельминтоз, Dicrocoelliidea тұқымдасына 
жататын Dicrocoelium lanceatum трематодасымен шақырылады. 70 астам үй 
жануарлары мен жабайы сүтқоректiлердiң өт қабы мен өт өзегiнде өмiр сүретiн 
паразиттер. Күйiс қайратын: қой, ешкi, iрi қара мал, буйвол, түйе, елiктер т. б. 
ауырады. Дикроцелийлер адамда да кездеседi. Дикроцелиоз шығыны – ауру 
малдың өнiмдiлiгiнiң төмендеуi. А. Г. Кокуриннiң айтуы бойынша ауру малдың 
етiнде ақуыз 2 , май 1,65 кемидi. Көп жағдайда ауру малдың бауыры жарамсыз 
болады. 
Қоздырушысы. Қоздырушысының ұзындығы 1 см, енi 1,5-2 мм, пiшіні 
ланцет тәрiздi. Ауыз сорғышы мен құрсақсорғышы жақын орналасқан. Iшек 
жолдары тегiс, паразит денесiнiң бүйiрiнде орналасады. Трематода денесiнiң 


45 
3 сурет. Dicrocoelium anceatum
алдынғы жағы мен құрсақ сорғышының артында 2 ен мен жұмыртқалық
ұрыққабылдағыш, Мелиса денесi орналасқан. Дененiң ортанғы бөлiгiнде iшек 
бүйiрiнде жүзiмтәрiздi сары денелер орналасқан, жатыр ағаш сияқты 
тармақталған, трематоданың құрсақ бөлiгiнiң артқы жағын алып жатыр. 
Аралық иелері. Жерде тiршiлiк етпейтiн моллюскалар Helicella, Sebrina, 
Theba, Fruticda туыстары мен қосымша иелер Farmica, Proformica туыстығының 
құмырсқалары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қоздырушыны даму биологиясы. Қоздырушы жұмыртқалары ішіндегі 
мирацидии, өтпен қосылып жануар iшегiне түседi, нәжiс арқылы клиникалыққы 
ортаға шығады. Онда оларды моллюскалар жұтады. Моллюсканың iшегiнде 
жұмыртқадан мирацидий шығады, ол спороцистаға айналады. 


46 
Мирацидидiң дәндi шараларынан көптеген ұрықтық торшалар дамиды. 
Кейiннен бұл торшалар бөлек топтар құрайды, осыған байланысты аналық 
спороциста дочерний спороцистаға бөлiнедi. 
Ересек церкарийлерден кейiн спороцистада жаңа церкарийлар 
тоқталмайды. Сондықтан моллюскалар көп уақыт паразит тасымалдаушы 
болады. Спорацистадан церкарий қан арқылы моллюсканың тыныс алу жолына 
енедi, онда олар клей тәрiздi затпен оралады. 
Кiлегейлi домалақ тыныс алу қозғалысы мен моллюскадан шығып, 
өсiмдiкке жабысады. Дикроцелийлар моллюскада 3-6 ай дамиды. 
Клиникалыққы ортада кiлегеiлi церкарии бар түйiндерді құмырсқалар жейдi. 
Құмырсқа организмiнде церкарий кiлегейден босанып, құрсақ қуысындағы 
iшекке енедi. Онда олардың құйрығы жойылады, инцистирленедi, 1-2 айда 
метацер-карияға айналады. 
Сонғы иелер дикроцелозбен жайлауда шөппен бірге құмырсқаларды жеп, 
зақымдалады. Құмырсқа денесiндегi церкарий құрсақ құысынан басқа енiп
құмырсқа жүрiсi бұзылады. Бүндай құмырсқалар өсiмдiкке жабысады. 
Сондықтан мал тез зақымданады, құмырсқалар қорытылып болғаннан соң 
метацеркарий цистадан босайды. Бауырға, өт жолына белсендi енiп, 1,5-3 айда 
ересек сатыға айналып, клиникалыққа ортаға жұмыртқалар бөледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет