53
байқалады, ал иттерде iсiктер болуы мүмкiн.
Балау клиникалық және Эпизоотологиялық негiзiнде, гельминто-
көпрологиялық зерттеу нәтижесiнде қояды.
Жұмыртқалары ұсақ, мөлшерi 0,01-0,02 х 0,02-0,03 мм, сарғыштау,
қақпақшасымен, қабығы қалыңдаған. Иммунобиологиялық
реакцияларды
пайдалануға болады. Аллергендi еңгiзген соң, 10-20 минуттан кейiн (құлақ
қалқанын бетiне 0,1 мг терi iшiне) зақымдалған жануарларда көрiнетiн және
жеңiл ұстап қаралатын диаметрi 1,5-2 см папула пайда болады.
Емі. Түлкi мен ақ түлкiлерге 12 сағат ашыққаннан кейiн бiр мәрте етпен
қоса гексихолды бередi, дозасы 0,2-0,3 г/кг. Ауыр өткеңде препаратты 0,1-0,15
г/кг дозада 2 күн қатарынан бередi. Гексахлорэтанды 0,1-0,2 г/кг дозада етпен
қоса, 12-18 сағат ашыққаннан бергеннен кейiн берудiң тиiмдiлiгi аз.
Иттерге гексахлорпараксилол немесе гексахлорэтанды 0,1-0,2 г/кг дозада
екi күн қатарынан беруі ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: