К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


 Iрi қара малдың және қойдың парамфистоматоздары



Pdf көрінісі
бет38/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

2.8 Iрi қара малдың және қойдың парамфистоматоздары 
 
Парамфистоматоздар. Paramphistomatatа 
подотрядының,Paramphistomatidae тұқымдасы 
трематодаларымен шақырылатын, жiңiшке 
iшекте, мес қарында, сирек күйiстiлердiң тақия 
қарынында тiршiлiк ететiн паразиттер iрi қара 
мал, енеке, сирек қой, ешкi, сонымен қатар 
солтүстiк бұғылар мен кейбiр жабайы күйiстi 
жануарлардың гельминтоздары. Жiтi және 
созылмалы өтедi. Жiтi парамфистоматоз 1,5-2 
жастағы бұзауларда байқалады және жiңiшке 
iшектiң кiлегейлi қабығы мен ұлтабарда орын 
ауыстыратын трематодалармен шақырылады. 
Созылмалы түрі – қосалқы қарындарда
ұлтабардың кiлегейлi қабығында тiршiлiк 
ететiн ересек гельминттермен шақырылады. 
Ауру айтарлықтай экономикалық зиян 
тигiзедi: жiтi өткеңде iрi қара мал төлдерi 50 – 
100 %-ға дейiн өлiмге ұшырайды және 
физиологиялық дамуы күрт баяулап, малдың 
өнiмдiлiгi төмендейдi. 
Қоздырушылары. Paramphistomum, 
Calicophоron, Gastrothylax, Liorchis туыстығына 
жататын парамфистомататтың бiрнеше түрi, iрi 
қара мал мен қойда тiршiлiк етедi. Оның iшiнде 
ең 
көп 
таралған: 
Liorchis 
scotiae, 
Paramphistomum 
ichikawai, 
Calicophoron 
calicophorum, Gastrothylax crurneniier. Олардың денесi ұршық немесе цилиндр 
тәрiздi, көлденен кесiндiде көбінесе дөңгелек пiшiндi келеді. Трематода 
ұзындығы 5-20 мм. Ауыз сорғышы жоқ, ауыз тесiгiнен кейiн күштi фаринкс 
орналасқан, құрсақ сорғышы жақсы дамыған және дененiң артқы жағына 
жақын орналасқан.Трематодалардың қомақты денесi анатомоморфологиялық 
құрылысын зерттеу үшiн тотальдi препараттарды дайындауда қиындатады. 
Аралық иелері. Planorbidae тұқымдасындағы тұшы су ұлуларының 
түрлерi – катушкалар, Planorbis planorbis, Gyraulus filiarus, Segmentiija nitada 
және тағы басқалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет