123
% хлорлы натрий және әр мал басына 1-2 г 1-2 % аскорбин қышқылы
жіберіледі.
Екінші күні күре тамыр арқылы 0,015 г/кг 5 % террамицин немесе
бұлшық етке 2000-5000 өлшем/кг окситетрациклин егіледі.
Кешке малдың
тірілей салмағының әрбір 100 кг 100 мл-ден кальций глюконаты бұлшық етке
жіберіледі. Үшінші күні кофеин және 0,01-0,005 г/кг мөлшерінде 10 %
сульфадемезин бұлшық етке егіледі.
Емнің тағы бір түрі: күніне 1 реттен 3 күн ұдайы 1 мг/кг мөлшерінде
хиноцид, ал төртінші және бесінші күндері 12,5 мг/кг бигумаль 1 % ерітінді
түрінде ауыз арқылы ішкізіледі.
Ауру қайталаған жағдайда, малдың ыстығы қайтқанша және одан кейін
2 күн ұдайы осы екі дәріні қоса қолдануға болады.
Симптоматикалық ем: ауыз арқылы ішке 3,0-5,0 г кофеин, 10,0 г
фталазол, 50 мг хлорлы кобальт, 500 мг тотияйын күніне 1 рет және күніне 1
реттен 2-3 күн ұдайы 300-500
мг-нан В
12
витамині бұлшық етке егіледі.
Соңғы кездерде тейлериозға қарсы құрамында 5% -ті бупарваквоннан
тұратын дәрілер (Бупакон, Фармакон, Бутолекс т.б. ) қолданылады: 1мл/20кг
тірі салмаққа бұлшық етке 1 рет, асқынған жағдайда 24 сағаттан соң қайта
егіледі.
Достарыңызбен бөлісу: