К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Алдын алу және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет115/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын алу және күресу шаралары. Мүйізді ірі қара малын 
тейлериоздан сақтандыру үшін, алдын алу емдік шараларын кешенді жүргізу 
қажет. Алдымен мал басын кенелердің шабуылынан қорғау қажеттігін 
ұмытпаған жөн. 
Ірі қараны жаз айларында көп жылдық себінді шөп өсірілген 
жайылымдарда жайған дұрыс, себебі мұндай жайылымда, әдетте, иксодид 
кенелері болмайды. 
Егер мұндай жайылымдар болмаған жағдайда, малды жайылым 
кенелерінен арылту үшін немесе оларды дарытпау мақсатымен 1 % хлорофос 
ерітіндісі немесе 0,1 % күйдіргіш натрий (сілті) қосылған 0,5 % хлорофос 
ерітіндісі қолданылады. Сондай-ақ, 3 % СК-9 (хлорлы скипидар) 
эмульсиясын, 3 % полихлорпинен немесе парисар, дикрезил, бутокс сияқты 
басқа акарацидтер ерітінділерін қолдануға болады. Осы көрсетілген 
ерітінділер мен эмульсиялар кене көп таралған маусымда әрбір 7-10 күн 
сайын қолданылады. Кейінгі жылдары сыналған протеидтің 0,1%-тік 
ерітіндісі мал басын кенелерден 30-45 күн бойы қорғайтыны анықталды. Бұл 
дәрілер ірі қараның жасына байланысты әрбір малға 1-3 л мөлшерінде ДУК, 
ЛСД-2 машиналарымен немесе гидропультпен бүркіліп отырады. Кейбір, 
Hyalomma sсupense сияқты жайылым кенелері мал қораларында кездессе, 
ондай қораларды 1,5 % хлорофос ерітіндісімен дәрілеу керек. Бұдан кейін 
қора ішін 4-6 сағат желдетіп, оттықтар ішін ыстық сумен тазалап жуу шарт. 
Кенеге қарсы ивомек, протеид, неоцидол дәрілерін де пайдалануға болады. 
Соңғы жылдары тейлериозға қарсы БЭВИ-ның (Ресей) тірі себінді 
вакцинасы қолданылып жүр. Тейлериоз болып тұратын шаруашы-лықтарда 6 
айдан 18 айға дейінгі жас малды, әсіресе басқа жақтан әкелінген асыл 
тұқымды малды, ақпан-қаңтар айларында нұсқау ереже-леріне сәйкес 


124 
вакцинациялау қажет. Аталмыш ауруға қарсы Израйль, Түркия, Кеңия, Иран 
және Қытай мемлекеттерінде вакцина шығарылып, қолданылуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет