121
Бұл паразиттерді гиаломма туысына жататын Hyaloma detrіtum,
Hyaloma anatolіcum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Кененің сілекейі
арқылы мал денесіне енісімен олар сөл бездеріне және бауыр мен талаққа
барып, өсіп-өніп тез арада шизагония әдісімен бөлшектеніп көбейе бастайды.
Мұның нәтижесінде көп ядролы анар тәрізді (гранат)
денелер пайда
болып, олардың бір цитоплазмасында 40-50, кейде одан да көп ядро болады.
Кейінірек бұл паразит бөлшектері ыдырап, қанның эритроциттеріне енеді.
Осы уақыттан бастап, оларды тейлериялардың эритроцитарлық түрі деп
атайды.
Эпизоотологиялық деректері. Тейлериоз шет елдерде Балкан түбегі
мемлекеттерінде,
Италияда, Кипр аралында, Турцияда, Израильде, Иракта,
Сирияда, Ливанда,
Ауғанстанда, Индияда, Солтүстік Африкада және Орта
Азияда кеңінен таралған ауру. Орта Азия мемлекеттерімен қатар
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында да кездеседі. Әсіресе Оңтүстік
Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында тейлериоз кең етек алып,
шаруашылықтарда энзоотия түрінде байқалады. Себебі бұл аймақтарда ауру
қоздырғышын тасымалдайтын Hyalomma туысына жататын кене түрлері көп
тараған. Жас мал тейлериозбен асқынып ауырады. Сондай-ақ клиникалықтан
әкелінген
малдар да өте қатты ауырып, тейлериоздан өлім-жітімге көп
шалдығады.
Достарыңызбен бөлісу: