148
иелерінің, яғни ірі қара мал, қой, шошқа т.б. организмге енген саркоцисталар
қан тамырларының эндотелий торшаларында көп ядролы дөңгелек не сопақ
шизонтқа айналады. Кейбір мал түлігінде ұсақ микроцисталар, ал
көпшілігінде көзге көрінетін макроцисталар
немесе Мишер қалталары
түзіледі. Олардың диаметірі 15 мм-ге дейін жетеді.
Аралық иелеріне түскең паразиттер, 33-45 күннен кейін, жүрек еті мен
басқа да бұлшық еттерде ұсақ цисталар түзей бастайды. Мұндай цисталардың
қабырғасы жұқа, іші дөңгелек пішінді меронттарға толы. Соңғылар
эндодиогения немесе көп бөлшекке бөлініп бүршіктену әдісімен көбейіп, 60-
70 күннен соң цисталардың іші мерозоиттарға толады. Осындай зақымдалған
етті тұрақты иелері, яғни
мысық пен ит және адам жесе, олар
саркоцисталармен зақымданады.
Саркоцистоздың ішектегі түрімен ауыратын оның тұрақты иелері (ит,
мысық және адам) өзінің нәжісімен көптеген ооцисталарды клиникалыққа
шығарады. Мысалы, ауру ит бір тәулікте клиникалыққа 30 млн. ооциста
шығарады. Ооцисталар клиникалыққы ортаға тұрақты иелерінен 90
тәулік
бойы шығуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: