К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Алдын-алу және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет146/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Алдын-алу және күресу шаралары. Шошқа қораларын мұқият 
тазалап, жиналған қиын биометриялық өңдеуден өткізу шарт. Шошқа 
азығына витаминдер мен микроэлементтерді және т.б. қосып, дұрыс 
азықтандыру керек. Жазғы жайылым кезінде шошқаларды лагерьде бағуды 
ұйымдастыру өте тиімді. Торайларды енесінен ажырату кезінде химиялық 
алдын алу әдісін қолданады. Ол үшін 1 г фуразолидонды 1 кг борға қосып 
береді. 
Ятренді осарсолмен алма-кезек береді. Ол үшін алғашқы үш күн ятрен 
емдік мөлшерінде берілсе, ал кейінгі үш күнде осарсол беріледі. 
 
 
3.14 Анаплазмоз 
 
Анаплазмоз - Anaplasma туысына жататын риккетсия тобындағы ұсақ 
қан паразиттері қоздыратын, анемиямен сипатталатын созылмалы ауру. 
Қоздырғышы - мүйізді ірі қарада - Anaplasma margіnale және 
A.rossіcum, мүйізді ұсақ малда A.ovіs. Бұл қан паразиттерін ірі қарадан ең 
алғаш 1893 ж. Т.Смит және Ф.Э.Килборн (АҚШ) тапқан. Қазіргі кезде бұл 
ауру Қазақстанның Оңтүстік аудандарында кездеседі. 
Малдың әр түлігінде анаплазмоз ауруын қоздыратын анаплазма түрлері 
өздерінің құрылымы жағынан бір-біріне өте ұқсас. Олар мал қаны қызыл 
түйіршіктерінің ішінде өмір сүреді. Романовский-Гимза әдісімен боялған қан 
жұғындысында, анаплазмалар эритроцит ішіне орналасқан дөңгелек пішінді 
немесе нүкте тәріздес өте ұсақ микроорганизмдер. Анаплазмалар 
қарақошқыл немесе қызыл түске боялады, дене тұрқы 0,2-1,2 мкм. 
Көпшілігінің пішіні нүкте тәрізді болады, ал кейде құйрықтылары да 


154 
кездеседі. Бір эритроцит ішінде 1-8 данасы болуы мүмкін. 
Қрздырғышының даму биологиясы. Эритроцит ішіне орналасқан 
анаплазмалар жыныссыз түрмен көбейіп, екіге бөлінеді. Сондай-ақ, кейбір 
жағдайларда бүршіктеніп те көбейеді. Алғашқыда өсіп-өну баяу басталып, 
кейінірек бұл құбылыс жылдамдайды да, паразитемия 80 % -ға, тіпті одан 
да жоғары көтеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет