К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Эпизоотологиялық деректер



Pdf көрінісі
бет147/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиялық деректер. Анаплазмоз ТМД мемлекеттерінің
оңтүстік аудандарында тіркеледі. Орта Азия республикаларында және 
Қазақстанда анаплазмоз май айынан бастап пайда болып, жаз бойы 
тіркеледі. Анаплазмоздың қоздырғышы иксодид кенелерімен, шіркейлермен, 
масалармен, ұсақ соналармен, шақпа шыбындармен таралады. Анаплазмоз 
бір малдан басқа малдарға механикалық жолмен, хирургиялық саймандар 
арқылы да жұғуы мүмкін. 
Анаплазмоз жазғы және күзгі маусымдарда, әдетте басқа қан паразит 
ауруларымен араласып кездеседі. Жергілікті мал ауруға төзімді, ал басқа 
жерден әкелінген мал бейім келеді. Қанға енген паразит эритроциттер ішінде 
өсіп-өніп көбейіп, қан түйіршіктерінің ыдырауына себеп болады. Оның 
салдарынан организмде зат алмасуы бұзылады. Анаплазмозда иммунитет 
стерильді емес, ауырып сауыққан ірі қара қанында 14 жыл, қой қанында 4,5 
жылға дейін анаплазмалар сақталады. 
Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 3-6 апта, кейде 3 
айға дейін. Ауру малдың ыстығы 1-1,5
0
С көтеріледі. Аурудың ең негізгі 
белгісі анемияның үдей түсуі. Кілегей қабықтары алғашқыда сарғыштанып, 
кейіннен бозарып, тіпті фарфор тәрізденіп кетеді. Бездері шошынады
малдың мойнында, әукесінде ісік пайда болады. Жүрек қызметі күшейеді, 
тыныс алысы айтарлықтай өзгермейді, ішек-қарын қозғалысы тоқталады. 
Қандағы эритроциттер саны 1 млн дейін азаяды, гемоглобин мөлшері де 4-5 
рет кемиді. 
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Өлген малдың өлексесі өте 
арық. Кілегей қабықтары, бұлшық еттері бозарыңқы, кейде сарғылт түсті. 
Жұтқыншағы, мойны және әукесі ісінген. Қаны сұйық боз-қызыл түсті. 
Жүрегі қанталаған, талағы шұбар түсті, бездері шошынған. 
Балау. 
Анаплазмозға 
балау 
Эпизоотологиялық 
мәліметтерге, 
клиникалық белгілеріне, Паталогиялық-анатомиялық өзгерістеріге және 
зертханалық зерттеулердің негіздеріне сүйене отырып қойылады. 
Анаплазмозға ерте балау қою үшін серологиялық реакциялар қолданылады: 
комплементті байлау реакциясы және иммунофлуо-ресценция реакциясы. 
Анаплазмозға балау Романовский-Гимза әдісімен боялған қан 
жағындыларын және лимфа түйіндерін, көк бауырдың немесе бауырдың 
сорындыларын зерттеу арқылы да қойылады.
Емі. Ірі қараға террамицин 10-15 мг кг (физиологиялық ерітіндідегі 8 
% ерітіндісі немесе 40 % глюкозадағы ерітіндісі) қалың етке егіледі. Бұл дәрі 
3 рет (8-12 сағаттан кейін) қолданылады.
Қойға террамицин немесе тетрациклиннің 5-10 мг/кг мөлшерінде 1 % 
новокаинде жасалған 8-10 % ерітіндісі етке егіледі. Ем 4-5 күн ұдайы 


155 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет