156
IV БӨЛІМ МАЛ ДӘРІГЕРЛІК АРАХНОЛОГИЯ
Арахнология (Arachnologіa) - өрмекші тәрізділер туралы ғылым
(arachne- өрмекші, logos-ілім деген грек сөздерінен тұрады). Буынаяқтылар
Arachnoіdea тобы, Arthropoda (буын аяқтылар) топтамасына жатады.
Жануарлар дүниесі ішінде буынаяқтылар өзінің көп түрлілігімен
оқшауланады. Олардың жер шарында 1,5 млн-дай түрі бар. Әсіресе,
жәндіктер барлық буынаяқтылардың 90 %-ын құрайды.
Буынаяқтылардың симметриялы денесі
бунақтардан құралған және
хитинді
қатты
қабыршықпен
қоршалған.
Хитин
қабыршығы
полисахаридтерден тұрады. Қабыршақтың әр жерінде қалқаншалары
(склерит) және оларды бір-біріне жалғастырып тұрған жарғақшалары бар.
Клиникалыққы қабыршық қаңқа қызметін де атқарады.
Өрмекші тәрізділердің басы кеудесімен бірігіп,
бас-кеуде бөлімін
түзейді. Ал, кенелердің денесі біртұтас. Буынаяқтылардың аяқтары
буындардан құралады. Жәндіктерде 3, ал өрмекші тәрізділерде 4 жұп
аяқтары бар.
Буынаяқтылардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы жүйке
сақинасынан және оған қосылып жатқан құрсақ тізбегінен тұрады. Дененің
әр буылтығында жүйке тізбегінің жұпталған түйіні бар. Буынаяқтыларда
жүйкелік рецепторлар жақсы жетілген. Рецепторлар рөлін сенсиллалар (бір
немесе топталған торшалар)
атқарады, олар қабыршақ астына орналасқан.
Олардың көмегімен буынаяқтылар қоректік заттарды (иелерін), ыстық-
суықтықты, химиялық заттарды және басқа факторлерді ажырата алады.
Көз құрылысы әртүрлі. Жәндіктердің күрделі және қарапайым көздері
болады. Кенелердің кейбір түрінің жай көздері бар, бірақ көптеген
түрлерінің көзі болмайды.
Буынаяқтылардың қан айналымы тұйық емес. Жүрегі түтік
тәрізді
құрылымдардан тұрады. Олардың гемолимфасы (қаны) сары, қызыл немесе
көгілдір түсті, ішінде қан түйіршіктері бар. Тыныс алысы арнайы түтікшелер
(кеңірдек) арқылы іске асады. Кеңірдек тармақтары барша ұлпамен
жалғасқан. Ұсақ буынаяқтылардың тыныс мүшелері жоқ, олар
клиникалыққы қабыршағы арқылы тыныс алады.
Суда мекеңдейтін
буынаяқтыларда желбезектер болады.
Буынаяқтылардың қоректенуі әр қилы. Паразиттік жолмен өмір сүретін
түрлері жануарлардың қанымен және ұлпаларымен қоректенеді. Зәр шығару
жүйесі мальпиги түтікшелерінен тұрады.
Буынаяқтылар – дара жыныстылар. Арасында қосжыныстылары да
кездесуі мүмкін. Өсіп-өнуі, әдетте аналығының ұрықтануынанан басталады.
Көптеген түрлері жұмыртқа салады, кейбір түрлері ғана балаңқұрт туады.
Буынаяқтылар сатылап өседі.
Жұмыртқасы жетіліп, балаңқұртқа
айналады, олар түлеп нимфа сатысына, ал нимфадан
имаго-еркегі немесе
ұрғашысы түзіледі. Дамудың әр сатысында олар түлеп, қабықшасын өзгертіп
отырады. Түлеу кезеңінде буынаяқтылар құрылысы өзгеріп, олар жетіледі.
Буынаяқтылардың дамуындағы мұндай өзгерістер метаморфоз деп аталады.
157
Буынаяқтылар 5 топқа бөлінеді. Олардың 3 тобының ветеринариялық
маңызы бар: Arachnoіdea (өрмекші тәрізділер), Іnsecta (жәндіктер), Crustacea
(шаян
тәрізділер).
Мал
дәрігерлік
арахнология
Parasіtіformеs
(паразитиформдық) және Acarіformеs (акариформдық)
класына жататын
кенелерді зерттейді. Паразитиформды кенелер індетті және инвазиялық
аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Қотыр ауруларын акариформды
кенелер тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: