Паразитиформды кенелер
Parasіtіformеs тегіне жататын кенелердің дене тұрқы ірі келеді. Бұл
кенелер жануарлар (кейде құстар) денесінде (эктопаразиттер) паразиттік
жолмен тіршілік етеді. Сондай-ақ, олар түрлі аурулар қоздырғыштарын
тасымалдайды. Бұл текке жататын кенелердің ветеринариялық маңызы бар
тұқымдастықтары:
Іxodіdae - жайылым кенелері
Argasіdae – аргазид кенелері
Gamasoіdae–гамазоид кенелері
Иксодид немесе жайылым кенелері
Иксодид кенелерінің мал патологиясындағы маңызы жөнінде ең алғаш
пікір айтқан Кильборн және Смит (1983). Олар алғаш рет ірі қара
пироплазмозын кенелер тасымалдайтынын анықтаған.
Протозоидтық, вирустық, бактериалдық және саңырауқұлақтар
тудыратын аурулар қоздырғышын тасымалдауда және оларды сақтауда
иксодид
кенелерінің
маңызы
барын
В.Л.Якимов,
А.В.Белицер,
Е.П.Джунковский, А.А.Марков, И.В.Абрамов, Р.Кох, А.Тейлер, Эд. Сержан
және т.б. зерттеулері көрсетті.
Ixodidae тұқымдасы кенелерінің денесі ірі және біртұтас, пішіні сопақ-
ұзынша келген. Денесінің алдыңғы жағында тұмсығы-гнатосома орналасқан.
Тұмсықтың құрамына: оның түбі, екі қармалауышы, екі хелицері (жоғарғы
жақ) және бір гипостомасы (төменгі жақ) енеді. Иксодидтердің
қармалауыштары сезім қызметін атқарады, олардың көптеген сезімтал
талшықтары бар. Қармалауыштарының көмегімен кене жануарлар терісіне
жабысатын жерін тауып алады. Қармалауыштар арасына өткір тістерімен
қаруланған хелицерлер орналасқан. Хелицерлердің астыңғы жағына
гипостом орналасқан, оның үсті тікең тәрізденіп иректелген, солары арқылы
кенелер теріге мықтап жабысады. Тұмсықтың тұрқы мен пішіні әртүрлі.
Денесі-идиосома, кененің даму сатысына және қанға тою дәрежесіне
байланысты пішіні мен тұрқы өзгеріп тұрады. Аш кененің денесі жалпақтау,
ал тойынғанда сопайып дөңгеленеді. Арқа жағында тығыздалған хитин
қалқаншасы (скутум) бар. Ол ұрғашы кенелердің тек қана арқасының
алдыңғы жағын, ал еркектерінің жотасын түгел жауып тұрады. Кейбір
кенелердің алдыңғы жағында қалқаншаның шет жағына орналасқан көздері
болады. Денесінің іш жағында, төртінші аяқтарынан төменірек торлы
табақшалар - перитремалар, ал олардың ортасына тыныс тесіктері-стигмалар
орналасқан. Сондай-ақ, кененің іш жағында жыныс және артқы тесіктері
орналасқан. Иксодид кенелерінің еркектерін, ұрғашыларынан айыру оп-оңай
158
(диморфизм). Аш ұрғашы кененің дене тұрқы еркегінікіндей немесе аздап
үлкеңірек. Қан сорғаннан кейін ұрғашыларының денесі бірнеше есе үлкейеді.
Иксодид кенелерінің (географиялық) жер жүзіне таралуы кейбір
биотикалық және абиотикалық жағдайларға байланысты. Әсіресе, кенелердің
қоректік ортасы болуының маңызы өте зор. Одан басқа кенелердің өмір
сүруіне қолайлы жылылық, ылғалдылық, өсімдіктер құрамы да үлкең әсер
етеді. Кенелердің малға жабылуы, жұмыртқалауы ауа райының
қолайлылығына,
сондай-ақ
күннің
ұзақтығына
да
байланысты.
Буынаяқтылардың мекеңдейтін жерін биотоп деп атайды.
Биотоптардағы кенелердің саны үнемі өзгеріп отырады. Адамның
табиғатқа қол сұғуы, өсімдіктер және жануарлар дүниесін әртүрлі
өзгерістерге душар етеді. Мұндай өзгерістерге сол биотопта тіршілік ететін
кенелер өте сезімтал келеді. Мал жайылымдарын жақсарту мақсатымен
себінді шөптердің аумағы ұлғайған сайын кенелер саны да азаяды.
Кенелерді өз биотоптарында және ауыл шаруашылық жануарларына
жабысқан кезінде жою шаралары, адаммен мал басын олар жұқтыратын
аурулардан сақтандырады. Иксодид кенелері өзінің жеке дамуында
(онтогенезінде) бірнеше сатыдан өтеді. Оларға жұмыртқа, балаңкене, нимфа
және имаго жатады. Аталығымен шағылысқан кенелердің ұрғашылары, мал
қанына тойынған соң жерге (жайылымдарда) түсіп, күн сәулесі түспейтін
жырыққа, тастар астына, қалың ескі шөп ішіне және т.б. жұмыртқалайды.
Кенелердің ұрғашылары 3 мыңнан 15 мыңға жуық жұмыртқа салады да
тіршілігін тоқтатады. Үш аптадан кейін жұмыртқалардан алты аяқты
балаңкенелер шығып, мал қанымен қоректенеді. Кейбір балаңкенелер
жануарлар денесінен түспей, дамуының келесі сатысы - нимфаға айналады.
Нимфа сатысы да 4-6 тәулік қан сорғаннан кейін жануарлар денесінен түсіп
немесе сол жануардың үстінде-ақ ең соңғы сатысы-имагоға айналады. Әр
нимфадан кененің ұрғашысы не еркегі шығады. Кенелердің толық өсіп-
Қоздырғышының даму биологиясы (айналымы) олардың таралу ареалына
байланысты - бірнеше айдан 3-4 жылға дейін созылады.
Жайылым кенелерінің мал түріне шабуылдауына байланысты оларды
бір иелі, екі иелі және үш иелі деп жіктейді. Бір иелі кенелер өсіп-дамуының
барлық сатыларында бір ғана жануардың қанын сорады. Екі иелі кенелер
балаң және нимфа сатыларында бір жануарды талап, ал имаго сатысында
басқа жануарды талайды. Ал, үш иелі кенелердің балаң, нимфа және имаго
сатылары үш түрлі жануарларды талап, өсіп-дамиды.
Кенелердің жануарлар организмімен қарым-қатынасы күрделі және әлі
толық зерттелмеген. Олардың сан-қилы омыртқалылардың қанын
соратындығы мәлім. Табындағы және отардағы малдардың кенеге талануы
әртүрлі дәрежеде болады. Ол жануарлар тобының жасына және т.б. жеке
организм ерекшеліктеріне байланысты. Жабысқан кенелердің саны
организмнің тойтарыс күшіне, кенеге қарсы пайда болған иммунитетке
байланысты.
Кене тұмсығы терінің эпидермалық қабатына ғана енеді. Тұрқы
әртүрлі болғанымен балаң кене, нимфа және имаго сатыларының
159
тұмсықтары теріге біркелкі тереңдікке енеді. Кенелер гипостомның тікеңдері
және айрықша секрет “цемент” арқылы мал терісіне нығайып бекиді. Кене
қанға тойып түскеңнен кейін “цемент” жарақатта қалып қояды, соның
әсерінен терінің эпидермалық қабатында реактивтік өзгерістер пайда болады.
“Цементпен” және кенелердің сілекейімен бірге мал организміне
антикоагулянттардан және т.б. улы заттардан құралған күрделі заттар енеді.
Сондықтан жарақат орны ісінеді және оған эозинфильдері басым торшалар
жиналады. Кенеге таланған жануарлардың қан құрамы өзгереді, организмде
аллергиялық құбылыс пайда болады, сондай-ақ алынатын өнімдер саны
төмендейді.
Біздің елімізде таралған Іxodіdae тұқымдасына жататын жайылым
кенелері алты туысқа бөлінеді. Олар мыналар: Hyalomma (шыны көз), Іxodes
(жабысқақ), Dermacentor (тері жырғыш), Haemaphіsalіs (қан сүйгіш),
Rhіpіcephalus (желпуіш бас) және Boophіlus (бұқа сүйгіш).
Hyalomma туысына ұзын тұмсықты, көздері бар кенелер жатады.
Сондықтан оларды шыны көз деп атайды. Ауыл шаруашылық
жануарларында бұл туыстың Hyalomma anatolіcum, H. detrіtum, H. scupense
деген түрлері кездеседі. Бұл кенелер Қазақстанның шөлді және шөлейт
аймақтарында көп тараған. Әсіресе Қызылорда, Шымкеңт, Жамбыл
облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының кейбір аудандарында
кездеседі. Hyalomma туысына жататын кенелер көбінесе ірі қара мал
паразиті. Жылқы, қой, ешкі, түйе түліктеріне Hyalomma кенелері өте сирек
жабылады. Бұл кенелердің H. anatolіcum және H. detritum деген түрлері ірі
қараның қарапайымдылар қоздыратын тейлериоз ауруын тасымалдайды.
Кененің бұл түрі еліміздің Оңтүстігінде ғана кездеседі. Оның ареалының
Солтүстік шекарасы- Ресейлік Астрахан облысынан, Қазақстанның
Оңтүстігін басып, Қырғызстанға дейін барады. Теңіз деңгейінен 500 м биіктік
бұл кенелерден бос. Кенелер мал қораларында, олардың қабырғаларында,
оттығында тығылып жатуы мүмкін. Сондай-ақ көң астында, кемірушілердің
інінде, саман және қамыстан істелген құрылыстарда кездеседі. Ал, H.scupense
деген түрі мал қораларында қыстайды. Сол себепті тейлериоз ауруы шамалап
қыста да кездеседі.
Ересек кенелер малды мамыр-тамыз айларында, ал балаң кенелері мен
нимфалары тамыз-қыркүйек айларында талайды. Тойынған балаңкенелер
мен нимфалар малдың үстінен жерге түсіп, жайылымда қыстап шығады.
H.plumbeum
кенелері
жылқы
пироплазмозы
мен
нутталиозының
қоздырғыштарын тасымалдайды. Кенелердің бұл түрі Оңтүстік Қазақстанда
және Орта Азия республикаларында кездеседі. Олар мамыр-маусым
айларында малды көп талайды. Балапан кенелер мен нимфалары мамыр
айынан қазан айына дейін мал қанымен қоректенеді. Жайылымға түсіп
қалған нимфалар күзде имаго сатысына түлеп, көктемге дейін анабиоз
жағдайына еніп, қыстап шығады.
H.scupense-
ірі-қара тейлериозы мен жылқы нутталиозының
қоздырғыштарын тасымалдайды. Бұл кенелер Орталық Қазақстанға дейін
тараған. Оңтүстікке қарай бұл кене жақсы бейімделген, тек теңіз бетінен
160
1000 м биіктікте ғана болмайды. Бұл кененің ерекшелігі-жануарларды
жылдың суық уақытында, яғни қазан айынан мамырға дейін талайды.
Олардың ұрғашылары жануарлар денесінен наурыз-мамыр айларында түсіп
қалады. Маусым айында жұмыртқалап, одан шыққан балаңкенелер күздің
суығына дейін малға жоламайды. Олар негізінен ірі қара малды, сирегірек
жылқы, қой және т.б. жануарларды талайды. Қыстың желтоқсан,
қаңтар,ақпан айларында нимфалардың қоректенуі және оның имаго сатысына
дамуы баяулайды.
Іxodes туысына жататын кенелердің тұмсығы ұзын, түбі төрт бұрышты.
Көздері жоқ. Сондықтан олар бұтаның не шөптің басына шығып алып,
алдыңғы аяқтарын созып отырады. Мұндай кенелерді мал жүретін
соқпақтарда кездестіруге болады. Кенелер соқпақпен өтіп бара жатқан
жануарларға немесе адамға жабыса кетеді. Сондықтан да бұл кене туысын
Іxodes жабысқақ деп атайды.
Жайылым кенелерінің ішінде бұл туысқа жататын кенелер аса көп
тарамаған. Олардың Іxodes rіcіnus және І. рersulcatus деген түрлері
жайылымдарда жиі кездеседі. Бұл кенелер ірі қара бабезиозының
қоздырғышы Babesіa bovіs, қой анаплазмозының қоздырғышы Anaplasma
ovіs және ірі қара анаплазмозының қоздырғышы A. margіnale паразиттерін
тасымалдайды. Сондай-ақ, І. рersulcatus адамның кейбір вирусты және
бактериалды ауру қоздырғыштарын жұқтырады.
Іxodes rіcіnus кенесі Евроазия аймағының солтүтік-батысында көп
тараған, оның шығысқа қарай таралу шекарасы Волга өзеніне дейін келеді.
Сондай-ақ Кавказ тауы мен тау етегінде де кенелер кездеседі. Ал, Волга
өзенінен шығысқа қарай орталық және Оңтүстік алқаптарды басып, Қиыр
Шығысқа дейінгі таулы және ағашты жерлерде І. persulcatus кенелері
кездеседі. Олар Қазақстанның тау етектерінде және кішігірім тауларда
қалың шөп және бұталар арасында кезедеседі. Кенелердің бұл түрі кекілік,
ор қоян және т.б. жабайы аңдар және үй жануарларының эктопаразиттері.
Іxodes кенелері суыққа өте төзімді. – 20
0
С суықтыққа шыдай береді. Қолайлы
жағдайларда өсіп-жетілуіне 5-9 айдай уақыт керек, ал кейбір жылдары бұл
кенелердің өніп-өсуі 2-3 жылға дейін созылады. І. persulcatus кенелері Қиыр
Шығыста адамның энцефалит ауруының қоздырғышын тасымалдайтын және
осы аурудың табиғи ошақтарын түзуге қатысатыны анықталды.
Dermacentor туысына жататын кенелер жылқының пироплазмоз
(қоздырғышы Pіroplasma caballі) және нутталиоз (қоздырғышы Nuttallіa egyі)
ауруларын тасымалдайды. Бұл туысқа жататын кенелердің алты түрінің
ішінде Dermacentor margіnatus және D. pіctus деген түрлерінің
Эпизоотологиялық маңызы бар.
Dermacentor туысына жататын кенелердің тұмсығы қысқа, түбі төрт
бұрышты, жотасында, екінші аяқ тұсында көздері бар. Денесінің үстіңгі жағы
қоңыр түсті болғанымен күміс реңді. Сондықтан бұл кенелерді басқаларынан
тез айыруға болады.
Ересек, яғни имаго сатысындағы Dermacentor кенелері жылқы, ірі қара
мал, ешкі, қой және т.б. жануарлардың қанын сорады. Ал, балапан-кене және
161
нимфа сатыларында ұсақ кеміргіштерді талайды. Бұл кенелер жануарларға
көктем және күз айларында жабысады. Ересек кенелер 2-3 жылдай аштыққа
шыдайды. Бір жылдың ішінде бір ұрпағы өсіп-өнеді.
Dermacentor margіnatіs үш иелі кене. Олар жылқының пироплазмидоз
ауруларынан басқа ірі қараның анаплазмозын (қоздырғышы Anaplasma
margіnale), қойдың анаплазмозын (A.оvіs) және тейлериозын (қоздырғышы
Theіlerіa recondіta), сондай-ақ кеміргіштердің туляремия ауруларын
тасымалдайды. Кененің бұл түрі Украина, Молдавия, Қырым, Қазақстан,
Орта Азия республикаларында, сондай-ақ Батыс және Шығыс Сібірдің
Оңтүстік бөлігінде кездеседі.
Dermacentor pіctus түрі де үш иелі кене. Ол жылқының
пироплазмидоздарынан басқа - ит пироплазмозын (қоздырғышы Pіroplasma
canіs), ірі қара анаплазмозын және жылқының энцефаломиелит ауруы және
омбы геморрагиялық қызбасы вирусын тасымалдайды.
Haemaphіsalіs туысына жататын түрлер H.otophіla және H.longіcornіs
(H.neumanі). Бұл кенелердің тұмсығы қысқа, түбі төрт бұрышты, көздері жоқ,
анальдік жолақ артқы тесіктің арт жағына орналасқан. Құрсақ жағында
қалқаншалары жоқ.
H.otophіla үш иелі, ол қойдың анаплазмоз (Anaplasma ovіs) және
пироплазмоз (қоздырғышы Pіroplasma ovіs) ауруларын тасымалдайды. Бұл
кенелер Украинаның оңтүстігінде, Қырымда, Солтүстік Кавказда кездеседі.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында Н.punctata кенелері болады.
И.Г.Галузо және т.б. (1944) байқауына қарағанда бұл кенелер қойдың
бруцеллез ауруын таратуда маңызы зор. H.longіcornіs үш иелі кене, қиыр
Шығыста ірі қараның тейлериоз ауруын тасымалдайды (қоздырғышы-
Тheіlerіa sergentі).
Rhіpіcephalus туысына жататын кенелер: Rh.bursa және Rh.turanicus.
Бұл кенелердің тұмсығы қысқа, түбі алты бұрышты, көздері бар, анальдік
жолақ артқы тесік артында, еркек кенелердің екі жұп аналдық қалқаншалары
бар.
Rh.bursa- екі иелі кенелер, көбіне ірі қара мал мен қойдан табылады, ал
Rh.pumіlіo үй және тағы хайуанаттарына онымен қоса адамға да жабысады.
Rh.bursa кенелері қойдың бабезиозын (B.ovіs), тейлериозын (Th.recondіta)
және пиролазмозын (P.ovіs), сондай-ақ, ірі қараның анаплазмозын
(A.margіnale) тасымалдайды.
Rh.turanicus –үш иелі кене. Имагосы жылқыларда, ірі қара малдарда,
иттерде, қойларда, ешкілерде паразиттік тіршілік етеді. Ол көктем мен жаз
мезгілдерінде, атап айтқанда сәуір-мамар айларында әр түрлі жабайы
жануарларда жиі кездеседі. Дернәсілдері мен нимфалары кеміргіштерде
(қояндар, тышқандар) және жәндік жегіштерде (кірпілер) қоректенеді және
мамыр, қыркүйек, маусым-тамыз айларында табылады. Үлкен кенелер
қыстайды. Кененің даму мерзімі 2-3 ай. Қазақстанның оңтүстігінде, Орта
Азия елдерінде таралған. Қой және ірі қара мал анаплазмозы, жылқы
нутталиозы, шошқалар мен иттердің пироплазмозы, жылқылардың жапандық
энцофаломелитінің
вирусы
секілді
аурулардың
қоздырғыштарын
162
тасымалдайды.
Кенелердің бұл түрі Қырым-да, Қара теңіз жағалауында, Кавказда және
Қазақстанның оңтүстігінде кездеседі. Бірен-саран кенелер теңіз деңгейінен
2800 м биіктікке дейін кездеседі. Имаго фазасында қой мен ірі қараға наурыз
айынан бастап жабысады, бірақ негізінен жағырапиялық алқапқа байланысты
мамыр-шілде айларында белсенділігі күшейеді. Ал балапан кенелері жаздың
екінші жартысынан бастап, күз айларына дейін кездеседі. Олар қой
құлағының ішкі жағына жабысып қанын сорады. Имаго фазасында қойдың
түксіз жерлеріне жабысады. Жылына бір ұрпақ береді.
Boophіlus туысына жататын біздің елімізде бір ғана кене түрі бар
(B.calcaratus). Бұл кенелер жайылым кенелері ішіндегі ұсағы. Кененің түсі
қоңыр, тұмсығы қысқа, тұмсық түбі алты бұрышты, көздері бар. B.calcaratus
кенелері ірі қара пиролазмозын, франсаиеллезін тасымалдайды. Ауру
қоздырғыштары кененің жұмыртқасы арқылы немесе трансовариалды
жолмен келесі ұрпаққа көшіп отырады. B.calcaratus кенелері Қазақстанның
оңтүстігінде, Орта Азия республикаларында кездеседі. Бұл кене бір иелі.
Малға жабысқан кене 25-30 күнде қанға тойынып, тасалау жерге 2-3 күннен
соң жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапан-кенелер жануарларға
жабысып, қанға тойған соң 4-6 күн ішінде нимфаға айналады. Олар иесінің
денесінен түспей 5-10 күннен соң имаго (еркек немесе ұрғашы) фазасына
дейін өсіп-өнеді. Толық өсіп жетілуіне 2 айдай уақыт керек. Жылдың жылы
уақытында B.calcaratus кенелері үш ұрпақ береді. Балаңкенелер 6-7 айдай
ашығуды көтереді. Тың жерлерді игеруге байланысты B.calcaratus
кенелерінің саны жылдан жылға азайып келеді. Бұл кенелердің биотоптары
ағашты-бұталы тау етегінде өмір сүруге қолайлы жағдайлар бар жерлерде
кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |