К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет154/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Эпизоотологиясы. Саркоптоз қотыры мал бір-бірімен жанасқанда 
жұғады. Әсіресе, малды ұзақ уақыт бір суаттан суарса немесе ортақ 
жайылымда жайса, қышыма қотыр тез тарайды. Бұл ауру негізінен, күз бен 
қыста шығады. Көктемде мал түлеп, жүні түскең кезде, мал қотырдан бірте-
бірте сауығып, саркоптоздың клиникалық белгілері жөнді байқалмайды. 
Бірақ бұл кезде Sarcoptes кенелері мүлдем жойылып кетпей дененің төменгі 


168 
жағындағы тері қатпарларында бірен-саран сақталуы мүмкін. Күзде 
кенелердің өсіп, өнуіне қолайлы жағдайлар туады, жауын-шашын 
молайғанда қотыр кенелері тез көбейіп, ауруды қайта қоздырады. 
Сондықтан қышыма қотырына қарсы бағытталған күзгі шараларды мұқият
және дер кезінде жүргізу қажет. 
Қора қабырғасында және оның ішіндегі жабдықтарда қалып қойған 
қышыма қотыр кенелері қоршаған ортада өсіп, өнбейді, тек тіршілік 
қабілетін 3 аптаға дейін сақтайды. 
Клиникалық белгілері. Қышыма қотырдың жасырын кезеңі 15-20 
күн. Саркоптоздың алғашқы Кдиникалық белгілері малдың басында, көз 
маңында, тұмсығында байқалады. Жылқы мен шошқаның алдымен 
мойнында, жауырынында, сонан соң төс жағына тарап және құйрығының 
түбіне жайылады. 
Түйенің қотырға мойны, сандарының ішкі жағы, бас терісі, аяқтарының 
жұлығы, бақайларының арасы шалдығады. Алғашқыда қотыр ошақтары 
қатты қышиды, сонан соң онда кішкене түйіншектер және іріңді бөртпелер 
пайда болады. Қышыған жерлерін мал қасиды, сондықтан зақымданған терісі 
жарылып кетеді. Терісі қатпарланып жүні түсіп қалады, мал арықтайды. 
Ірі қара мен қойда саркоптоз өте сирек кездеседі. Саркоптозға негізінен 
қойдың бас терісі, ал мүйізді қараның бас және мойын терісі шалдығады. 
Саркоптозды анықтау тәсілдері псороптоздағыдай. Бір ескертетін 
нәрсе Sarcoptes кенелері өте ұсақ және терінің ішін, яғни эпидермис 
қабатында мекеңдейді. Сондықтан теріден микроскопиялық зерттеу үшін 
қырынды алғанда, теріні қанды-сөл шыққанша тереңірек қыру керек. 
Саркоптоздың емі мен дауа шаралары да псороптоз ауруындағыдай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет