К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


 Саркоптоз (қышыма қотыр)



Pdf көрінісі
бет153/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

4.2 Саркоптоз (қышыма қотыр) 
 
Саркоптоз - қотыр ауруларының яғни саркөптоидоздардың бір түрі. 
Терінің жоғарғы эпидермис қабаты ішін мекеңдейтін, өте ұсақ Sarcoptes 
туысына жататын кенелер қоздыратын, теріні қышытып дерматитке 
айналдыратын инвазиялық ауру. 
Қоздырғышы. Бұл кенелер морфологиялық, яғни дене құрылысы 
жағынан бір-біріне өте ұқсас болғандығымен қатар, малдың әр түлігінде 
өзіне ғана тән түрлері мекең етеді. Sarcoptes туысынан жылқыда- S.equі, ірі 
қарада - S. bovіs, қойда - S. ovіs, түйеде - S.camelі, шошқада - S. suіs, итте - 
S.canіs түрлері кездеседі. Sarcoptes туысы Sarcoptіdae тұқымдасына жататын 
кенелер өте ұсақ. Пішіні дөңгеленген, тұмсығы таға тәрізді, кеміруге бейім. 
Дене тұрқы 0,2-0,5 мм. Аяқтары қысқа, табандарында қоңырау тәрізді 
жабысқақтары бар. Олар ұрғашы кенелердің бірінші және екінші жұп 
аяқтарында, ал еркек кенелердің бірінші, екінші және төртінші жұп 
аяқтарына орналасқан (16-сурет). 
Қоздырғышының 
даму 
биологиясы. 
Sarcoptes 
кенелерінің 
биологиясы да, яғни өсіп, өнуі де бір-біріне өте ұқсас. Кененің ұрықтанған 
ұрғашылары терінің эпидермис, яғни жоғарғы қабатынан ұзындығы 15 мм-
дей жол жасап, олардың әр қайсысының ішіне 2-8 - ден жұмыртқа салады.
Бір ұрғашы кене небары 40-60 - тай жұмыртқа салады.
Жұмыртқадан 3-6 күннен соң балаң кене шығады да, 3 - 4 күннен кейін 
бірінші нимфаға, ал тағы бір 3-7 күннен соң ол екінші нимфаға айналады. 
Соңғылар 2-3 күннен кейін ересек кенелерге, яғни имаго сатысына айналады. 
Терінің эпидермис астындағы қабатының көтеріліп өсуіне байланысты 
екінші, яғни телеонимфа тері үстіне шығып қалады. Мұнда еркек кенелермен 
шағылысқаннан кейін терінің басқа жеріне көшеді де, ұрғашы кенеге 


167 
28 сурет Қышыма кененің тері қабатына жұмыртқа салуы 
27 сурет Sarcoptes туыстығы қышыма кенесі 
айналғаннан кейін терінің эпидермис қабатын тесіп, салынған жолға 
жұмыртқалай бастайды. Sarcoptes кенелерінің толық өсіп, дамуына 15-19 
тәулік кетеді. 
Өзіне жайсыз қоршаған ортаға түсіп қалған кенелер өсіп, өнбейді. Олар 
ыстық-суықтықтың және ылғалдықтың өзгеруіне өте сезімтал болғандықтан 
15 тәуліктен соң-ақ қозғалымпаз қасиетін жоғалтып, жансызданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет