К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет160/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Клиникалық белгілері. Аурудың бірінші, ары қарайғы және тұрақты 
белгілері қышу болып табылады. Жануарлар қышыған бөліктерді аяқтарымен 
қасиды, тістерімен кеміреді, қатты заттарға уқаланады. Зақымдалу ошақтары 
«сойыс» бойынша - жабағыланған ылғалды жүнді бөліктерде жеңіл 
анықталады. Ары қарай жүн осындай бөліктерде, шашты буылтықтармен 
байланысын үзіп, жүн беткейінде байламдар түрінде жоғарлайды; ұстаған 
кезде олар жеңіл қабатталады және өздігінен түседі. Аурудың даму шамасы 
бойынша қышу аллергиялық сипатқа ие болуы мүмкін, және қойлар кене жоқ 
сау бөліктерді қасиды.Қышу түнде, жаңбырдан кейін және құбылмалы ауа 
райында күшейеді (149-сурет). Қарқынды зақымдалу кезінде, терде 
патологиялық өзгерісі бар кең жүнсіз бөліктері тұзіледі. Жануарлардың 


174 
жағыдайы нашарлайды, серпінді арықтау дамиды, және жеткіліксіз қоректену 
кезінде өлім түседі. Жазды қырқылған қойларда псороптозды үрдіс өшеді, 
тері патологиялық түзілулерден тазарады, жаңажүннің өсуі байқалады. 
Сауығу көріністері құрылады. Бірақ, осы уақыттарда да жануарлар қышуды 
сезінеді, әсіресе жаңбырдан кейін. Олар кене бүркемеленген жерлерді 
қасиды. Қышу біркелкі, қысқа уақыттық және тұрақты емес. Теріні 
жарақаттауға дейінгі қасу болмайды. 
Қозыларда псороптоз ақырын және әдеттегідей емес дамиды. Қысқа 
жүн, ауаның төменгі ылғалдылығы , күн сәулсінің сәулеленуі, терінің 
қарқынды өсуі – осының барлығы кнелердің дамуы үші қолайлы факторлар 
болып табылады .Қышу әлсіз білінеді. Зақымдалған ошақтардағы жүні 
шатасқан және дымқылданған болады. Тері тығызсыз және экссудативті 
қабықты болып сәл қабынады. Жүнсіз ошақар болмайды. Ауру, ждеген 
қозыларда аурудың белгілері 1,5-2 айлығында пайда болады және олар әлсіз 
көрінеді.
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Терінің патологиялық 
өзгерісі мальпиги қабатына дейін дистрофиялық өзгерістермен сипатталады. 
Эпидермис 
жасушалары 
қабатталған, 
гомогенезделген, 
жуандаған. 
Эпидермиске жабысып тұрған тері негізі ісікті, кей жерлерінде 
лейкоцттермен инфильтрирленген (көбінесе эозинофилдермен) және 
лимфоидты элементті болады, тамыр эндотелийлері десквамирленген.Майлы 
бездерде қоюланғанмайлар жиналады. Жасушалардағы шашты буылтығы 
шаштың түбіне серозды инфильтраттың жиналуы болатын дистрофиямен 
көрінеді. Генрализденген формасы кезінде (50 пайыз зақымдалғанда) 
бүйректердегі және бауырдағы өзгерісімн, өкпе эмфиземасы және ісігімен, 
миокард 
дистрофиясымен, 
васкулиттармен, 
эндартерииттермен, 
эозинофилиялармен сүйемелденетін гипоксия және токсемия дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет