К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Балау Эпизоотологиялық мәліметері, Клиникалық белгілері және тері  қырындысын микроскопиялық зерттеу нәтежиелері негізінде қойылады.  Емі



Pdf көрінісі
бет161/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Балау Эпизоотологиялық мәліметері, Клиникалық белгілері және тері 
қырындысын микроскопиялық зерттеу нәтежиелері негізінде қойылады. 
Емі. Басқада саркөптоизды аурулардағы секілді, қойлардың 
псороптозына қарсы негізгі өңдеу әдісі, тері қабатын толықтай акарицидті 
сұйықтықпен қанықтыру болып табылады. Ол үшін жануарларды акарицидті 
эмульсиялы ванналарға жуындырады. Инвазионды үрдіс таралу орнына және 
қарқындылығына тәуелсіз тоқталады, себебі жуындыру кезінде барлық тері 
қабаттарының жаппай дезакаризациясы қамтаммасыз етіледі. Ваннадағы 
жуындыру технологиясы келесідей жасалады: қойлардың аздаған тобын 
жуындыру алдындағы базадан ваннаға салаын қашаға айдайды. Жануарларды 
малтыту кезінде екі реттен кем емес басымен суға батырады. Ваннадан 
қойлар тұндырғыш аумаққа кіреді, оларды бұл жерден сұйықтықтың толық 
ағуына дейін ұстайды. 
Ең қиыны қойларды ваннаға айдауы. Әр түрлі тәсілдер мен 
мүмкіндіктрі, техникалық заттары белгілі. Сондықтанда, жуындыру 
қондырғысының қағидаттарын лақтыур жән батыру деп бөледі. Лақтыруға 
транспортерлер, итергіш қалқандар, еңкейтілген және жылжитын 
платформаларды жәнет.б қолданады. Батыру құрылғыларында қойлардың 


175 
тобын сарайларға айдайды және ваннаға салады, кейін көтереді және 
тұндырғыш қашаларға шығарады. Қойларды жуындыру үрдісінде ваннадағы 
акарицидті сұйықтық бұзылады, яғни, оларда жануарлардың жүнді-тері 
қабатындағы адсорбция есебінде әсер еткіш (ӘЗ) заттардың қасиеті 
төмендейді, сондай-ақ, рН өзгеріп, ластанады (сілтіліктің ұлғаюы). 
Сондықтан да, ӘЗ жоғалуын компенсациялау үшін және бастапқы деңгейінің 
концентрациясын ұстау үшін, ваннаға жуындыру үрдісінде қарастырылған 
сәйкес нұсқаулықтардағы әдістеме бойынша және мөлшері бойынша 
қосымша акарицидті препараттарды енгізеді. Пайдаланылған эмульсияны 
(қойларды жуындырғаннан кейінгі) ваннадан сіңіргіш құдыққа төгеді. 
Қойлармен бір уақытта табында бірге жүретін жұмысшы малдарды және 
иттерді өңдейді. Суық кездерде ауру жануарларды жуындыру жағыдайлары 
болмаған кезде дустотерапияны қолданады, жүйелік әсерлі акарицидтермен 
немесе аэрозольді баллондардағы препараттармен өңдейді. Дустармен 
өңдеуді желден қорғалған аумақта, бұлыңғы ауа райында – шатыр астында 
жүргізеді; бір қырқылмаған қойға 300 г дейін дуст кетіреді. Жүйелік әсерлі 
препараттарды тері асты инъекциясын жасап (ивомек, цидектин, аверсект 
және т.б) немесе омыртқа жотасының маңындағы теріге төгіп(себацил, 
эктопор, байтикол және т.б.) қолданады. Жылы ауа райының түсуімен, 
дустармен 
немесе 
аэрозольді 
препараттармен 
өңдеуге 
ұшыраған 
жануарларды қырқып болған соң ваннада өңдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет