77
орын үңгiр
қуысқа айналады, ұлпалар желiнiп кетедi. Ұлғайған ларвоциста
маңайдағы қан тамырларын қысқандықтан қан ағысы тоқталуы мүмкiн, ал өт
арнасының бiтелуінен iшекке өт құйылмайды.
Асқазан-iшектiң қызметi
әлсiрейдi, ас қорытылмайды. Өкпенiң бiрталай аймағы істен шығып, тыныс алу
әрекетiне қатыспайды. Түлiктiң өкпесi қысылып, тынысы тарылады. Денеге
эхинококк сұйық затының уыты да ықпал етедi.
Микробтар қосылып дерттi
онан сайын ушықтырып жiбередi. Залалданған ұлпалар мен мүшелер
жансызданады. Жануар әбден арықтап барып өледi.
Клиникалық белгiлерi. Эхинококкоз созылмалы түрде өтетiн дерт.
Аурудың бастапқы кезiнде оның клиникалық белгiлерi бiлiнбейдi. Клиникалық
көрiнiстерiнiң айқындала бастауы, өршуi көпiршiктiң санына,
аумағына және
малдың нақтылы ұлпасы мен мүшесiнiң зақымдануына тiкелей байланысты.
Бершiмiктер өкпеде дамыса, оның ауа тамырларын қысуынан жануардың күйi
төмендейдi, тынысы тарылып, жөтелi жиiлейдi. Аталған белгiлер мал қозғалған
не жүрген сайын үдей түседi. Өкпе тұсын тыңдаса, сау өкпеге сәйкес
везикулярлы тыныс алу бәсең бiлiнедi, ал перкуссия тәсiлiн қолданып, арнайы
балғашамен
ұрғылап тексергенде, ларвоциста жайғасқан өкпе тұсының
дыбысы күңгiрт естiледi. Мал бiрте-бiрте арықтап, майынан айырылып, әдетте
қыс айларында шығынға ұшырайды. Эхинококктер бауырға орналасқанда
малдың күйiс
қайыруы нашарлайды, ас қорытуы бұзылады, кейде iшi кебедi.
Ағза көлемi ұлғайғанда жануардың оң жақ қарыны шығыңқырап тұрады, бауыр
тұсын қолмен басса ауырсынады. Егер өкпедегi,
бауырдағы көпiршiктер
жарылып кетсе, мал көп кешiкпей өлiп қалады. Кейде цисталар құрсақ
қуысында, шажырқайда болса, буаз сиырлар iш тастауы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: