78
қара және ұсақ малдың эхинококкозын тірі кезінде балау үшін интрадермальды
Казони реакциясы қолданылады.
Аллерген ретінде эхинококк ларвоцисталарынан шыққан сұйықтық,
сколекс пен көпіршіктің қабығынан дайындалған
полисахаридті фракция
пайдаланылады, бірақ бұл аллерген басқа да ларвальды тениидоздарда оң
реакция береді.
Өлген малдың өлекселерін жарып-қарап,
оның ағзаларынан эхинококк
беріштерін іздестіреді. Бірақ, бірен-саран беріш табылған жағдайда, оларды мал
өлімінің себебі деп санауға болмайды. Мал эхинококкоздан тек, онымен қатты
зақымданғанда ғана өлімге ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: