К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет76/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Клиникалық белгiлерi. П.П.Вибе (1970) авителлиноздың клиникалық 
белгiлерiн екi түрге бөлiп көрсетедi. 
Субклиникалық (бiлiнбейтiн) түрi. Паразиттiң өсiп дамуына 
байланысты, ас қорыту жүйесiнiң бұзылуы айқын аңғарылады, малдың күйiс 
қайыруы тоқтайды, iшектiң жиырылып-созылуы күшейедi, нәжiсi сұйылып, 
шырыш араласып шығуы байқалады. Таспаның пiсiлiп-жетiлген бунақтары 
клиникалыққы ортаға нәжiспен бiрге шығады. 
Жiтi түрi. Ауруға шалдыққан қой отар соңында қала бередi, 
жайылмайды, су iшпейдi. Бағытсыз тәлтiректеп жүрiп, басын, кеудесiн бiр затқа 
тiреп ұзақ тұрады. Көзiнiң кiлегей қабығы қанталайды. Жүйке жүйелерiнiң 
бұзылуы салдарынан оқыс қимыл, жата берушiлiк, басын әр жаққа сiлкiлей 
беру, көз қарашығының ұлғаюы, тiсiн қайрап демiгуi, бұлшық еттерiнiң 
дiрiлдеуi, құлап жатып аяқтарын сермей беруi жиiлейдi. Ауру 6 сағатқа, кейде 
бiр тәулiкке дейiн созылады, ақыры мал өлiп тынады. 
Патологиялық анатомиялық өзгерістері. Авителлиноздан өлген қойды 
жарып қарағанда, ащы iшектiң iшкi қабатының iсiнiп қанталағанын және iшек 
iшiнен құрттарды көруге болады. 
Балау. Эпизотологиялық, клиникалық деректерге сүйеніп және 
диагностикалық дегельминтизация, гельминтоскопия нәтижесінде нәжісте 
авителлинаның апныйн дәніндей ақ түсті ересек буынаяқтарын табу негізінде 
қойылады.
Мал өлексесін сойғанда ащы ішектің катаральдық қабынуы, оның 
шырынды қабатында қан құйылған нүктелер және авителлиналар табылады.
Емі. Емдеуі мониезиоздағымен бірдей
Алдын алу шаралары. Аурудың алдын алу малды толық қоректі 
азықтандыру, тиімді препараттармен (мониезиоздағыдай) үш қайтара 
дегельминтизациялау.
2.27 Нематодалар және нематодоздар 
Нематодаларда негізінен ұзынша ұршық тәрізді денесі болады. 
Нематодалардың ұзындығы 1 миллиметрден 1 метрге дейін болады. 
Клиникалықынан нематоданың денесі кутикуламен қапталған, оның астынғы 
эпителиальді және бүлшықетті қабаттары тері-бүлшық қапшықты құрайды, 


88 
соның қуысында барлық ішкі мүшелері орналасады. Кутикуланың беті тегіс 
емес, әртүрлі бағытты сызықтар білінеді, нематодалардың кейбір түрлерінде 
кутикулярлы қосымшалар болады, солар арқылы бекітіледі. 
Нематодалар – бөлек жынысты гельминттер. Аталықтар аналықтармен 
салыстырғанда, ереже түрінде, кішкентай болады. Жұмыр құрттар имаго және 
дернәсіл сатыларында өз иелерінің әртүрлі мүшелерінде және ұлпаларында 
мекеңдейді. Оларда төрт: жүйке, бөлу (экскреторлық), асқорыту және жыныс 
жүйесі болады.Жүйке жүйесі құрделі және көп санды ганглийлардан турады, 
өңештің манында жүйке сакинасын құрайды, сол жерден алға және артқа қарай 
жүйке бағанасы басталады.Бөлу (экскреторлық) жүйесі дененің артқы жағында 
екі латеральді каналдардарымен білінеді және вентральді бетінде экскреторлық 
тесікпен бітеді. 
Асқорыту жүйесі өңештен, ол ауыз тесігімен басталады және дененің 
бойына созылған ұзын ішектен тұрады, ішек анус пен бітеді. 
Нематодалардың мөлшері, пішіні, еріндердің саны әртүрлі: аскаридата 
тұқымдасында үш ерін, ал спирурата тұқымдасында екі ерін болады. Кейбір 
гельминттерде ерін бүкіл болмайды, ал ауыз тесігі сезімдік емізіктермен 
қапталған (стронгилята, филяриата). Ауыз тесігі ауыз қуысына ашылады, онын 
ішінде кескіш пластинкалары мен тістері болады. Әртүрлі нематода өңешінің 
пішінінде және құрылысында айырмашылығы бар. Өңештің артқы жағында 
шар тәрізді кенею – бульбус болады. 
Аталықпен аналықтың жыныс жүйесі трубка тәрізді. Аналық жыныс 
мүшелері екі иілінген жұмыртқалықты екі жатырмен трубка тәрізді 
яйцепроводпен бірлестіреді. Шағылысқан жұмыртқалар жатырға түседі, соның 
ішінде жұмыртқаның қабығы құрылады да эмбрион дамиды. Жатыр вагина мен 
бірігеді. Вульва дененің алдынғы, ортанғы немесе артқы жағында ашылады. 
Аталықтың жыныс жүйесі бір енімен (жінішке иілген трубка). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет