Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



бет7/9
Дата09.06.2016
өлшемі3.8 Mb.
#123846
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1;

  • - шеңбер;

  • Қасиеттер панелінен Осьтерімен кнопкасын таңдаңыз;

  • Шеңбердің центрін көрсетіңіз;

  • Радиусы 70 мм болатын шеңбер тұрғызыңыз;

  • -Команданы тоқтату кнопкасын басыңыз;

  • Шеңберді 8 бірдей бөлікке бөліңіз (бөлудің бірініш нүктесі ретінде – шеңбер мен оның вертикаль осінің жоғарғы қиылысу нүктесін алыңыз);

  • Белгіленген нүктелерді объектіні үздіксіз енгізу арқылы бір-бірімен қосыңыз;



    • - Көмекші түзу. Квадраттың диагональдарын жүргізе отырып, бірінші және екінші нүктелерді көрсетіңіз. Ең жақын нүкте (ближайшая точка) глобалды бекіту орнайды;

    • Объектіні үздіксіз енгізу арқылы ромб мен көмекші түзу сызықтарының қиылысу нүктелерін қосыңыз;



    • Квадрат пен оның симметрия осьтерінің қиылысу нүктелерін қосыңыз, ол үшін Объектіні үздіксіз енгізуді қолданыңыз;



    • Редактирование Қисықты қиып тастау (Усечь кривую). Көмекші сызықтардан басқа, кез-келген геометриялық объектіні қиып тастауға болады. Үнсіз келісім бойынша, курсор тұрған аймақ қиып алынады. Қасиеттер панелінде Көрсетілген аймақты жою қосқышы белсенді болып тұрады.



    • Өңделетін аймақты ЛКМ арқылы көрсетіңіз, сонда қажетсіз аймақ жойылады;



    • Суретте көрсетілгендей, барлық қажетсіз аймақтарды өшіріңіз. Егер қателессеңіз бірден Болдырмау кнопкасын қолданыңыз.

    2. Көмекші түзулерді жою.

    • Жоғарыдағы амалдарды қолданып, көмекші түзулерді де жоюға болады;

    3. Объектіні жою.

    Алынған бейнені сақтаңыз. Файл – Сохранить как.

    Кескіндерді көрнекі болу үшін, кейде олардың кейбір бөліктерін бояйды.

    Жоғарыдағы салынған бейнеге (орнамент) кейбір бөліктерін бояу амалдарын орындап көрейік.



    • Ол үшін Мәзір қатарынан Инструменты- Заливка командасын орындаңыз;

    • Қасиеттер панелінде Тип өрісіне басыңыз. Экранда Тип диалог терезесі ашылады. Біртүсті таңдаңыз.



    • Қасиеттер панелінде Түс өрісіне басыңыз. Түстерді таңдау терезесі ашылады. Қажетті түсті таңдаңыз.

    • Боялатын аймақты ЛКМ арқылы көрсетіңіз. Жүйе автоматты түрде жақын қабырғаларды анықтап, пайда болған аймақты бояйды.




    • Егер бояу аймағы дұрыс берілген болса, онда Арнайы басқару панелінде Объект жасау кнопкасына басыңыз;

    • Басқа түс таңдаңыз да орнаментіңізді әрі қарай бояңыз.

    Егер боялатын аймақты көрсеткеннен кейін, ол боялмай жатса, онда бұл объектіні геометриялық тұрғызу кезіндегі қателіктерден болуы мүмкін. Көбіне, детальді салу кезінде, оның контуры үзілуі мүмкін. Бұл жағдайда геометриялық тұрғызуды дұрыстап өңдеп, бояуды қайта орындау керек.


    Тапсырма.

    1. үлгідегідей орнамент салыңыз және оны сақтаңыз. Радиусы 50 мм шеңберді қолданыңыз. Берілген орнаментті бояңыз.

    2. жазық детальдің кескінін салыңыз:


    Қолданылған әдебиеттер:


    1. КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.

    2. Сәйкес интернет ресурстар


    8 тақырып. Жазық детальдардың кескіндерін салу.

    Сызуда бір сызықтың екінші сызыққа біртіндеп өтуін түйісу деп атайды. Түйісуді тұрғызу үшін мына элементтер болуы қажет: түйісу радиусы, түйісу доғасының центрі, түйісу нүктесі.



    1. Радиусы берілген доғамен қиылысатын екі түзудің түйісуі.

    • КОМПАС программасын іске қосыңыз;

    • Фрагмент құжатын ашыңыз;

    • Геометрия құралдар панелі;

    • Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1

    • Геометрия құралдар панеліндегі Объектіні үздіксіз енгізу - командасы арқылы төмендегі сызуды орындаңыз;



    • Дөңгелектендіру - (скругление) ;

    • Қасиеттер панеліндегі сәйкес өрісте дөңгелектену (скругление) радиусын 15 мм енгізіңіз;

    • Үнсіз келісім бойынша Қасиеттер панеліндегі Элемент1 және Элемент 2 топтарында Элементті қиып алу қосқышы белсенді болады. Яғни, дөңгелектендірілгеннен кейін қалған бөліктері автоматты жойылып кетеді.

    • Араларында дөңгелектендіру орындалатын екі объектті көрсетіңіз. Жүйе, бір-бірімен тік бұрышпен қиылысқан екі түзудің арасын автоматты түрде дөңгелектеп қосады;

    • Басқа бұрыштардың түйісулерін орындап шығыңыз;




    1. Шеңбер мен түзудің түйісуі.

    • Фрагмент құжатын ашыңыз;

    • Геометрия құралдар панелі;

    • Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1;

    • Радиусы 30 мм болатын шеңбер осьтерімен және кез-келген ұзындықтағы кесінді тұрғызыңыз;



    • Дөңгелектендіру - (скругление) ;

    • Қасиеттер панеліндегі сәйкес өрісте дөңгелектену (скругление) радиусын 15 мм енгізіңіз;

    • Араларында дөңгелектендіру орындалатын екі объектті көрсетіңіз (кесінді мен шеңбердің оң жақ бөлігін);

    • Болдырмау кнопкасын қолданыңыз;

    • Араларында дөңгелектендіру орындалатын екі объектті көрсетіңіз (кесінді мен шеңбердің оң жақ бөлігін);



    1. Екі шеңбердің түйісуі.

    Екі шеңбердің түйісуі сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы түйісуде бұл щеңберлердің центрлері түйісу доғасын тыс жатады. Ал, ішкі түйісуде – түйісу доғасының ішінде жатады.

    • Фрагмент құжатын ашыңыз;

    • Геометрия құралдар панелі;

    • Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1;

    • Радиусы 30 мм және 20 мм болатын екі шеңбер осьтерімен тұрғызыңыз;

    • Дөңгелектендіру - (скругление) ;

    • Қасиеттер панеліндегі сәйкес өрісте дөңгелектену (скругление) радиусын 40 мм енгізіңіз;

    • Араларында дөңгелектендіру орындалатын екі объектті көрсетіңіз;

    • Жүйе автоматты түрде сыртқы түйісуді орындады;



    • Болдырмау кнопкасын қолданыңыз;

    • Қасиеттер панеліндегі сәйкес өрісте дөңгелектену (скругление) радиусын 100 мм енгізіңіз;

    • Араларында дөңгелектендіру орындалатын екі объектті көрсетіңіз;

    • Жүйе автоматты түрде ішкі түйісуді орындады.



    1. Түйісу элементтері бар жазық детальдің кескінін тұрғызу.

    Түйісу элементтері бар жазық детальдің кескінін тұрғызудың алгоритмін қарастырайық.



    • Фрагмент құжатын ашыңыз;

    • Геометрия құралдар панелі;

    • Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1;

    • Геометрия құралдар панеліндегі Объектіні үздіксіз енгізу - командасы;

    • Ағымдағы күй панеліндегі - Ортогональ сызу;

    • Кесіндінің бірінші нүктесін көрсетіңіз (симметрияның горизонталь осі мен оң жақтағы шеңбердің қиылысу нүтесі). Ең жақын нүкте (ближайшая точка) глобалды бекіту орындалады;

    • Ұзындығы 108 мм болатын вертикаль кесінді салыңыз;

    • Ұзындығы 36 мм (шеңбердің радиусы 18 мм болғандықтан) болатын кесіндіні горизонталь солға қарай салыңыз;

    • Шеңберге дейін вертикаль жоғарыға қарай кесінді салыңыз. Глобалды бекіту Қиылысу (пересечение) орындалады;

    • Көмекші түзу кнопкасын басқанда ашылатын кеңейтілген командалар панеліндегі Параллель түзулер арқылы екінші шеңбердің центрін тауып алыңыз. Бірінші шеңбердің радиусы 30 мм (Ø - 60 мм), екінші шеңбердің радиусы 20 мм (Ø - 60 мм), олар симметрия осьтерінің қиылысуының жоғарғы нүктесінде жанасады, демек, центрлерінің арасындағы қашықтықты оңай табуға болады: 30-20=10 мм. Осылайша, горизонталь симметрия осін көрсетіңіз және оған 10 мм қашықтықта параллель түзу салыңыз. Жоғарғы түзуді ғана бекітіңіз;

    • Радиусы 20 мм шеңбер салыңыз. Вертикаль симметрия осі мен горизонталь түзудің қиылысу центрін орнатыңыз;

    • Көмекші түзулерді өшіріңіз;

    • Қисық бойымен нүктелер (точки по кривой) - ;

    • Қасиеттер панеліндегі Қисықтағы аймақтар саны өрісінде 6 орнатыңыз;

    • Шеңберді 6 бөлікке бөліңіз. Бөлудің бас нүктесі ретінде шеңбер мен вертикаль симметрия осінің қиылысуының жоғарғы нүктесі болсын;

    • Объектті үздіксіз енгізу арқылы нүктелерді қосыңыз;

    • Кесінді - Ортогональ сызу орнатыңыз. Кесіндіні екі жағынан да вертикаль жоғары қарай, радиусы 30 мм шеңбермен қиылысқанша жалғастырыңыз.

    • -Команданы тоқтату кнопкасын басыңыз;

    • Радиусы 20 мм шеңберге ЛКМ шертіп <delete> басыңыз.

    • Редактирование - Қисықты қиып алу (Усечь кривую) командасын орындаңыз;

    • Шеңбердің қажетсі бөлігін өшіріңіз;



    • Геометрия - Дөңгелектеу командасы;

    • Дөңгелектеу радиусын Қасиеттер панеліндегі сәйкес өрісте 12 мм енгізіңіз;

    • Дөңгелектеу орындалатын екі объектті көрсетіңіз;

    • Түзу бұрыштарда радиусы 18 мм түйісулерді (сопряжение) орнатыңыз;



    Тапсырма.

    1. Жазық детальдің кескінін салыңыз.

    Қолданылған әдебиеттер:



    1. КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.

    2. Сәйкес интернет ресурстар


    9 тақырып. Симметрия осі бойымен қиылған бейненің берілген жарты бөлігі арқылы жазық бөліктің сызуын тұрғызу.

    Сызу жұмыстарының көбінде детальдар симметриялы болып келеді. Мысалы, горизоталь, вертикаль немесе қиғаш симметрия оьтеріне қатысты. Мұндайда конструктор бір элементті жақсылап сызып алып, қалған симметриялы аймақтарын симметрия командасы арқылы орындай алады.

    Төмендегі суретте деталь бейнесінің жартысы ғана берілген. Детальдің симметрия осі арқылы бөлінген бір бөлігін ғана саламыз. Деталь элементтерінің өлшемдері де тек осы симметрия осіне дейінгі бөліктікі ғана, және олар нұсқауыштың бір жағымен ғана шектелген, бірақ өлшемдері толық жазылып тұр (детальдың жалпы ұзындығы 80 мм, тесіктердің центрлерінің арақашықтығы 40мм және т.б.).

    Симметриялы бейнелерді тұрғызғандағы негізгі бағдарымыз симметрия осі болып келеді. Сондықтан, сызбаны осыдан бастаған дұрыс:



    • Фрагмент құжатын ашыңыз;

    • Геометрия құралдар панелі;

    • Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1;

    • Кесінді командасы арқылы сызық типі Осьтік орнатып, ұзындығы 40 мм болатын вертикаль кесінді салыңыз;

    • Сызықтың стилін Негізгіге ауыстырыңыз;

    • Объектті үздіксіз енгізу және ортогональ сызу арқылы үш кесінді салыңыз: ұзындығы 40 мм (детальдың жалпы ұзындығы 80 мм болғандықтан), 70 мм және 15 мм (40-25);

    • -Команданы тоқтату кнопкасын басыңыз;

    • Объектіні үздіксіз енгізу арқылы ұзындығы 10 мм болатын кесіндіні, симметрия осінің жоғарғы нүктесінен солға қарай салыңыз;

    • Ортогональ сызуды сөндіріп, қиғаш кесінді салыңыз. Ең жақын нүкте (ближайшая точка) глобалды бекіту орнайды;

    • -Команданы тоқтату кнопкасын басыңыз;

    • Параллель түзулер көмегімен шеңбердің центрінің орнын тауып алыңыз. Ол үшін төменгі горизонталь кесіндіден жоғары қарай 15 мм, ал симметрия осінен 20 мм орнатыңыз да, осьтің сол жағындағы түзуді бекітіңіз;

    • Түзу сызықтардың қиылысқан жерінде радиусы 7,5 мм болатын шеңбер салыңыз;

    • Көмекші түзулерді өшіріңіз;



    • Детальдің толық бейнесін салу үшін компактная панелінен ВыделениеВыделить рамкой командасын орындау керек. Тұрғызылған бейнені жақтауға алыңыз. Ерекшеленген элемент түсін өзгертеді;

    • Редактирование – Симмметрия;

    • Симметрия осінің бірінші нүктесін көрсетіңіз;

    • Симметрия осінің екінші нүктесін көрсетіңіз;

    • -Команданы тоқтату кнопкасын басыңыз;

    • Ерекшелеуді алып тастау үшін экранға ЛКМ басу жеткілікті;

    Симметрия командасын орындау конструктор тұрғысынан шығармашылықты талап етеді. Тіпті дәл симметриялық кострукциялардың өзінде, толығымен сызып алуға ыңғайлы элементтер болады (мысалы, центрі симметрия осінде жататын шеңбер).

    Тапсырма.


    1. Детальдардың симметрия осімен бөлініп берілген жарты бейнесі арқылы осы детальдың кескінін тұрғызыңыз:

    Қолданылған әдебиеттер:



    1. КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.

    2. Сәйкес интернет ресурстар


    10 тақырып. Үш стандартты көріністі жасау.

    Көрініс – заттың бетінің қарап отырған адамға көрінетін бөлігінің бейнесі.

    Негізгі алты проекциялау жазықтығына затты проекциялау арқылы негізгі көріністі алады. ҚҚБЖ бойынша келесі негізгі көріністерді ажыратады:



    • Алдынан қараған көрініс 1 (заттың формасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беретін басты түр);

    • Үстінен қараған көрініс 2;

    • Сол жағынан қараған көрініс 3;

    • Оң жағынан қараған көрініс 4;

    • Астынан қараған көрініс 5;

    • Артынан қараған көрініс 6 (оң жағынан түрін солға қарай бұру арқылы көрсетуге де болады).

    Үш көрінісі (басты, жоғарыдан, сол жағынан) арқылы ұсынылған кескін, көп жағдайда детальдің конструкциясы мен оның геометриялық формасы туралы толық мәлімет береді және кешенді сызба деп аталады.

    Сызбадағы барлық көріністер проекциялық байланыста болады.

    Төменде берілген детальді мысалға ала отырып, стандартты үш көріністі жасау процесін қарастырайық.



    КОМПАC 3D жүйесінде стандартты үш көріністі салудың екі жолы бар:



    1. Фрагмент құжатында;

    2. Чертеж құжатында.


    1.Фрагмент құжатында үш стандартты көріністі жасау.

    • Фрагмент құжатын ашыңыз;

    • Геометрия құралдар панелі;

    • Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1;

    • Объектті үздіксіз енгізу және ортогональ сызу арқылы детальдың контурын жоғарыдан салыңыз да оны сол жақ төменгі бұрышта орнатыңыз. Ол үшін кесінділер салыңыз: ұзындығы 100 мм, 50 мм, 100 мм, 15 мм ((50-20)/2), 30 мм, 20 мм, 30 мм, 15 мм (төмендегі суреттегідей);

    • Кесінді командасынан сызық типін Осьтік орнатып, Ортасы (середина) глобалды бекіту арқылы горизонталь симметрия осін салыңыз;

    • Сызықтың стилін Негізгіге ауыстырыңыз;

    • Параллель түзулер көмегімен шеңбер центрінің орнын анықтап салыңыз: сол жағынан 15 мм, оң жағынан 40 мм қалдырып.

    • Оң жағынан Осімен радиустары 15 мм және 20 мм болатын екі шеңбер орнатыңыз;

    • Параллель түзулер көмегімен диаметрі 10 мм тесіктердің көрінбейтін контурларының орындарын тауып алыңыз (разведите на 5 мм);

    • Диаметрі 10 мм тесіктердің көрінбейтін контурларының кесіндідегі сызық стилін Штрихталғанға өзгертіңіз;

    • Осы тесіктердің осьтік сызықтарын кесінді арқылы орнатып, сызық стилін Осьтік қойыңыз. Сызықтардың стилін қайтадан Негізгіге ауыстыруды ұмытпаңыз;




    • Басты көріністі тұрғызу үшін, үстінен қараған көрініс контурының әрбір нүктесінен проекциялық байланыс жүргізіңіз ( Параллель түзулер кеңейтілген командалар панеліндегі Вертикаль түзу);

    • - тікбұрыш көмегімен басты көрініс детальдарының негізін (основание) қалап алыңыз (биіктігі 20 мм, ені 100 мм) да, Осі жоқ орнатыңыз және оны үстінен қарағандағы көріністің үстіне орнатыңыз;

    • ( Параллель түзулер көмегімен диаметрі 10 мм шеңбердің орнын табыңыз (горизонталь түзуден 10 мм қашықтықта ажыратып, детальдің бейнесінде орналасқан түзуді бекітіңіз);

    • Диаметрі 5 мм болатын Осьтерімен шеңбер тұрғызыңыз;

    • Объектті үздіксіз енгізу, ортогональ сызу және Қиылысу бекітуін қолданып, диаметрі 40 болатын цилиндрдің проекциясын салыңыз: бір бірінен 20 мм қашықтықта орналасқан, ұзындықтары 20 мм және 40 мм кесінділер арқылы;




    • Диаметрі 30 мм тесіктің көрінбейтін контурын кесінді арқылы салып алыңыз, сызық стилі Штрихталған болсын;

    • Кесінді көмегімен (сызық стилі Штрихталған) тікбұрышының проекциясын салыңыз, Қиылысу (пересечение) бекітуін орнатыңыз;

    • Берілген цилиндрлік тесіктің осьтік сызығын кесінді көмегімен салыңыз да, сызық стилін осьтік орнатыңыз. Сызықтың стилін қайтадан Негізгі орнатуды ұмытпаңыз;

    • Сол жағынан қараған көріністі салу үшін, басты көріністің барлық нүктесінен проекциялық байланыстар жүргізіңіз жүргізіңіз ( Параллель түзулер кеңейтілген командалар панеліндегі Вертикаль түзу);

    • Тікбұрыштар көмегімен сол жағынан қараған көріністің негізгі детальдарын салыңыз: Осі жоқ, басты көріністің оң жағына орнатыңыз. Тұрғызуды төменнен жоғары қарай салыңыз;

    • Деталь сол жағынан симметриялы. Кесінді көмегімен глобалды бекіту Ортасы (середина) болатын осьтік симметрия салыңыз. Сызықтың стилін қайтадан Негізгіге өзгертуді ұмытпаңыз;

    • Параллель түзулер көмегімен диаметрі 40мм цилиндрдің және диаметрі 30 мм болатын тесіктің проекцияларының орнын анықтап алыңыз (осьтік сызықтан 20 мм және 15 мм жылжытыңыз да, екі жағындағы сызықты да бекітіңіз);

    • Объектті үздіксіз енгізу және ортогональ сызу арқылы Қиылысу бекітуін орнатып, диаметрі 40 ммм болатын цилиндрдің проекциясын салыңыз;






    • Ø=30 тесіктің көрінбейтін контурын кесіндімен салыңыз, сызық стилін Штрихталған орнатыңыз. Сызық стилін қайтадан негізгіге ауыстырыңыз;

    • Параллель түзулер көмегімен тікбұрышты паздың проекцисының орнын анықтаңыз да, оны табанының сол жағына орнатыңыз (осьтік сызықтан 10 мм аралықта, екі жағындағы сызықты да бекітіңіз);

    • Кесінді көмегімен тікбұрышты паздың проекциясын салыңыз, Қиылысу бекітуін орнатыңыз;

    • Ø=10 тесіктің көрінбейтін контурын салыңдыр;

    • Кесінді арқылы осы тесіктердің осьтік сызықтарын жүргізіңдер (сызық стилі Осьтік), қайтадан Негізгі сызық стилін орнатуды ұмытпаңыз;

    • Мәзір – Редактор – Жою – Көмекші қисықтар мен нүктелер;

    • Салынған кескінді өз папкаңызда Кескін деген атпен сақтаңыз.

    2.Чертеж құжатында үш стандартты (ассоциативтік) көріністерді салу.

    Ассоциативтік көріністербұл, 3D моделімен ассоциативті байланысқан, көріністің түрі. Модельдің формасын және өлшемдерін өзгерткенде, онымен байланыстағы барлық ассоциативтік көріністердегі бейнелері де өзгереді.

    Чертеж құжатында үш стандартты (ассоциативтік) көріністерді салу үшін берілген детальдің үшөлшемді моделін жасау керек:



    • Деталь құжатын таңдаңыз;

    • Тұрғызу ағашында ЛКМ басу арқылы ZX Жазықтығын көрсетіңіз;

    • Бағдар Нормально к...

    • Эскиз - ;

    • Геометрия құралдар панелі;


    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет