Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


Спецификациялар жобалау жүйесі



бет5/9
Дата09.06.2016
өлшемі3.8 Mb.
#123846
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Спецификациялар жобалау жүйесі түрлі спецификациялар, ведомостар, кесте түріндегі басқа құжаттар жасауға мүмкіншілік береді.

Спецификация құрастыру сызбасымен (оның бір не бірнеше бетімен) және құрастырудың үш өлшемді үлгімен ассоциациялық байланыста болуы мүмкін.

Деректерді сызбадан не үлгіден спецификацияға әлде спецификациядан оған қосылған құжаттарға автоматты түрде беруі мүмкін. Құрастыру сызбасынан спецификацияға құрастырудың тиісті компонентерінің кескіндері орналасқан аймақтардың нөмірлері беріледі. Бөлшектер мен құрастыру бірліктерінің үлгілерінен спецификацияға атауы, белгілеуі, массасы т.б. дерек беріледі.

Егер құрастыру сызбасына стандартты элементтерінің кескіндері қолданбалы кітапханадан берілсе, сонда олар туралы ақпарат спецификацияға беріледі.

Спецификациялар жобалау жүйесі тараулар мен бөлімдер толтыруды және олар ішінде жолдарды стандартты түрде сұрыптауды ұстап тұрады. Жолдар реттеу ережелері үндемеу бойынша (по умолчанию) стандартқа сай келеді, алайда қажеттілігіне қарай пайдаланушымен өзгертіле алады.

Параметрлер мен жөнге салулардың (настройки) әр түрлілігі, әсіресе пайдаланушы бланктерді қолдануы спецификациядан басқа құжаттарды стандартқа тиісті етіп құруға мүмкіндік береді. Спецификациялар дайындау модулінің механизмдері түрлі ведомостармен, тізімдермен, каталогтармен жұмыс істеуге жарайды: жолдарын номерлеу, сұрыптау, басқа құжаттармен және графикалық объекттермен байланыстыру мүмкін. Спецификацияның түрлі жөнге салуларын үйлестіріп спецификациялар ведомосін, сілтеме құжаттардың ведомосін, сатып алынатын бұйымдар ведомостарын, қосылыстар кестелерін, өзгертулер тіркейтін қағаздар мен басқа құжаттар істеуге болады.

Конструкторлық-технологиялық есептердің бірталайы бөлшектер мен құрастыру бірліктерін олардың геометриялық көрсеткіштері арқылы жіктеуді керек қылады. Жобаланып отырған бөлшекке тез және бір мәнді код беру үшін конструкторлық құжаттар бірынғай жүйесінің (КҚБЖ-нің) топтастырушы (классификатор) сараптау жүйесі болып табылады. Ол векторлы кескіндердің бірегей дерек базасын ұстап тұрады – 8000 астам машина жасау бөлшектерінің эскиздері (71 кластан 75 класқа дейін). Код беру үшін конструкторға бөлшек геометрия жөнінде тек бес сұраққа жауап беру және ұсынған эскиздер қарап шығу жеткілікті. Сондай-ақ геометриялық белгілер жағынан эскиздерді айқын емес іздеу тәртібі бар.

Белгіленген код типтік конструкторлық-технологиялық жоба шешімдерін негіздеп ауыстырып алу үшін қолданады.

КҚБЖ-нің топтастырушы КОМПАС-График жүйесімен үйлестірілген. Бұдан басқа, ол дербес қосымша ретінде пайдалана алады немесе СОМ-серверінің жұмысын қолдайтын кез келген АЖЖ-мен байланыса алады.
Қолданылған әдебиеттер:

1. КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.

2. Большаков В.П. Инженерная и компьютерная графика: Практикум. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004.

3. «САПР и графика» журналы, 2006-20012 жылдар.


8 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

 1 тақырып. Жобалау-конструкторлық жұмыстарды автоматтандыруға арналған компьютерлік бағдарламалар.



Кіріспе

КОМПАС-3D жүйесі әртүрлі салалардағы жобалау-конструкторлық жұмыстарды автоматтандыруға және үшөлшемді параметрлік детальдарды жасауға арналған.



  1. КОМПАС-3D жүйесінде жасауға болатын құжаттардың типтері.

Үшөлшемді модельдер

Деталь – біртекті материалдан жасалатын және жинау амалдары қолданылмайтын, бұйымның моделі. Кеңейтілуі m3d.

Жинақтау (сборка) – өзара орналасуы алдын ала берілген бірнеше детальдардан тұратын, бұйымның моделі. Кеңейтілуі а3d.

Сызба құжаттары

Кескін (чертеж) – бұйымның сызбалық бейнесін, негізгі жазуларды және жақтауларды қамтиды. Онда безендірудің қосымша объектілері – техникалық талаптар, көрсетілмеген бедрлер және т.б. болуы мүмкін. Кеңейтілуі cdw.

Фрагмент – сызба құжатының көмекші типі. Фрагменттің кескіннен айырмашылығы, онда жақтаулар, негізгі жазулар және де басқа құжатты безендіру объектілері болмайды. Кеңейтілуі frw.

Мәтіндік құжаттар

Спецификация – жинақталған бұйымның құрамы туралы ақпарат кесте түрінде ұсынылған құжат. Спецификация жақтаулармен және негізгі жазулармен безендіріледі. Кеңейтілуі spw.

Мәтіндік құжат – басым бөлігі мәтіндік ақпаратты қамтитын құжат. Кеңейтілуі кdw.
2 Жүйенің интерфейсі

КОМПАС жүйесін өзіңізге белгілі кез келген жолмен іске қосыңыз. Іске қосқаннан кейін экранда жүйенің басты терезесі ашылады



.


Аталуы

Сипаттамасы

Басты мәзір

Жүйе командаларын шақырады. Парақтың аты жазылады.

Құрал-саймандар панелі

Жүйе командаларын шақыру кнопкалары орналасады.

Компакт панелі

Бірнеше құралдар панелін және олардың арасында алмасу кнопкаларын қамтиды.

Қасиеттер панелі

Объектіні жасау немесе редактірлеу кезінде баптау үшін қызмет етеді.

Хабаламалар қатары

Жұмыс терезесінің курсор тұрған элементіне немесе ағымдағы командаға қатысты жүйенің хабарламаларын көрсетеді.

Арнайы басқару панелі

Объектіні жасау, базалық объектіні таңдау, объектіні автоматты жасау сияқты арнайы іс-әрекеттерді орындауға арналған кнопкаларды қамтиды.

Тұрғызу ағашы

Модельдің (кескіннің) жасалу ретін және оның элементтерінің арасындағы байланыстарды көрсетіп тұрады.

Экрандағы элементтерді қосу және өшіру командалары Вид Панели инструментов мәзірінде орналасқан.



3 Құжаттың терезеде бейнеленуін басқару

Компас жүйесі бейнені экранда жылжытуға және масштабтарын өзгертуге арналған құралдардың көп жиынтығын ұсынады. Бір ескеретіні, бейненің масштабын өзгерту объектінің нақты өлшемдеріне ешқандай әсер етпейді.


Масштабты үлкейту;

Масштабты кішірейту;
Бейненің қажетті аймағының масштабын үлкейту.
Масштабты жақтаумен үлкейту

масштабты баяу өзгерту. Приблизить/отдалить
құжатты толық көрсету. Показать все.

Бейнені жалжыту. Сдвинуть


Бейнені жаңарту.
Тапсырма.

  1. Жүйе интерфейсімен танысу.

  2. Терезенің элементтерін зерттеу.

  3. Кез-келген сызуларды салып, олардың терезеде бейнеленуін басқару кнопкаларымен жұмыс істеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. КОМПАС-3D жүйесінде жасауға болатын құжаттардың типтері

  2. Үшөлшемді модельдер: детальдар, жинақтаулар.

  3. Сызба құжаттары: кескін, фрагмент.

  4. Мәтіндік құжат, спецификация.

  5. Жүйенің интерфейсі.

  6. Бейненің экрандағы масштабтарын тағайындау.


Қолданылатын әдебиеттер:

  1. КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.

  2. Сәйкес интернет ресурстар


2 тақырып. ҚҚБЖ стандарттары. Сызбаны безендірудің жалпы ережелері

«Инженерлік сызба» курсын меңгеріп, графикалық тапсырмалар мен сызбаларды орындау үшін, оларды орындаудың ережелерін білу қажет.

Сызбаларды орындаудың ережелері машина жасау және техникалық сызбалар анықтамасында берілген. Тақырып бойынша толық мағлұмат алу үшін ұсынылған әдебиеттерді пайдалану керек.

Пішімдер

Негізгі пішімдер өлшемдері 1.1. кестеде көрсетілген.




Пішімдердің белгіленуі

А4

А3

А2

А1

А0

Пішім қабырғаларының өлшемдері, мм.

210х297

297х420

420х594

594х841

841х1189

Негізгі пішімдердің ең үлкенінің ауданы (А0) бір шаршы метрге тең. Пішімдер сызба жиегімен шектеледі (1.1, 1.2 сурет), сол жағынан 20 мм – сызбалар жинағын тігуге арналған жиек, ал қалған үш жағынан 5 мм-ден жиек сызылады. Оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазу (1.3 сурет) орналастырылады. Негізгі жазу бөлімдерінің толтырылу үлгісі сызба түрлеріне байланысты әрбір нақты жұмыс үшін әдістемелік нұсқауда беріледі.

Масштабтар

Сызбада кескінделген нәрсе өлшемдерінің осы нәрсенің нақты өлшемдеріне қатынасы масштаб деп аталады. Стандарт бойынша бекітілген масштабтар кестеде көрсетілген.



Кесте


Кішірейту масштабтары

1:2

1:2,5

1:4

1:5

1:10

1:15

1:20

1:25

1:40

1:50

Нақты шама

1:1




























Үлкейту масштабтары

2:1

2,5:1

4:1

5:1

10:1

15:1

20:1

25:1

40:1

50:1

Сызба сызықтары

Нәрсе сызбасы оқуға ыңғайлы болуүшін қолданылуына, қалыңдығына қарай түрлі сызықтармен кескінделеді. Сызықтардың қалыңдығы сызбаның өлшеміне, күрделілігі мен қолданылуына байланысты. Сызба сызықтарының мемлекеттік стандарт бекіткен мынадай түрлері бар: тұтас (жуан негізгі, жіңішке және ирек), үзік (жіңішке және жуандатылған), үзік нүктелі, іркісінді. Суретте сызба сызықтарының қолданылуы көрсетілген.



Сызба қаріптері

Сызбадағы жазулар 2.304-81 МСТ-ы бойынша қолмен орындалады.

Сызбадағы жазуларды дұрыс жазу үшін аталған стандартты пайдалану керек. Қарыптердің жазылу үлгісі 2 қосымшада берілген.
Тапсырма.


  1. Берілген тақырыпты өз бетінше зерттеу.

  2. Осы тақырып бойынша конспектілеу.

  3. Компас жүйесінде безендіру панельдерін зерттеу.

  4. Компас-та кез-келген бейне үшін осы безендіру амалдарын орындау.

Бақылау сұрақтары:

  1. ҚҚБЖ стандартын толық қарастыру.

Қолданылатын әдебиеттер:



  1. ҚҚБЖ стандарты


3 тақырып. КОМПАС жүйесінде геометриялық примитивтерді тұрғызу

Геометриялық примитивтерге жатады: нүкте, түзу, кесінді және математика курсынан белгілі геометриялық фигуралар. Компас программасының мүмкіндіктерін зерттей отырып, сіздер осы элементтерді үнемі қолданатын боласыз.

Геометриялық примитивтерді тұрғызуға арналған барлық кнопкалар объектілердің типіне қарай біріктірілген. Бұл кнопкалар Компактная құралдарындағы Геометрия кнопкасында орналасқан.



Осыларды қарастырып шығайық:

  • КОМПАС-3D программасын іске қосыңыз;

  • Фрагмент құжатын ашыңыз;

  • Геометрия құралдар панелі;

  • Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1



  1. Кесінді тұрғызу:

  • - кесінді;

  • Горизонталь және вертикаль кесінділерді тұрғызу үшін Текущее состояние панеліндегі Ортогональное черчение кнопкасын басыңыз;

  • Кесіндінің бірінші нүктесін курсор арқылы көрсетіңіз;

  • Маустың сол жақ батырмасын (ЛКМ) Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде 100 санын енгізіңіз де <ENTER> басыңыз;

  • Арнайы басқару панеліндегі Автосоздание кнопкасы үнсіз келісім бойынша басулы тұратынына көңіл бөліңіз. Ол осы күйде тұрғанда, барлық объектілер параметрлерін енгізе сала бірден жасалады;

  • Курсорды горизонталь немесе вертикаль қозғаңыз;



  • ЛКМ басу арқылы кесіндінің соңғы нүктесін орнатыңыз;

  • Кесіндіні осылайша, енді вертикаль орнатыңыз;

  • Көлбеу кесінді салу үшін Ортогональное черчение кнопкасын сөндіріңіз;

  • Қасиеттер панеліндегі угол өрісінде 20 мәнін орнатып, <ENTER> басыңыз;

  • Дұрыс тұрғыздыңыз ба, тексеріңіз;



  • Егер қателескен болсаңыз, Стандартная панеліндегі болдырмау кнопкасын басып, кесіндіні қайтадан тұрғызыңыз.

  • Егер бір ғана кесінді дұрыс емес болса, оған курсорды тигізіп басыңыз (кесіндінің түсі өзгереді) және басыңыз;

  • Егер дұрыс кесіндіні байқамай жойып алсаңыз, Стандартная панеліндегі қайталай кнопкасын басыңыз;

  • Тексеріп болғаннан кейін құжат терезесін жабыңыз.




  1. Тікбұрышты тұрғызу:

  • Фрагмент құжатын ашыңыз;

  • Геометрия құралдар панелі;

  • Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1

  • - тікбұрыш;

  • Тікбұрыштың бірінші төбесін көрсетіңіз;

  • ЛКМ-ді екі рет басып Қасиеттер панеліндегі биіктік өрісінде 80 мәнін енгізіңіз де <ENTER> басыңыз;

  • ЛКМ-ді екі рет басып Қасиеттер панеліндегі ені өрісінде 100 мәнін енгізіңіз де <ENTER> басыңыз;



  • Егер тікбұрыш құжат терезесіне сыймайтын болса, Түр панеліндегі - Жылжыту командасын орындаңыз. ЛКМ жібермей ұстап тұрып, керек жерге орнатып алыңыз да, ЛКМ жіберіңіз және команданы сөндіріңіз.

  • Тұрғызу дұрыстығын тексеріңіз;

  • Тексеріп болғаннан кейін құжат терезесін жабыңыз.



  1. Шеңберді тұрғызу:

  • Фрагмент құжатын ашыңыз;

  • Геометрия құралдар панелі;

  • Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1

  • - шеңбер;

  • Шеңбердің центрін көрсетіңіз;

  • Қасиеттер панелінде Осьтерімен кнопкасын таңдаңыз;

  • ЛКМ-ді екі рет басып Қасиеттер панеліндегі радиус өрісінде 50 мәнін енгізіңіз де <ENTER> басыңыз;



  • Тұрғызу дұрыстығын тексеріңіз;

  • Тексеріп болғаннан кейін құжат терезесін жабыңыз.



Тапсырма:

  1. Кесінділер тұрғызыңыз: горизонталь ұзындығы 60 мм, вертикаль – 120 мм, көлбеу - бұрышы 45 және ұзындығы 40 мм.

  2. Төбесі координата басына сәйкес келетін тікбұрыш тұрғызыңыз: биіктігі – 70 мм, ені 140 мм.

  3. Центрі координата басына сәйкес келетін, радиусы 60 мм осімен шеңбер тұрғызыңыз.

Қолданылған әдебиеттер:



  1. КОМПАС-3D V7: Руководство пользователя. Том I. – ЗАО АСКОН. 2004.

  2. Сәйкес интернет ресурстар


4 тақырып. КОМПАС жүйесінде сызбаларды қарапайым командалар арқылы тұрғызу.

Кескін сызу құралдарының көмегімен орындалады. Бұрын кескінді орындау дәлдігі конструктордың біліктілігіне және көзінің қырағылығына байланысты болды.

Ал, компьютерлік сызудағы басты құрал курсор болып табылады – ол маустың көмегімен экранда жылжытуға болатын графикалық элемент. Сонымен бірге, көзбен өлшеу деген мұнда мүлдем орынсыз. Бұл үлкен қателік болып есептеледі. Машиналық графика кескіндегі объектілердің өзара геометриялық орналасулары дәл болуына негізделген. Оның үстіне графикалық жүйелер мұндай дәлдікті қамтамасыз ететін функциялармен толық қамтылған.

Кескінмен жұмыс істеген кезде, бар кескіннің элементінің кезкелген нүктесіне курсорды орнатсаңыз, ол объектіге немесе нүктеге бекітуді (привязка) орындайды.

Егер сіз сызу кезінде бекітуді қолданбасаңыз, онда сіздің жұмысаңыз дұрыс емес.

Бекітудің екі түрі қарастырылған: глобалды (үнсіз келісім бойынша) және локалды (бір рет қана орындалады).

Глобалды бекіту объектіні енгізгенде және редактірлегенде үнемі орындалып отырады. Бұл кескіндегі бар нүктені тез және дәл көрстеуге мүмкіндік беретін, қарапайым құрал болып табылады.

Ағымдағы терезеде глобалды бекітуді орнату үшін Ағымдағы күй құралдар панеліндегі Глобалды бекітуді орындау - кнопкасын басу керек. Экранда глобалды бекітуді орнату диалогы ашылады.

Локалды бекітуді орнату үшін оны әрбір жағдайда жаңадан шақырып отыру керек. Локалды бекіту командалары бекітілген глобалды бекіту командаларын уақытша ауыстырады (нүктені енгізгенше немесе оны енгізуден бас тартқанша). Ағымдағы нүктені енгізгеннен кейін, локалды бекіту қызметін тоқататады да, жүйе глобалды бекітуді орындауға оралады.

Локалды бекітудің барлық командалары локалды бекіту контекстік мәзірінде жинақталған. Оны шақыру үшін кескіннің кез-келген нүктесінде маустың оң жақ кнопкасын басу керек.

Кез-келген кескін базалық сызба элементтерінің негізінде және сызу-сызбалық құжаттарды безендіру ережелерін білу негізінде жасалады. Әрбір жеке кескіннің тұрғызу әдісі, көбінесе, оған қойылатын талаптарға байланысты болады.

Сурет – локалды бекіту мәзірі

Қарапайым командалар арқылы пластинаның кескінін тұрғызудың алгоритмін қарастырайық.



  • Компьютерді қосыңыз;

  • КОМПАС программасын іске қосыңыз;

  • Фрагмент құжатын ашыңыз;

  • Геометрия құралдар панелі;

  • Түр құралдар панелінде ағымдағы масштаб М 1:1

  • Пастнинаның контуры горизонталды және вертикаль кесінділермен шектелгендіктен, тұрғызуды Геометрия құралдар панеліндегі Объектіні үздіксіз енгізу - командасы арқылы орындаған дұрысырақ болады. Бұл жағдайда, жасалып жатқан объектінің соңғы нүктесі, автоматты түрде келесі объектінің басы деп қабылданады. Дегенмен, осылайша тұрғызылған примитивтертердің тізбегі біртұтас объект бола алмайды. Оларды ерекшелеу, жою, редактірлеу амалдары әрқайсысына жеке орындалады;

  • Ағымдағы күй панеліндегі - Ортогональ сызу;

  • Кесіндінің бірінші нүктесін көрсетіңіз;

  • ЛКМ екі рет шерту арқылы Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде 90 мәнін енгізіңіз де, <ENTER> басыңыз, сосын кесіндіні оңға қарай горизонталь салыңыз;

  • Тағы да Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде келесі кесіндінің мәнін 15 енгізіңіз. Оны (44-14):2 =15 формуласы арқылы есептейміз. <ENTER> басыңыз, сосын кесіндіні жоғарыға вертикаль салыңыз;

  • Үшінші кесіндінің ұзындығын (90-60):2 формуласы бойынша анықтап алып, Қасиеттер панеліндегі ұзындық өрісінде 15 мәнін енгізіңіз де, <ENTER> басыңыз, сосын кесіндіні солға қарай горизонталь салыңыз;


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет