Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С



бет15/20
Дата09.06.2016
өлшемі7.12 Mb.
#124772
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Мәтін енгізу


Алдымен Macromedia Flash бағдарламасын іске қосамыз: Пуск → Программы → Мacromedia → Macromedia Flash 8.

Пайда болған терезедегі Create New (Құру) топтамасына кіретін тізімдерден Flash Document (Flash құжат) тізіміне меңзерді (тышқан көрсеткішін) апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.

Нәтижесінде экранда жаңа фильм терезесі ашылады (235-сурет).

235-сурет. Macromedia Flash программасының жұмыс алаңы

Flash фильмінің кадрына мәтін енгізу барысында мәтіндік блок құрылады. Статикалық мәтін екі түрлі жолмен енгізіледі: көп жолдық блок және ені шектеулі блок. Мәтінді енгізу үшін:



Text (Мәтін, Текст) құралы қолданылады.

Көп жолдық блокқа мәтін енгізу

1. - құралын таңдаңыз. Курсордың түрі +А түріне айналады.

Курсорды кадр алаңына орналастырып, мәтіндік блок басталатын орынды курсормен белгілеңіз. Нәтижесінде көп жолдық мәтіндік блок құрылады.

Мәтін енгізіңіз. Жаңа символдардың қосылуына қарай мәтіндік блок кеңейе береді. Enter клавишын басқаннан кейін ғана курсор жаңа жолға көшеді.



Ені шектеулі блокқа мәтін енгізу


1. - құралын таңдаңыз.

Курсорды кадр алаңына әкеліп, мәтіндік блоктың енін беріңіз. Ол тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, курсорды көлденең бағытта жылжытыңыз. Нәтижесінде ені шектеулі мәтіндік блок құрылады.

Мәтін енгізіңіз. Енгізілген мәтін оң жақ шекараға жеткенде курсор автоматты түрде жаңа жолға көшеді. Бұдан блоктың ені өзгермейді.

Қажетіне қарай мәтіндік блоктың енін өзгертуге болады. Ол үшін маркерді көлденеңінен оңға немесе солға қарай жылжытыңыз. Нәтижесінде блок ішіндегі мәтіннің орналасуы өзгереді.


Мәтінді форматтау


Мәтінді форматтау үшін объектілер инспекторы терезесінің командалары пайдаланылады.

Мәтінді енгізу үшін тышқанның сол жақ батырмасын басып, пайда болған мәтіндік блоктың ішіне мәтін енгіземіз.



Aroow Tool (Курсор) құралының көмегімен мәтінді ерекшелейміз. Мәтінді баптаудың негізгі құралы - баптау құралы болып табылады.

Font (Өлшем, Шрифт) тізімінде мәтін шрифті енгізіледі.

Мәтін блогының өлшемін өзгерту үшін, келесі командаларын орындау керек:

Modіfy (Өзгерту, Изменить)

Трансформация (Трансформация, Transform) Вращение и скос (Айналу және қисаю, Rotate and Skew)

Блоктың қисаюын жасау үшін курсорды қоршаудың шетіне жақындатып, қалауымызша өзгертеміз. Сол кезде блоктың пропорциясы өзгереді.

Мәтін блогын таңдау


1. - құралын таңдаңыз.

2. Мәтіннің кез келген әрібін тышқанмен белгілеңіз. Мәтін сол мәтіндік блоктың қоршауымен бірдей қоршаумен қоршалады (236-сурет).



236-сурет. Мәтін блогын таңдау

Символдарды форматтау


Символдарды форматтаудың негізгі құралы объектілер инспекторы терезесі болып табылады.



- шрифтер тізімі. Бұл тізім шрифтер гарнитурасын таңдауға арналған. Батырманы басқанда компьютерде орнатылған шрифтер тізімін ашады. Курсорды шрифт атын келтіргенде шрифтің қандай екенін көруге болады. Шрифт тышқанның батырмасын басу арқылы таңдалады.

- шрифт өлшемі (кегль). Бұл параметрдің көмегімен шрифт өлшемі пунктпен беріледі (1 пункт =1/72 дюйм).

- стандартты түс таңдауға арналған батырма. Бұл батырманың көмегімен шрифт түсі таңдалады.

- бұл батырма таңдалғанда, шрифтің ені қалыңдай түседі.

- курсивпен жазу батырмасы. Бұл батырма таңдалғанда шрифт символдары қиғашталып жазылады.

- трекинг. Бұл параметр әріптердің арақашықтығын анықтайды. Оң мән әріптердің арақашықтығын үлкейтіп, теріс мән кішірейтеді.

- бұл тізім мәтін символдарын арнайы индекспен жазуға мүмкіндік береді.


  • - URL өрісі. Егер WEB бетінің адресі немесе файл енгізілсе, онда бұл мәтін гиперсілтемеге айналады. Іnternet-ке Flash-фильмін жариялағаннан кейін осы мәтін арқылы пайдаланушының сайтын белгілегенде WEB-беті немесе файл шақырылады.

Мәтіндік объектіге растрлы немесе градиенттті бояу үшін оны графикалық элементке өзгерту керек:

Изменить (Өзгерту, Modіfy) а Разбить (Бөлу, Break Apart) Кез келген әріпті ерекшелейік. Ол үшін



Микшер цвета (Түс микшері, Color Mіxer) секциясында орналасқан палитрадан дайын градиентті құюды таңдаймыз.

Мәтінді импорттау және онымен жұмыс істеу


Flash-фильмінің кадрларына орналастыратын үлкен көлемді мәтінді осы программада теру міндет емес. Flash программасында орфографияны тексеру мүмкіндігі қарастырылмаған. Мұндай жағдайда мәтінді MS Word редакторында теріп, алмасу буфері арқылы оны көшіріп қоюға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет