Біз келесі мысалда шағын анимациялық фильм құрамыз. Біздің көз алдымызда солдан оңға қарай құс ұшып өтеді. Фильмнің ұзақтығы 10 секунд. Ол үшін бізге 120 кадр қажет. Егер біз кадрлық анимация құратын болсақ, онда
120 кілттік кадрды қолдан құруға тура келеді. Сондай-ақ бірқалыпты қозғалысты шығару үшін, әрбір кадрдағы объектінің дәл ығысуын жасауға тура келеді. Біірақ бұл мүмкін емес. Ал автоматты түрдегі анимацияны пайдалана отырып, біз объектіні бастапқы және соңғы жағдайын көрсетсек, ал барлық аралық кадрларды программа өзі құрады.
Қозғалыстың автоматты түрдегі анимациясы
Құстың суретін қолдан саламыз немесе импорттаймыз. Бастапқы жағдайда құс кадрдан тыс орналасады. Қозғалыс барысында ол кадрмен ұшып, тұрақты жылдамдықпен қозғала отырып, біздің көз алдымыздан ұшып өтіп кадрдан шығып кетеді (254-сурет).
\
254-сурет
Фильмде барлығы 120 кадр болады. Сондықтан 120-шы кадрды тышқанның оң жақ батырмасымен белгілеп контекстік менюден Insert Keyframe (Кілттік кадрды қою; Вставить ключевой кадр) командасын таңдаймыз. Уақыт шкаласында кілттік кадрдың белгісі пайда болады, 1- кадрмен 120-кадрдың аралығы ашық сұр түспен толтырылып, 119-шы кадрдың белгісі түріне ауысады. Бұл 1 кадрмен 120-шы кадрлар аралығы бірінші кадрдың көшірмесімен толтырылғанын көрсетеді.
Ерекшелеу сайманының көмегімен құстың суретін қозғалыстың соңғы орны 120-шы кадрға орналастырамыз (255-сурет).
Уақыт шкаласындағы 1-ші кадрдың белгісін тышқанның оң жақ батырмасымен белгілеп, ашылған контекстік менюден Сreat Motion Tween (Қозғалыстың аралық кадрлдарын құру; Создать промежуточные кадры движения) командасын таңдаймыз. Сондай-ақ бұл команданы Insert - Great Motion Tween (Қозғалыстың аралық кадрлдарын құру; Создать промежуточные кадры движения) командасымен де орындауға болады. Уақыт шкаласындағы 1- ші кадрмен 120-шы кадрлардың аралығы ашық жұпаргүл түске боялып, осы кадрларды біріктіретін бағыттауыш пайда болады (256-сурет).
255-сурет.
256-сурет.
Great Motion Tween командасы объектінің бастапқы жағдайын көрсететін кадр мен оның соңғы жағдайын көрсететін кадрлар арасындағы барлық аралық кадрларды құрады. Егер ағымдағы кадрдың көрсеткішін қандай да бір аралық кадрға әкелсек, онда осы кадрға сәйкес қозғалыстың бастапқы және соңғы нүктелерінің арасындағы объектінің жағдайын көруге болады. Great Motion Tween командасының орнына объектілер инспектірінің опцияларын пайдалануға болады (257-сурет).
257-сурет.
Frame (Кадр) өрісіне кадр атауы жазылады. Бұл басқа фильм кадрларынан осы кадрға шартты және шартсыз көшуді ұйымдастыру үшін қажет. Tween (Аралық кадрлар; Промежуточные кадры) тізімінің көмегімен Flash-те мүмкін болатын анимацияның үш типінің бірін таңдауға болады. Қозғалыстың автоматты түрдегі анимациясын құру үшін, қозғалымтың бастапқы нүктесіне сәйкес кадрда осы тізімнен Motion (Қозғалыс; Движение) командасын таңдау қажет.
Қарастырылған мысалда объект көрерменнің жанынан солдан оңға қарай бірдей қашықтықта қозғалды. Егер қорзғалыс процесінде объекті мен көрерменнің арасындағы арақашықтық өзгеретін болса, мысалы, жақындаса, онда орын ауыстырумен қатар объектінің өлшемі ұлғаюы тиіс. Flash технологиясы объектінің орын ауыстыруын, оның өлшемінің өзгерісін және айналуын бірге орынлауға мүмкіндік береді. Келесі мысалда объект бірінші кадрдағымен салыстырғанда біртіндеп өлшемі ұлғайып, оңнан солға, жоғарыдан төмен қозғалады. Мұның бәрі көрерменге объектінің жақындап келе жатқан құбылысын сипаттап көрсетеді.
Көрерменге объектінің жақындауы
Объектіні бірінші кадрға орналастырып (258-сурет), оның өлшемін кішірейтіңіз (259-сурет).
258-сурет. 259-сурет.
60-шы кадрды кілттік кадр құрамыз. Объектіні соңғы нүктеге орналастырып, оның өлшемін ұлғайтамыз (260-сурет).
260-сурет.
Бірінші кадрға қайтадан келіп, Insert - Great Motion командаларын орындаймыз.
Enter клавишін басып Flash фильмінің орындалу нәтижесін көреміз.
Бұл қарастырылған мысалда объект бірқалыпты қозғалады. Мұндай қозғалыс объектінің көрерменге жақындау процесін табиғи түрде көрсете алмайды. Фильмде вертолет жақындаған сайын оның жылдамдығы азаятындай әсер береді. Бірқалыпты қозғалыстың әсерін жасау үшін кадрдан кадрға көшкенде объектінің орын ауыстыру жылдамдығы ұлғаяды. Ол үшін Properties (Қасиеттер; Свойства) терезесінде Ease (Баяулату; Заедление) параметрі пайдаланылады. Бұл параметрдің оң мәні объектінің қозғалысын соңғы кадрға дейін баяулатады. Ал теріс мәні оны жылдамдатады. Біздің жағдайда -80 мәнін енгізуге болады.
Сонымен біз осы уақытқа дейін объектінің түзу сызықты қозғалысын қарастырдық. Flash MX ортасында берілген траектория бойынша қозғалыс анимациясын құруға мүмкіндік бар.
Берілген траектория бойынша қозғалыс анимациясы
Flash програмасында объектілердің траектория бойынша қозғалысын жасауға болады. Қозғалысты жүзеге асыру үшін келесі командалар жиынтығын орындау қажет:
Жаңа фильм құрамыз.
Анимацияның объектісі ретінде кез келген суретті немесе графикалық элементті қолданайық және оны ерекшелейік.
Объектіні топтастырамыз: Изменить (Өзгерту, Modіfy) - Группировать (Топтау, Group) командаларын орындаймыз. Уақыт шкаласында орналасқан қозғалыс бағыттаушысын қосатын пернені басыңыз (Добавить направляющюю движения). Уақыт шкаласында орналасқан ерекшелеген жаңа қабат пайда болады.
Қарындаш сайманын таңдаңыз және кадрдан өтетін объектінің қозғалысын бейнелейтін сызық сызамыз.
261-сурет.
5. - көрсеткішті қолданып, объектінің центрі сызықтың басымен теңесетіндей етіп орналастырамыз. Іnsert (Қосу, Вставить) - Сreat Motіon Tween (Қозғалыс құру, Создать двойное движение) командаларын орындау арқылы анимация жасалады.
Келесі фильмнің барлық кадрларын жасаймыз. Тышқанмен бағыттаушы жолындағы 30 көрсеткішін басып тұрып, 1-ші қабатқа қарай орнатамыз.
Іnsert (Қосу, Вставить) - Keyframe (Кілттік кадрды қосу, Ключевой кадр) командасын орындағаннан кейін соңғы кадр пайда болады. Сонымен қатар программа автоматты түрде аралық кадрларды қояды.
Объектілерден ерекшелеуді алып тастау үшін тышқанмен кадрдың бос орнын белгілеңіз.
Объектінің центрі сызықтың соңына орналасатындай етіп орналастырамыз.
Фильмді ойнатып көрейік.
262-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |