MS Word редакторында теріп немесе осы программада терілген мәтінді ашыңыз.
Flash-фильміне қойылатын мәтінді ерекшелеп, оны алмасу буферіне көшіріңіз (Edit – Copy (Түзету-көшіру, Правка -копировать)).
Flash программасына өтіп, - құралын таңдаңыз.
Мәтіндік блок құрып, Edit-Paste (Түзету-қою, правка-вставить) командаларын орындаңыз. Нәтижесінде мәтіндік блокқа алмасу буферіндегі мәтін қойылады. Мәтінді енгізу үшін Edit-Paste Spatial (Түзету- арнайы қою, правка-специальная вставка) командаларының мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Бұл команданы орындағаннан кейін экранда Арнайы қою сұхбат терезесі (238-сурет) пайда болады. MS Word құжаты опциясын таңдағанда мәтін MS Word редакторында жасалған форматын сақтай отырып, кадрға қойылуға ыңғайланып, осы программамен байланыс орнатылады.
Мәтіндік блок құрылып, одан кейін толықтырылғаннан кейін ол мәтінмен әдеттегі Flash ортасындағы графикалық объект ретінде жұмыс істеуге болады.
238-сурет. Арнайы қою терезесі
Мәтінді графикалық объектіге түрлендіру
Мәтінге Flash технологиясындағы векторлық графиканың мүмкіндіктерін қолдану үшін оны әдеттегі графикалық объектіге түрлендіру қажет.
құралымен мәтінді ерекшелеңіз.
Modіfy- Break Apart (Түрлендіру – Бөлу, Модификация – Разбить) командасын орындаңыз. Мәтіннің әрбір символы графикалық объектіге түрленіп, бәрі де ерекшеленеді (239-сурет).
239-сурет. Графикалық объектіге түрленген мәтін
Мұндай Flash объектілеріне бояу ретінде растрлық бейнелерді пайдалануға болады.
Мәтін символдарына растрлық бейнелерді пайдалану
Мәтін енгізіп, оны графикалық объектіге түрлендіреміз.
Flash фильміне растрлық бейнені файл-импорт командасының көмегімен импорттамыз.
Color Mixer панелінен Bitmap опциясын таңдаймыз.
Мәтіннің әрбір әрібін растрлық бейненің бояуымен бояймыз. Ол үшін - құралын таңдап, барлық әріп үшін ретімен басып отырамыз.
Мәтін символдарына көлеңке түсіру
Мәтін енгіземіз. Оның жанына көлеңкесі түсетіндей болуы тиіс (240-сурет).
Осы мәтіннің көшірмесін аламыз. Көшірменің түсін сұр түске алмастырамыз (241-сурет).
Мәтіннің көшірмесі оның өзінен кейін құрылғандықтан ол оның үстінде тұрады. Оны артқы жоспарға орналастыру қажет. Ол үшін -құралымен мәтінді ерекшелеп, Modify- arrange-Send to Back (Өзгерту- реті- артқы жоспарға жіберу, Изменить-Порядок-отправить на задний план) командалар тізбегін орындау қажет. Оның нәтижесі 242-суретте келтірілген.
«Алматы» сөзінің көшірмесін графикалық объектіге айналдырамыз.
240-сурет 241-сурет
242-сурет
Мәтінді қозғалысқа келтіру
Flash технологиясында мәтінді қозғалысқа келтіруге болады. Flash – те блоктарды қозғалысқа келтіруге болмайды, сондықтан оны графикалық объектілерге түрлендіру керек.
Алдымен жаңа мәтін енгізіп, оның өлшемін барынша кішірейтіңіз. Мәтінді ортасына қарай туралаңыз:
Окно (Терезе, Wіndow) аВыравнивание (Түзету, Alіgn) Мәтінді графикалық объектілерге түрлендіріңіз:
Изменить (Өзгерту, Modіfy) а Разбить (Бөлу, Break Apart) Изменить (Өзгерту, Modіfy) а Группировать (Топтау, Group) Енді осы мәтінді қозғалысқа келтірейік.
Тышқанның оң жақ батырмасымен уақыт шкаласының “40-кадрын” белгілеңіз.
Пайда болған контекстік менюдің Іnsert Keyframe (Кілттік кадрды қою, Вставить ключевой кадр) командасын таңдаңыз.
Modіfy – Transform - Scale (Өзгерту – Трансформация - Масштаб) командаларын орындаңыз.
Маркерлердің көмегімен мәтін көлемін үш есе үлкейтіңіз.
Alіgn (Түзету, Выравнивание) командасы арқылы ортасына қарай туралаңыз.
Rewіnd (Басына ауысу, На начало) батырмасын басып, кадрдың басына ауысыңыз. Мәтінді ерекшелеңіз.
Modіfy- Great Motіon Tween (Өзгерту- Қозғалыс құру, Изменить-а Создать двойное движение) командаларын орындаңыз.
Жасалған анимацияны көру үшін “Play” батырмасын басыңыз.
№21 Практикалық жұмыс. Графикалық объектілердің анимациясы
Анимация бұл статикалық суреттердің тізбектеліп бірінен соң бірінің шығарылуы. Flash фильмі кадрларының шығарылу ретін көрсету үшін уақыт шкаласы пайдаланылады. Жаңа фильм құрғанда уақыт шкаласының барлық оң жақ бөлігі бос тіктөртбұрыштардан тұрады, ал курсор бірінші кадрда орналасады. Мұндағы бос тіктөрбұрыштар құрылатын фильмнің кадрларын бейнелейді. Бос Flash фильмінде ағымдағы кадрдың көрсеткіші тек бірінші кадрда ғана орналасады. Flash ортасында кадрлар уақытты сипаттау үшін пайдаланылады (243-сурет).
243-сурет. Монтаждау үстелі терезесі
Фильмге кез келген мөлшердегі кадрларды қосуға болады. Кадрлардың жиілігі ескертусіз секундына 12 кадр, қарапайым Web жұмыстары үшін секундына 8 кадрды қолдануға болады. Кадрлар жиілігін көбейту фильм қозғалысын жылдамдатып, анимацияны шынайылыққа жақындатады. Ал жиілікті кеміту фильмді баяулатады, анимацияның күрделілігіне қарай діріл пайда болуы мүмкін.
Flash фильмнің өлшемін азайту үшін мүмкіндігінше кадрлар жиілігін төмендету қажет. Кадрда объект пайда болғаннан кейін бірінші кадрдың бос тіктөртбұрышы нүктесі бар тіктөртбұрышқа ауысады (244-сурет).
Мұндай кадр кілттік кадр деп аталады.
Кілттік кадр барлық уақытта қандай да бір объектілерден немесе алдыңғы кадрларға қатысты осы объектілердің өзгерісінен тұрады. Кілттік кадрлардың тізбегін құра отырып, кез келген қиындықтағы анимациялық тізбек құруға болады. Кілттік кадрлар тізбегінен тұратын анимация кадрлық анимация деп аталады.
244-сурет. Уақыт шкаласы
Әрбір кілттік кадр нүкте бойынша салынған күрделі объектілердің түрлендірулерінен тұратын болса, онда бұл кадрлық анимация анимацияның әмбебап түрі болып табылады. Оның жалғыз кемшілігі әрбір кадрды қолмен салуға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |