Кафедра: ТарихМекеменің ұйымдастырылу құрылымы
Мектеп әкімшілігін ұйымның басшысы – білім беру ұйымын тікелей басқаруды жүзеге асыратын директор болып табылады. Мектепті басқарудың бұл құрылымы өзін-өзі басқару және дара басшылық қағидаттарына және білім беру процесіне қатысушылардың барлығының негізгі құқықтарын сақтауға толық сәйкес келеді. Мектеп әкімшілігі директор және орынбасарлары атынан мектеп басшыларының лауазымы бойынша тиісті аттестаттаудан, курстық даярлықтан өтеді және еңбекті ұйымдастыру қауіпсіздігі бойынша қажетті куәліктері болады. Мектептегі оқу-тәрбие процесі оқу сабақтарын ұйымдастыру бөлігінде мектептің оқу жоспарын, мектеп іске асыратын білім беру бағдарламаларын, оқу сабақтарының кестесін, сынып журналдарын және мектеп педагог қызметкерлерінің нормативтік құжаттамасын сараптау арқылы қаралды. Директор мектепті басқару құрылымын, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, барлық бағынышты құрылымдар мен олардың басшыларының қызметін үйлестіреді, сонымен қатар барлық ішкі құрылымдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және жоғары органдармен тиімді өзара әрекеттесуі мен ынтымақтастығын қамтамасыз етеді. Мектепте басқару қызметін ұйымдастыру басқару процестерін демократияландыру, басқару мен өзін-өзі басқаруды үйлестіру негізінде мектеп әкімшілігі мен ұжымының алдына қойылған міндеттерге сүйене отырып жүзеге асырылады. Пайдаланылған жұмыс әдістері мен технологиялары Психологиялық тұрғыда есте сақтауын, зейін тұрақтылығын анықтауға арналған әдістеме, қарым қатынасты анықтауға арналған әдіс, бақылау әдісі, социометрия әдісі арқылы сауалнама алдым. Жеке жұмыс барысында бақылау, әңгімелесу, эксперимент әдістерін пайдаландым. Орындалған жұмыс туралы мәліметтер: білім беру ұйымының ақпараттық-білім беру ортасын, білім беру ұйымының оқу-әдістемелік базасымен және нормативтік құжаттарымен таныстым, сыныптың (кабинеттің) білім беру ортасына зерттеу жүргіздім, сабаққа қатысып, балаларды бақылап соларға психологиялық-педагогикалық талдау жасалынды, критериалды бағалаумен танысып өттім, психологтың жұмысын зерделеп, білім алушылардың танымдық үдерістерінің даму деңгейін диагностикалауға қатыстым, білім алушының психологиялық-педагогикалық сипаттамасын құрастырып, мінездеме жазып өттім, Дж. Морено бойынша «Социомертия» әдісін жүргізіп, интерпритация жасадым. жүктеу/скачать 92.16 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |