3. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби ауруларды талдау әдістері және есеп беру
Жазатайым оқиғалар мен қауіпті жағдайларды мұқият зерделеудің нәтижесінде жарақаттанушылықтың себептері анықталады, оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
1) Ұйымдастырушылық: оқыту мен нұсқама берудің сапасыздығымен, жұмыс орнын ұйымдастырудағы кемшіліктерге, материалдар мен бұйымдарды текшелеу ережелерін бұзуға, қорғаныш құралдардың ақаулығына, жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) қолданбауға, т.с.с. байланысты.
2) Техникалық: технологиялық процестер, қорғаныш құрылғылары, сигна-лизация және матамалардың жетілдірілмегендігінен, жабдықтар, икемқұралдар және аспаптардың құрылымдық кемшіліктерінен, т.с.с. туындайды.
3) Санитарлық-гигиеналық: ауадағы зиянды заттардың ШМК-дан асатын мөлшері, шу мен дірілдің жоғары деңгейі, қолайсыз микроклимат және жеткі-ліксіз жарықтандырумен, т.б. байланысты келеді.
4) Әлеуметтік-психологиялық: ұжымның қауіпсіздік мәселелеріне көз-қарасынан, ұжымдағы микроклиматтан құралады.
5) Климаттық: климаттық спецификалық ерекшеліктеріне, тәулік уақы-ты мен еңбек жағдайларына тәуелді болады.
6) Биографиялық: қызметкерлердің жынысы, жасы, еңбек өтілі, білікті-лігі және денсаулығы жағдайымен байланысты.
7) Психофизиологиялық: назар аудару, эмоция, реакция, физикалық және жүйке-психикалық жүктемелердің ерекшеліктеріне тәуелді келеді.
8) Экономикалық: жұмыстың ырғақсыздығынан, жалақы беру уақытын кешіктіруден, тұрғынүйлік жағдайдың және балалар мекемесінде орынмен қамтамасыз етудегі кемшіліктерден туындайды.
Жарақаттанушылықтың көрсеткіштері нақты өндіріс жағдайына сипатты келетін белгілі бір заңға байланысты өзгеретіні анықталған. Практика жарақат-танушылықты бірден жоюға болмайтындығын көрсетеді, сондықтан жарақатта-нушылықтың көрсеткіштерін болжау және осының негізінде оны төмендетудің нақты міндеттерін анықтау ұсынылады.
Жарақаттанушылықпен күресудің ең тиімді жолы – жазатайым оқиға бо-луы жағдайы деңгейіндегі қатерді жою, басқаша айтқанда – қауіпті жағдай-лардың алдын алу және өз уақытында жою. Жарақаттанудың профилактикасының негізін оны зерделеуде ғылыми бапты қолдану жатыр. Оның негізгі 2 әдісі бар:
-ретроспективтік, орын алған жазатайым оқиғаларды талдауға негізделеді;
-болжамдық, қауіптіліктерді зерделеуге негізделеді.
Ретроспективтік әдістер (статистикалық, монографиялық, топогра-фиялық) жазатайым оқиғалар туралы деректерді жинақтауды қажет етеді. Бұл оның кемшілігі болып табылады.
Статистикалық әдіс жарақаттанушылық туралы белгілі бір уақыт кезеңіндегі статистикалық материалды талдауға негізделген. Талдауға қажетті деректер Н-1 нысандағы актілерде, кәсіпорын есептерінде беріледі.
Топтық әдіс жағдайлары ұқсас жазатайым оқиғалардың қайталануына негізделген. Топтық әдісте жарақаттар жекелеген біртекті ерекшеліктері бойынша топтастырылады: жарақаттану уақыты;зардап шегушілердің жасы, біліктілігі және мамандығы; жұмыс түрлері; жазатайым оқиғаның себептері, т.б. Бұл жұмысты ұйымдастыру, еңбек жағдайлары мен жабдықтың күйіндегі ең қолайсыз жайттарды анықтауға мүмкіндік береді.
Топографиялық әдіс жазатайым оқиғалардың себептерін болған жеріне байланысты қарастырады. Барлық жазатайым оқиғалар өнеркәсіптік обьектінің жоспарына шартты белгілермен жүйелі түрде енгізіледі, нәтижесінде ерекше назар аударуды, мұқият тексеруді және тиісті профилактикалық шараларды жүргізуді қажет ететін жарақаттанушылықтың орындары бейнелі түрде белгіленеді.
Монографиялық әдіс бойынша жазатайым оқиға туындаған жағдайлар-дың кешені жан-жақты зерделенеді. Осы әдіс бойынша жазатайым оқиғаның барлық жағдайлары терең қарастырылады: технологиялық процесс, жұмыс орны, жабдықтар, жеке қорғану құралдары, т.б.
Экономикалық әдіс қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жасау мен енгізу шараларына жұмсалатын шығындар және гипотетикалық авариялар шығындарын болдырмауды есепке алуға негізделеді. Алайда бұл әдіс жара-қаттанушылықтың себептерін айқындауға мүмкіндік бермейді және қосымша әдіс болып табылады.
Жарақаттанушылықтың алдын алудың болжамдық әдістерінің құнды-лығы ерекше. Жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді жобалау кезінде – қауіпсіз жағдайларды жасаудың бірденбір жолы. Бұл жағдайда логи-калық-ықтималдылық талдау, қауіпсіздік техникасы ережелері, сарапшылар пікірі және арнайы эксперименттер негізінде қауіптіліктер зерделенеді.
Қолданыстағы өндірістерде ретроспективтік және болжамдық әдістерді үйлестіре қолдану қажет.
Өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу жолдары үш топқа жіктелуі мүмкін:
1) процестер мен жабдықтарды механикаландыру, автоматтандыру және қашықтықтан басқару, роботторды қолдану; өндірістік ортада адамның еңбек жағдайларына бейімделуі;
2) өндірістік берілген жағдайларына сәйкес келетін адамдарды кәсіптік іріктеу, кәсіби және арнайы дайындау, еңбек қорғауға деген оң қатынасты тәрбиелеу, мадақтау және ынталандыру жүйесі, әсер етудің тәртіптік шара-лары, ЖҚҚ қолдану, т.б.;
3) қауіпсіз техника, машина және технологиялар, қорғаныш құралдары мен құрылғыларын жасау, өндірістік орта параметрлерін оңтайландыру, еңбек процесін жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |