Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет16/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

Бақылау сұрақтары:

  1. Стандарттардың мемлекеттік жүйесінің типтері

  2. Мемлекеттік еңбек инспекторлары

  3. Басқару органдарының негізгі қызметтері

  4. Басқару органдарының негізгі міндеттері

3 практикалық сабақтың тақырыбы: Өндірістік қауіпсіздік жəне еңбек қорғау бойынша нормативті-құқықты құжаттар


Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз

  1. Өндірістік қауіпсіздік жəне еңбек қорғау бойынша нормативті-құқықты жəне негізгі заңды құжаттар

  2. ЕҚ бойынша негізгі нормативті құжаттарды атаңыз

  3. Еңбек қауіпсіздікгі стандарттар жүйесінің құрылымы



3-СОӨЖ тақырыбы: Инструктаж түрлері
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
3-СӨЖ тапсырмалары: Еңбек қауіпсіздігінің стандарттары
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]


ТӨРТІНШІ АПТА

4 дəріс


Тақырып: Еңбек қауіпсіздігіне оқыту және жарақаттанушылық
Дәріс мазмұны:
1. Еңбек етудің қауіпсіз тәсілдеріне үйрету.
2. Жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу.
3. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби ауруларды талдау әдістері және есеп беру.


1. Еңбек етудің қауіпсіз тәсілдеріне үйрету
Жарақаттану мен кәсіби науқастанудың алдын алу жөніндегі шаралар-дың негізгілерінің бірі – жұмыс істеушілерді еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқыту. Ол жұмыс істеушілерді еңбек қауіпсіздігіне оқытуды жүргізу жөніндегі Ере-жеге сәйкес жүргізіледі. Ережеде өндіріс қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне қарамастан халық шаруашылығының барлық кәсіпорындары мен ұйымда-рында:
- жаңа жұмысшыларды (жұмысқа қайта қабылданған, мамандығы жоқ немесе мамандығын өзгерткен) дайындау;
- нұсқамалардың әрбір түрлерін жүргізу;
- біліктілікті жетілдіру кезінде еңбек қауіпсіздігіне оқыту қарасты-рылған.
Оқыту жүргізу жөніндегі жалпы басшылық пен оны ұйымдастыру жауап-кершілігі шаруашылықтар мен кәсіпорындар жетекшілеріне, ал бөлімдерде – бөлім жетекшілеріне жүктеледі. Оқытудың соңында оқу жұмысының есеп жур-налына еңбек қорғау жөніндегі оқу бағдарламасын орындаған, міндетті түрде емтихан тапсырған әрбір тыңдаушыны тіркейді.
Бөлімдердегі жұмыс істеушілерді еңбек қауіпсіздігіне оқытудың сапасы мен уақытына бақылау жасау кәсіпорын (ұйым) жетекшісінің бұйрығымен еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерге немесе оның міндет-терін атқарушы адамға жүктеледі.
Сипаты мен жүргізу уақытына қарай жұмыс істеушілерге нұсқамалар келесі түрлерге бөлінеді:
- кіріспе;
- жұмыс орнындағы алғашқы;
- қайталау;
- жоспардан тыс;
- мақсатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет