2. Жұмыс орындарының микроклиматы және олардың параметрлері
Жұмыс ортасының метеорологиялық жағдайы деп ауаның температурасы, дымқылдығы, қозғалыс жылдамдығы арқылы қалыптасатын физикалық күйін айтады. Әр өндіріс бөлімшесінің өзіне тән метеорологиялық жағдайын өндірістік микроклимат деп атайды. ЭЕМ жабдықталған жұмыс бөлмелерінің метеорологиялық жағдайы технологиялық процестен және сыртқы ауа райы-ның жағдайларынан тәуелді болады.
Ауа температурасы адамның көңіл күйіне және оның еңбегінің өнімді-лігіне үлкен әсерін тигізеді. Ауа температурасына технологиялық құралдардан, электр энергиясын механикалық өзгеруіндегі электроқозғалтқыштары бар құралдардан, қызған материалдардан, адамдардан, құрылыс конструкциялары арқылы (сырттағы ауаның ең жоғары температурасын бөлме ішіндегі температурамен салыстырған кезде немесе ғимараттың шыныланған терезелері мен шамдарының беттері арқылы күн радиациясының нәтижесінен) жылу түсуі әсер етеді.
Ауа ылғалдылығы, ондағы су буларының бар болуымен бағаланады. Ауаның жоғары дымқылдығы жағымсыз метеорологиялық жағдай туғызады. Ыстық кезде ауаның жоғары дымқылдығы денеден жылу шығу процесін азай-тып, оның қызуы шамадан тыс көтерілуі мүмкін, содан адамның хал-жайы на-шарлап, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Ал суық кезде жоғары дымқылдық денеден жылу шығуын ұлғайтады, оны тоңдырып, адамның хал-жағдайын нашарлатады.
Жұмыс бөлмелеріндегі ауа қозғалысы жасанды және механикалық желде-туге, ауа массасының біркелкі қызбауына, конвекциялық ауа ағындарының пайда болуына, қозғалыстағы және айналыстағы бөлшектердің ауа ағымына әсеріне байланысты жүзеге асырылады.
Сәулелі энергия әр түрлі құралдардың қатты қызуынан шығуы мүмкін. Жылу сәулелерінің ағындары инфрақызыл сәулелерден тұрады. Инфрақызыл сәулелену адам организміне жергілікті және жалпы әсер етуімен сипатталады. Сәулелі энергия жұмысшыға тек тікелей әсер етіп қана қоймай, қоршаған конструкциялармен, жабдықтармен, материалдармен шағылыса отырып, жылу энергиясына айналады, ол бөлме ішінде ауа температурасының өсуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |