Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет19/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

Бақылау сұрақтары:

  1. Жұмыс істеушілерге нұсқамалар түрлері

  2. Жазатайым оқиғаларды тергеу

  3. Жазатайым оқиғаларды есепке алу

  4. Жазатайым оқиғалардың жіктелуі

  5. Жарақаттанушылық себептерінің топтары

  6. Өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу жолдарынің жіктелуі

4 практикалық сабақтың тақырыбы: Еңбек қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысберуші мен жұмысшылардың құқұқтары мен міндеттері


Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз

  1. Тікелей əрекет етуші заңдар;

  2. Еңбек қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс беруші мен жұмысшылардың құқықтары

  3. мен міндеттері;

  4. Әйелдер еңбегін қорғау;

  5. Еңбек қабілеттілігі төмендеген қызметкерлер еңбегін қорғау;

  6. Жеңілдіктер мен үстемақы (компенсация);

  7. Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясат.



4-СОӨЖ тақырыбы: Еңбек қызметтері үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
4-СӨЖ тапсырмалары: Микроклимат параметрлері жəне олардың гигиеналық нормалануы
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]


БЕСІНШІ АПТА
5 дəріс
Тақырып: Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайлары
Дәріс мазмұны:
1.Өндіріс пен кәсіпорындардың санитарлық жіктелімі.
2. Жұмыс орындарының микроклиматы және олардың параметрлері.
3. Метеорологиялық факторлардың адам ағзасына және еңбек қауіпсіздігіне әсері.
4. Еңбектің нормативтік метеорологиялық жағдайларын жасау тәсілдері.
1. Өндіріс пен кәсіпорындардың санитарлық жіктелімі
Өндірістік микроклимат жергілікті жердің ауа райы және технологиялық процеспен анықталады. Сондықтан әртүрлілігімен ерекшелінеді. Сызба түрінде белгілі бір өндіріс топтарына жататын, жиі кездесетін микроклиматтың типтерін атауға болады.
1.Бірқатар жағдайларда радиациялық салқындату (панельдер) және ауа баптау жүйелерін қолдану арқылы жасалатын оңтайлы метеорологиялық жағ-дайлары бар өндірістік (қолайлы) микроклимат, мысалы, электрондық, радио-техникалық, тоқыма және өнеркәсіптің басқа түрлерінде кездеседі. Ауа баптау және радиациялық салқындату жүйелері өндірістік бөлмелерде, әсіресе ыстық климат белдігінде кең қолданылады.
2. Жылу бөлу таралымымен сипатталатын өндірістік микроклимат:
а) жылу бөлінуі оңша мәнді емес, 20ККал/м3 сағ аспайды; жылу бөлудің негізгі көздері цехта жұмыс істтейтін адамдар мен машиналар;
б) елеулі жылу бөлінулер (20ККал м3 сағ жоғары); жылу бөлу көзі әртүрлі машиналар мен агрегаттар (жылытушы микроклимат)
3. Басымдығында сәулелік жылу бөлу мен сипатталатын өндірістік мик-роклимат (радиациялық микроклимат). Сәуле шығару көздері қызған метелл пештер т.б.
4. Елеулі ылғал бөлумен сипатталатын өндірістік микроклимат:
а) шамалы жылу бөлінуде немесе цехтағы төмен температурада елеулі ылғал бөлу;
б) цехтағы жоғары температурадағы елеулі ылғал бөлу.
5. Төмен температурада және қоршауда салқындатқыш микроклимат.
6. Жергілікті климаттың және ауа райы мен анықталатын ашық жұмыс алаңдарындағы микроклимат.
Адамның өндірістік қызметіндегі микроклиматтық жағдапйлар жұмыс істеушілердің жұмыс қабілетін және денсаулығын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Мысалы, тоқыма комбинатының тоқымашылары цехтағы 28-29С температурада жіптің үзілгенінің жалғау операциясы 3-5сек орындайды, ал ауаның 34с температурасында 1,1 секунд артық жұмсайды, сөйтіп еңбек өнім-ділігін 20-30% төмендетеді. Көмір шахталарында ауа температурасының 25-29% дейінт көтерілгенде еңбек өнімділігі әр градус есебіне 3-4% төмендейді, ыстық цехтарда ауаның температурасы 35С-тан жоғарылағанда, еңбек өнім-ділігі 15% төмендейді.
Өндірістік бөлмелердегі микроклимат белгіленген өндіріс салаларындағы еңбек жағдайларын нормалау бойынша қарастырылған санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес болуы қажет.
Цехтарда, жұмыс орындарында қолайлы микроклимат жасауда ғима-раттардың үнемді құрылымы, технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру процесі, ауа тазалау, желдету, ауа баптау, сәйкесті бет-терді радиоциялық қыздыру мен салқындату, жеке қорғаныс құралдары, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет