Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Адамның әртүрлі электр желілерінде электр тогымен зақымдану жағдайларын талдау



бет44/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

2. Адамның әртүрлі электр желілерінде электр тогымен зақымдану жағдайларын талдау
Электр тоғымен зақымдану қауіптілігінің дәрежесі көбінесе адам денесінің тоқ өткізгіштерге қалай тиіскендігі арқылы анықталады. Бұл тиісу әр жағдайларда электр желісі схемасымен, оның нейтраль (нөлдік өткізгіш) режи-мімен адамның тоқ өткізгішке тиіскен кезінде қандай кейіпте (тұрыста) болған-дығымен байланысты болады. Өндіріс электр қондырғыларында айнымалы тоқтың үш фазалық желісі ең көп қолданылады. Үш фазалық трансформатор (генератор) орамдарының қосылған жерін (нүктесін) нейтраль деп атайды. Бұл нейтралға жалғанған сымды нөлдік өткізгіш дейді. Үш фазалық электр желі-сінің екі түрлі нейтраль режимі (жағдайы) болады: бөлектенген (оқшауланған) нейтраль және жерге қосылған нейтраль. Оқшауланған нейтраль деп жермен жалғаспаған нейтральды айтады.
Электр желісінің тоқ өткізгіштеріне адамның тиісу формасы екі түрлі болады: екі фазалық тиісу және бір фазалық тиісу.
Екі фазалық тиісу адам денесінің екі мүшесімен (мысалы, екі қолымен, бір қолы және аяғымен т.с.с.) электр тоғы бар екі фазалық өткізгіштерге тиіскен жағдайда болады. Бұл жағдайда адам ағзасына электр тоғының толық жұмыс кернеуі әсерін тигізеді.
Бір фазалық тиісу адам бір мүшесімен (мысалы, бір қолымен) бір фазалық тоқ өткізгішке тиіскенде болады. Бұл жағдайда адам ағзасына электр тоғының фазалық кернеуі әсер етеді. Мұнда адам денесіне өтетін тоқтың күші фазалық кернеу және дене кедергісі арқылы анықталады.
Сонымен, фазалық кернеу толық кернеуден кіші болғандықтан 1,73 есе бір фазалық тиісудің екі фазалық тиісуден анағұрлым қауіптілігі төмен болады.
Электр жарақаты пайда болғандағы біршама қауіптісі өндірістік жиілігі 50 Гц-тағы ауыспалы тоқ болып табылады. Ауыспалы тоқтар жүйке жүйесіне, ал тұрақты тоқтар ағзаға термиялық және электрлік әсер етеді. Ағза жағдайы тоқпен зақымдануда маңызы зор. Электр тоғымен зақымданудың көп бөлігі жұмыс күнінің соңында болады. Анықталған дәлелдерге қарағанда адам ағзасындағы әр түрлі сырқат аурулар тоқ соғу қауіптілігін ұлғайтады. Сонымен қатар адамның қажығандығы, шаршағандығы, көңіл жабырқануы, мас болған күйі тағы басқа жағдайлар тоқ соғу мүмкіншілігін жоғарлатады. Өйткені бұл жағдайларда адам денесінің электр кедергісі азайып, өтетін тоқтың күші соншама көбейіп, тоқпен зақымданудың ауырлығы ұлғаяды. Тоқпен жарақаттану кезінде ағзаның жағдайы өте маңызды болып табылады. Электр тоғымен жарақаттанудың көпшілігі жұмыс күнінің аяғына қарай болатыны белгіленген. Жұмыс жасаушының ауыру жағдайы, әсіресе, жүрек қызметінің нашарлауы, сонымен қатар алкогольмен масаю кезінде адамның токқа қарсы-ласу күшін азайтады, зақымдану мүмкіншілігін арттырады және оның ауыртпа-лығын күшейтеді.
Электр тоғымен зақымдану қауіптілігін төмендету үшін әр түрлі қорғану шаралары қолданылады: тоқтың аз шамалы кернеуі, тоқ өткізгіштердің жақсы электр изоляциясы болу, қоршаулар қою, блокировка орнату, сигнал беру жабдығы, тоқ өткізбейтін еденжасау, электр қондырғыларының корпусын тоқ өтпейтін қылу, тоқ өтетін бөлшектерді адам тиісе алмайтындай өтіп орнату, электр машиналарын аулақтан басқару, сақтық құралдарын орнату, ескерту плакаттарды пайдалану, қызметшінің мамандық дәрежесі істейтін жұмысына сай болу, қолданылатын электр қондырғыларының түрін дұрыс белгілеп алу, қорғаныш жержалғанысын орнату, қорғаныш нөлденуін орындау, қорғаныш ағытылу аспаптарын пайдалану, қорғану құралдарын қолдану тағы басқа шаралар.
Адам ағзасына тоқтың физиологиялық әсер етуі бойынша тоқтың шектік, өзгермелі, тартушы түрлерін бөледі. Шектік тоқтар шамасы күш жұмсалған қуат шамасына, адамның қарсылық күшіне, токқа жеке сезімділігіне, тоқ күшінің өту жолына байланысты және 0,6-дан 5 мА-ге дейінгі шекте болады.
Өзгермелі тоқ деп, адам денесінен тоқ өткен кезде электр тізбесін өз беті-мен тоқтата алатын тоқты атайды. Жиілігі 50 Гц өзгермелі ауыспалы тоқтың шамасы 10 мА-ді құрайды. Ал, тұрақты тоқ үшін 70 мА болады.
100 мА және одан жоғары тартушы тоқ жүрек параличіне әкеледі, ал, тоқ денесінде ұзақ (8 секундтан артық) бөгелген жағдайда адам өліп те кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет