Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет43/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

10-СОӨЖ тақырыбы: Электр тоғынан зақымданудан қорғау тəсілдері
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
10-СӨЖ тапсырмалары: Қорғағыш жерлендіру құралдары
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]


ОН БІРІНШІ АПТА

11 дəріс


Тақырып: Электр қауіпсіздігі
Дәріс мазмұны:
1.Электр тогының адамға әсер етуі.
2. Адамның әртүрлі электр желілерінде электр тогымен зақымдану жағдай-ларын талдау.
3. Электр қауіпсіздігі бойынша жайларды жіктеу.
4. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қорғаныстық жерлендіру, нөлдік сымға қосу, токтан ажырату.
5. Электр қорғаныс құралдары және сақтандыру құрылғылары.


1.Электр тогының адамға әсер етуі
Электр тоғымен зақымдану қауіптілігі көбінесе айналадағы ортаның жағдайымен байланысты болады. Бұл жағдайлар: ылғалдық, тоқ өткізгіш еден мен тозаңның барлығы, жермен қосылған металл заттардың көптілігі, бөлменің ыстықтығы, ауада электр изоляциясын бүлдіретін агрессивті заттар болуы т.б.
Электр тоғының адам денесінен өткен кезде оған тигізетін әсері әр түрлі болады: термиялық (қыздыру), электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Бұл жағдайларда адам денесінің басты мүшелері (ми, жүрек, өкпе т.б.) жұмыс істеу әрекеті бұзылуы мүмкін.
Термиялық әсер – денеден өткен тоқтың әсерінен жүйке жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттер, сүйектер тағы басқа органдардың қызуынан және дененің кей жерлерінің күюінен тұрады.
Электролиз әсері – электр тоғының қанды, тұз ерітінділерін және басқа органикалық сұйық заттарды ірітіп, бұзуымен байланысты болады.
Биологиялық әсер – дегеніміз электр тоғының жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды ткандарын қоздырып, бұлшық еттерінің еріксіз дірілдеп, тартылуы болады. Бұл жағдайда жүрек пен өкпе еттері де тартылып, олардың жұмыс істеу әрекеті тоқталады.
Механикалық әсер – бұл бұлшық еттер үзіліп, жыртылып, сүйектер сынып тағы басқадай жараланудан болады.
Сонымен адам денесінен өткен электр тоғының әсерінен ағзада әр түрлі ауыр бұзылыстар болып, адам қатты зақымданып, өлім қауіпі тууы мүмкін.
Бұл көрсетілген электр тоғының ағзаға тигізетін әр түрлі әсерін біріктіріп негізгі екі топқа бөлуге болады: электр зақымдары (жарақаттары) және электр соққысы.
Электр зақымдары дегеніміз дененің әр жерінде анық білінген жарақаттар, оларға жатады электр күйіктері, терінің металлдануы, электр офтальмиясы, механикалық зақымдар.
Күйіктер денеден үлкен тоқ өткен жағдайда немесе тоқ өткізгішке тиіскенде электр дугасының әсерінен пайда болады.
Терінің металлдануы электр дугасының әсерінен металл балқып, оның бөлшектері мен буы терінің астына кіруі мүмкін. Бұл жағдай пісіру жұмысы, рубильникті щиттан ажырату, тоқтың қысқа тұйықталу кезінде пайда болады.
Электр офтальмиясы деп электр дугасының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен көздің сыртқы шырышты қабығының қабынуын (ісінуін) айтады.
Электр соққысы деп тоқтың әсерінен дене еттерінің қозып, дірілдеп, еріксіз тартылуын айтады. Бұл жағдайда анық көрінетін жарақттар болмайды, тек барлық ағза біртұтас зақымданады, оның жұмыс істеу әрекеті бұзылып, қан айналысу және дем алу процестері тоқталуы мүмкін.
Электр соққысының төрт дәрежесі болады:
1.Адам естен танбайды, бұлшық еттер еріксіз дірілдеп, құрысып, тар-тылады.
2.Адам естен танады, бұлшық еттер дірілдеп тартылады, бірақ жүрек пен өкпе жұмыс істейді.
3.Адам есінен танып, жүрек пен өкпенің жұмыс істеу әрекеті бұзылады.
4.Клиникалық өлім (4-8 мин), қан айналысы және дем алу процесі тоқталады.
Электр тоғынан болған өлімнің себептері:дем алу және жүрек соғуының тоқтауы, жүрек фибрилляциясы, электр шогі. Фибрилляция дегеніміз жүректің ырғақсыз (ритмсіз), ретсіз соғуы болады.Бұл жағдайда жүрек қанды айдамай, қан айналысы тоқтап, асфикция болады.
Электр шогі деп денеден өткен тоқтың әсіріне жауап ретінде ағзаның ауыр жүйке рефлекторлық реакциясын айтады. Бұл реакция қан айналысын, тыныс алысын, заттар алмасуын тағы басқа қауіпті зиянды өзгерістер туғызады.
Басқа қауіпті құралдарға қарағанда электр тоғынан зақымдану қауіптілігін арнайы құралдарсыз кернеуді ажырата алмайды.
Адам денесі арқылы электр тоғының жүруі органның кейбір мүшелерін немесе ағзаны толығымен зақымдауы мүмкін.
Электр тоғымен зақымдалудың көптеген маңызды факторлары: адам денесі арқылы өтетін тоқ күші; тоқтың әсер ету ұзақтылығы; тоқ жиілігі; тоқ жолы мен адам ағзасының жеке қасиеттері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет