Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қорғаныстық жерлендіру, нөлдік сымға қосу, токтан ажырату



бет46/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

4. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қорғаныстық жерлендіру, нөлдік сымға қосу, токтан ажырату
Электрқондырғылар электр энергиясын өндіру, трансформациялау, жет-кізу, тарату және энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналар, аппараттар, желілер және көмекші жабдықтардың (олар орнатылған ғимараттар мен жайлармен бірге) жиынтығы.
Электрқондырғылардың конструкциясы атқаратын қызметіне байланысты ПУЭ талаптарына сай келуге тиіс.
Электрқондырғыларына қызмет көрсететін электртехникалық емес және техникалық персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жекелеген қорға-ныш құралдары мен тәсілдері де, олардың үйлесімі де, яғни қорғаныш жүйесі пайдаланылады.
Электр тогымен зақымдану қауіптілігін ескертетін қорғаныш шара-ларына мыналар жатады:
1) төмен кернеуді қолдану;
2) электржабдықтарды қоршаған орта жағдайларына сәйкес таңдау және орнату;
3) электржабдықтардың токөткізуші бөліктерін қоршау;
4) кернеу астында болуы мүмкін барлық металл конструкцияларды жерге қосу немесе нөлге теңестіру құрылғысын, сонымен бірге қорғаныш ажыратуды қолдану;
5) электрқондырғыларына қызмет көрсету кезінде қорғаныш құралдарын қолдану;
6) жұмыс жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру-шылық шаралар.
Барлық электрқондырғылардың сенімді әрі ақаусыз оқшауламасы болуға тиіс. Оқшауламаның дұрыс күйі және оны бақылау – электржабдықтарын қауіпсіз пайдаланудың ең маңызды талаптарының бірі. Оқшауламаның сапасы олар арқылы токтың шығуына кедергісімен анықталады. ПУЭ сәйкес кернеуі 1000 В-ке дейінгі электрқондырғыларында оқшауламаның кедергісі 500 кОм-нан кем болмауға тиіс. Оқшауламаның кедергісін арнайы прибор – мегаомметрмен өлшейді.
Кернеу астындағы токөткізуші бөліктердің кернеуін ажыратпай жұмыс атқарғанда электртехникалық персонал электрқорғаныш құралдарын пайда-лануға міндетті.
Электр оқшаулама дегеніміз ток өткізгіштердің өзара түйісуін немесе электрлік тесілуін болдырмау мақсатында оларды бөлектеуге пайдаланылатын диэлектрик қабат. Электрқондырғылардың токөткізуші бөліктерінің оқшаула-масы адам денесі және кернеу астындағы токөткізуші бөліктер арасында өткізгіштігі төмен электр тізбектерін түзеді. Олармен жүретін токтың мәні адам өміріне қауіп төндіретін мәннен төмен болады (өнеркәсіптік жиіліктегі ток үшін 10 мА-ден жоғары емес).
Оқшауламаның кедергісі материалдағы электр зарядтарының қозғалғыш-тығына және таралуына тәуелді келеді. Олардың қозғалыс сипатына бірінші кезекте температура мен электр өрісінің кернеулігі ықпал етеді.
Электрқондырғының жұмысы кезінде оқшаулама түрліше факторлардың әсеріне ұшырайды, бұл оның ескіруіне (электрлік және механикалық беріктігінің төмендеуіне) әкеледі:
-тығызсыздықтар және микросызаттар арқылы лак жабынды, көмкеруші компаундтар, т.с.с. өтуі нәтижесінде оқшауламаның біртіндеп дымқылдануы;
-электрсымдарының жүктеме тогы, іске қосу тогы және қысқа тұйықталу тогымен қызуы;
-оқшаулама құрылымында газды қосылыстардың ионизациясы жүретін электр өрісінің тұрақты әсер етуі;
-түрліше механикалық әрекеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет