Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Шу мен дірілдің зиянды әсерден қорғау шаралары



бет41/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

4. Шу мен дірілдің зиянды әсерден қорғау шаралары.
Шуды төмендету үшін келесі тәсілдер қолданылады:
1) шуды шу көзінде төмендету (жабдықтар конструкциясын жетілдіру, соққылы процестерді соққысыз процестермен алмастыру, бөлшектер материа-лын алмастыру, т.б.);
2) шуды оның таралу жолында төмендету (дыбыс тұту, дыбыс оқшаулау, бәсеңдеткіштер, т.б.);
3) цех, учаске және жабдықтарды ұтымды жоспарлау және орналастыру;
4) жеке қорғаныс құралдарын қолдану.
Дыбысоқшаулағыш құрылғының тиімділігі мына формуламен анықталады:
ΔLО = L – LО
мұнда L – шу көзіндегі шу деңгейі, дБ;
LО – дыбысоқшаулағышты орнатқаннан кейінгі шу деңгей, дБ.
Шу көзіне дейінгі қашықтыққа байланысты шу деңгейін мына формуламен анықтайды:
ΔLr = L1 − 101 r
мұнда L1 – шу көзінен 1 м қашықтықтағы шу деңгейі, дБ;
r – шу көзінен өлшеу нүктесіне дейінгі қашықтық, м.
Жұмыс орындарын зиянды дірілден қорғау шараларын жүргізу техноло-гиялық процестер мен машиналарды жобалау, өндірістік жайларды жоспарлау, жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау кезеңінде басталуы қажет. Жұмыс іс-теп тұрған өнеркәсіптік жабдықтан болатын зиянды дірілді азайтудың әдістерін екі негізгі топқа бөлуге болады.
1) Пайда болу көзінде қозушы күштердің қарқындылығын азайтуға негіз-делген әдістер.
2) Діріл көзі және басқа машиналар мен құрылыс конструкциялары ара-сындағы тіректік байланыстар арқылы дірілді оның таралу жолында бәсеңдету әдістері, яғни дірілбелсенді машина мен іргетас аралығына дірілоқшаулағыш және дірілтұтқыш құрылғылар орнатылады.
Адам ағзасын діріл әсерінен қорғау техникалық, ұйымдастырушылық және санитарлық-гигиеналық шаралармен жүргізіледі.
Техникалық шаралар минималды динамикалық жүктемелерді туғызатын машиналар пайдаланылатын технологиялық процестерді таңдаудан тұрады, мысалы, бетон қоспасын дірілмен тығыздаудың (дірілалаңшалар) орнына прес-теуді пайдалану.
Ұйымдастырушылық шаралармен діріл туғызатын жабдықтың жұмысын жұмысшылардың минималды саны болатын кезде (түнгі ауысымдағы жұмыс) жоспарлау арқылы діріл әсеріне ұшырайтын жұмысшылар санын қысқартуға қол жеткізіледі.
Дірілден қорғаудың санитарлық-гигиеналық шаралары жұмысшыларды жеке қорғаныш құралдарымен (дірілбәсеңдетуші қолғаптар, кеудешелер, костюмдер және аяқ киім) қамтамасыз етуді және оларды дұрыс пайдалануды қадағалауды қамтиды.
Дірілден қорғаудың негізгі талабы – жобаланатын өндірістік үймеретте атқарылатын жұмыс кезінде еңбектің дірілқауіпсіз жағдайларын жасау. Еңбек-тің мұндай жағдайлары ретінде өндірістік дірілдің шекті күйлерінде жұмыс атқарушылардың кәсіби ауруларына әкелетін қолайсыз әсері болмайтын жағ-дайлары саналады.
Еңбектің дірілқауіпсіз жағдайларына мына шараларды орындағанда қол жеткізіледі:
•дірілқауіпсіз машиналарды, яғни шекті мүмкін мәннен аспайтын діріл туғызатын, осының негізінде жұмысшыларды дірілден қорғаудың қосымша ша-ралары мен құралдарын пайдалануды қажет етпейтін машиналарды қолдану;
•жұмысшыларға әсер ететін дірілді оның таралу жолында төмендететін дірілден қорғау құралдарын қолдану;
•машиналардың техникалық күйін (пайдалану жағдайында) нормативтік-техникалық құжаттамамен қарастырылған деңгейде сақтаудың ұйымдастыру-шылық-техникалық шаралары;
•жұмысшыларға әсер ететін діріл уақытын шектейтін еңбек режимдерін енгізу;
•жұмыс орындарында дірілдің гигиеналық нормаларын қамтамасыз ете-тін технологиялық процестер мен өндірістік жайларды жобалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет