Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Электр қауіпсіздігі бойынша жайларды жіктеу



бет45/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

3. Электр қауіпсіздігі бойынша жайларды жіктеу
Электр қондырғылары деп электр тоғын өндіретін, түрлендіретін, тарататын және пайдаланатын қондырғыны айтады.
Әр түрлі электр қондырғыларында электр тоғымен зақымдану қауіптілігі әр түрлі, яғни электр қондырғыларының орнатылуы электр тоғының көрсеткіштеріне, электр қондырғыларын пайдалану жағдайларына және бөлме ортасының сипатына байланысты болады.
1.Аз шамалы кернеу деп 42 В дейін тоқ кернеуін айтады. Мұндай кернеу көбінесе қол электр саймандарында, жергілікті жарық жасауға, тасымал шырақтарда тағы басқа қажеттерге қолданылады. Қауіптілігі жоғары және өте үлкен бөлмелерде немесе далада болса бұлар үшін кернеу 12 В-тан аспау керек. Жұмыскерлер қол электр саймандарымен жиі және ұзақ уақыт қатыста болғандықтан, олар үшін аз кернеуді қолдану тоқпен зақымдану қауіптілігін едәуір төмендетеді.
2. Электр изоляциясы адам тоқ өткізгіштерге тиіскен жағдайда оны зақымданудан сақтау үшін керек. Электр изоляциясының төрт түрі болады: жұмыс изоляциясы, еселенген (екі) изоляция, күшейтілген изоляция.
Өткізгіштердің жұмыс изоляциясы электр қондырғылардың әдеттегі жұмысын және электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналады.
Қосымша изоляция жұмыс изоляциясы бүлінген жағдайда оған үстеме ретінде қолданылады. Еселенген изоляция жұмыс және қосымша изоляциясының бірлескен түрі болады. Күшейтілген изоляция деп еселеген изоляция сияқты сондай қорғау дәрежесін қамтамасыз ететін изоляцияны айтады.
3. Қоршаулар изоляциясы тоқ өткізгіштерге және жоғары кернеулі өткізгіштерге адамның абайсыз тиісуінен сақтау үшін қолданылады. Қоршау ретінде темір шарбақ, қалқан, жәшік, шкаф, камера, бөлме тағы басқа құрылғыларды пайдаланады.
4. Блокировка арнайы құралдардың көмегімен адамның қызмет барысында қате әрекеттерін болғызбау үшін қолданылады. Ол қауіпті жағдай-ларды туғызбау мақсатпен жұмыскерлерді іс әрекеттерін белгіленген ретпен орындауға мәжбүр етеді.
5. Ескерту сигналы электр қондырғыларында электр тоғы (кернеу) пайда болғанын білдіреді. Сигнал дыбыс немесе жарық түрінде болады.
6. Еден тоқ өткізгіш материалдан жасалған жағдайда (металл, цемент, су ағаш т.б.) адамдар үшін тоқ соғу қауіптілігі жоғары болады, ал материал тоқ өткізбейтін болса (резеңке, асфальт, құрғақ ағаш т.б.) қауіптілік азайады.
7. Электр қондырғыларының корпусы эмаль, лак, сыр тағы басқа бояу-лармен боялған немесе полимер заттардан жасалған болса, тоқпен зақымдану қауіптілігі біршама азайады.
8. Тоқ өткізгіштерді оларға тиісе алмайтын жерлерге орналастыру (биікте, еден астында, қабырға сылақ балшығының ішінде, түтіктерден өткізу т.т.с.) электр зақымдар тууын азайтады.
9. Электр қондырғылардыаулақтан (қашықтан) басқару олармен қызмет-шілердің тікелей қатысуын болдырмай, тоқ соғу мүмкіндігін кемітеді.
10. Электр желісінде тоқтың күші шамадан үлкейген жағдайда (тоқтың қысқа тұйықталуы, желіге көп тоқ тұтынушылардың қосылуы, электр двигате-лінің белдігінде механикалық жүктеменің ұлғаюы т.б.) электр қондыр-ғыларды бүлінуден қорғау үшін арнайы сақтандырғыштарды пайдаланады. Олар балқу сақтандырғышы және автоматтық ажыратқыш түрлерінде болады.
Ең қарапайым және көп тарағаны балқу сақтандырғышы болады. Электр желісінде тоқтың күші үлкейген кезде оның жіңішке қыл сымы жанып кетеді де, электр қондырғысы желіден ағытылып, бүлінуден аман қалады.
11. Ескерту плакаттары жұмыскерлерді тоқпен зақымдану қауіптілігі туралы ескертіп отыру үшін қолданылады. Олардың бірнеше түрлері болады: тыйым салатын, ескертетін, еске түсіретін, рұқсат ететін.
12. Электр жабдықтарына қатысы бар адамдардың мамандық дәрежесі олардың атқаратын қызметіне сәйкес болу керек. Сондықтан электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін әр адамның теориялық және тәжірибелік білімін (дайындығын) тексеріп, оған мамандық категория және куәлік беріледі.
13. Орындалған конструкциясына байланысты электр қондырғылары ашық, қоршалған және жабық болып келеді. Ашық қондырғылардың тоқ өткізгіш және қозғалғыш бөлшектері ашық болғандықтан оларды қауіптілігі төмен бөлмелерде ғана пайдалануға болады. Ашық бөлшектерге абайсыз тиісу мүмкіндігі болмау үшін керекті қауіпсіздік шараларды қолдану керек.
Қоршалған қондырғыларда тоқ өткізгіш және қозғалғыш бөлшектерге тиісу қауіпін болдырмау үшін олар қоршаумен қоршалған болу керек.
Жабық түрлі қондырғылардың ішкі құрлысы сыртқы ортадан түгелдей саңлаусыз (герметикалы) оқшауланған болу керек.
Электр қондырғыларының жарылудан және ылғалдан қорғалған түрлері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет