Бақылау сұрақтары:
1.Электр тогының адамға әсер етуі түрлері
2. Адамның әртүрлі электр желілерінде электр тогымен зақымдану жағдайлары
3. Электр қауіпсіздігі бойынша жайларды жіктеу
4. Қорғаныстық жерлендіру
5.Нөлдік сымға қосу
6.Токтан ажырату
7.Электр қорғаныс құралдары
8.Электр сақтандыру құрылғылары
№11 практикалық сабақтың тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі туралы жалпылама түсінік
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздіңіз
Өртке қарсы қорғану түсінігі;
Өртке қарсы қорғануды қамтамасыз ету;
Өрттің пайда болу қаупінің факторлары.
Өрт сөндіру құралдары.
11-СОӨЖ тақырыбы: Өртке қарсы құрал-сайман;
Есеп беру түрі: ауызша-жазбаша
11-СӨЖ тапсырмалары: Өрт сөндірудің тəсілдері.
Есеп беру түрі: реферат, конспект
Әдебиет: [1- 13]
ОН ЕКІНШІ АПТА
№ 12 дəріс
Тақырып: Өрт қауіпсіздігінің негіздері
Дәріс мазмұны:
1. Кәсіпорын басшылары мен мамандардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі міндеттері.
2. Жану процесі туралы жалпы түсінік. Өрт пен жарылыс, оның себептері мен жіктелуі.
3. Жанғыш заттар. Заттардың өрт және жарылыс қауіптілігі, оның көрсет-кіштері.
4. Өндіріс, ғимараттар мен қондырғылардың өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша жіктелуі.
1. Кәсіпорын басшылары мен мамандардың өрт қауіпсіздігін қамта-масыз етудегі міндеттері
Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы заңдары ҚР Конституциясына негiзделедi және «Өрт қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңынан, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» ҚР Техникалық регламенті-нен, ҚР өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн басқа да заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi:
- өрт қауiпсiздiгi саласында адамдардың өмiрi мен денсаулығын, мен-шiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау;
- ұйымдар мен азаматтардың қызметiндегi қатер деңгейiн алдын-ала анықтау, өрт қауiпсiздiгi саласында сақтандыру шараларына оқытып-үйрету және алдын алу шараларын жүзеге асыру;
- өрт сөндiру, бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару және басқа қажеттi жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, медициналық көмек көрсету, азаматтарды және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, өрт салдарынан аза-маттардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған орта мен шаруашылық жүр-гiзушi объектiлерге келтiрiлген зиянның орнын толтыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |