Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған



бет53/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

І класс – төменгі жарылыс қауіптілік (тұтану) шегі 15 г/мЗ дейінгі жарылысқа ең қауіпті (күкірт, шымтезек, қант жоне басқалардың шаңдары);
ІІ класс – тұтанудың (жарылыстың) төменгі шегі 16-дан 65 г/мЗ дейінгі жарылысқа қауіпті (ұн, алюминий, магний және басқалардың шаңдары);
ІП класс – тұтану температурасы 250 °С-қа дейінгі шаңдар (темекі, элеватор шандары);
ІVкласс – тұтану температурасы 250°С-тан асатын шаңдар (ағаш шаңы).
Құрылыс, тоқыма және былғары материалдарын өрт қаупі бойынша жіктеу олардың қасиеттеріне және өрттің қауіпті факторларының пайда болуына қабілеттілігіне негізделеді.
Құрылыс материалдарының өрт қауіптілігі мынадай сипаттамалармен сипатталады:
1) жанғыштық;
2) тұтану;
3) үстіңгі беті бойымен жалынның таралуы;
4) түтін түзу қабілеті;
5) жанатын өнімдердің уыттылығы.
Құрылыс материалдары жанғыш (Ж) және жанбайтын (ЖБ) болып бөлінеді.
Жанғыш құрылыс материалдары мынадай топтарға бөлінеді:
1) Ж1 (әлсіз жанатын) – түтінді газдарының температурасы 135 С артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 65% артық емес, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 20% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 0 с артық емес құрылыс материалдары;
2) Ж2 (орташа жанатын) – түтінді газдарының температурасы 235оС артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85% ар-тық емес, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 30 с артық емес құрылыс материалдары;
3) Ж3 (қалыпты жанатын) – түтінді газдарының температурасы 450оС артық емес, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85% артық, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық емес, өздігінен жану ұзақтығы 300 с артық емес құрылыс материалдары;
4) Г4 (қатты жанатын) – түтінді газдарының температурасы 450oС артық, сыналатын үлгінің ұзындығы бойынша бүліну дәрежесі 85% артық, сыналатын үлгі салмағы бойынша зақымдалу дәрежесі 50% артық, өздігінен жану ұзақтығы 300 с артық құрылыс материалдары.
Ж1–Ж2 жанғыш топтарына жататын құрылыс материалдары үшін сы-нау кезінде балқыған заттың ыстық тамшыларының түзілуіне жол беріледі.
Құрылыс материалдары өрт қауіптілігімен ғана сипатталады. Жанбай-тын құрылыс материалдары үшін өрт қауіпсіздігінің басқа көрсеткіштері анықталмайды және нормаланбайды.
Жанғыштығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары (соның ішінде едендік кілем жабындары) жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамас-ына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) Т1 (қиын тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 35 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
2) Т2 (орташа тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 20 кВт/м2 кем емес, бірақ 35 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
3) Т3 (тез тұтанатын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шама-сы 20 кВт/м2 кем емес жанғыш құрылыс материалдары.
Үстіңгі беті бойынша жалынның таралу жылдамдығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары (соның ішінде едендік кілем жабындары) жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) РП1 (тарамайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 11 кВт/м2 артық жанғыш құрылыс материалдары;
2) РП2 (әлсіз тарайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 8 кВт/м2 кем емес, бірақ 11 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс мате-риалдары;
3) РП3 (орташа тарайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 5 кВт/м2 кем емес, бірақ 8 кВт/м2 артық емес жанғыш құрылыс мате-риалдары;
4) РП4 (қатты тарайтын) – жылу ағыны тығыздығының сыни бетінің шамасы 5 кВт/м2 кем емес жанғыш құрылыс материалдары;
Түтін түзетін қабілеті бойынша жанғыш құрылыс материалдары түтін түзу коэффициенті мәндеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:
1) Д1 (түтін түзетін қабілеті аз) – түтін түзу коэффициенті 50 м2/кг кем емес, бірақ 500м2 /кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
2) Д2 (түтін түзетін қабілеті орташа) – түтін түзу коэффициенті 50 м2/кг кем емес, бірақ 500м2/кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары;
3) Д3 (түтін түзетін қабілеті жоғары) – түтін түзу коэффициенті 500 м2/кг кем емес, бірақ 500м2/кг артық емес жанғыш құрылыс материалдары.
Жанатын өнімдердің уыттылығы бойынша жанғыш құрылыс материалдары мынадай топтарға бөлінеді:
1) Т1 (аз қауіпті);
2) Т2 (орташа қауіпті);
3) Т3 (жоғары қауіпті);
4) Т4 (төтенше қауіпті).
Тұтануы бойынша тоқыма материалдары мен былғары материалдары тез тұтанатын және қиын тұтанатын материалдарға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет