Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Электр қорғаныс құралдары және сақтандыру құрылғылары



бет47/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

5. Электр қорғаныс құралдары және сақтандыру құрылғылары
Электрқорғаныш құралдары адамды кернеу астындағы электржабдық-тардың токөткізуші бөліктерінен, сонымен бірге жерден (жерде тұрған адамның электрқондырғылардың токөткізуші бөліктеріне немесе оқшауламасы зақым-далған электржабдықтардың металл корпустарына жанасуы кезінде) оқшаулау қызметін атқарады.
Электрқорғаныш құралдары негізгі және қосалқы болып жіктеледі. Оқшауламасы электрқондырғылардың жұмыстық кернеуіне ұзақ мерзімге шыдайтын, кернеу астындағы токөткізуші бөліктерге жанасуға және оларда жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдар негізгі электрқорғаныш құралдар деп аталады. Электрқондырғылардың жұмыстық кернеуінде токпен зақымданудан қорғауды өздігінен қамтамасыз ете алмайтын, алайда, адам денесі арқылы өте-тін токты қауіпсіз шамаға дейін азайтуда негізгі электрқорғаныш құралдарымен бірге қолданылатын құралдар қосалқы электрқорғаныш құралдар деп аталады. Сонымен бірге қосалқы электрқорғаныш құралдары жанасу кернеуі мен адымдық кернеуден қорғау қызметін атқарады.
Кернеуі 1000 В-тан жоғары электрқондырғыларында негізгі электрқорғаныш құралдарына оқшаулағыш және өлшеуіш штангалар, оқшаулағыш және электрөлшеуіш қысқыштар, кернеу нұсқағыштар жатады.
Кернеуі 1000 В-қа дейінгі электрқондырғыларында негізгі электрқорғаныш құралдарына диэлектрлік қолғаптар, оқшаулағыш тұтқасы бар слесарлық-монтаждық құралдар, кернеу нұсқағыштар жатады.
Кернеуі 1000 В-тан жоғары электрқондырғыларында қосалқы электрқорғаныш құралдарына диэлектрлік қолғаптар және боттар, оқшаулағыш сатылар жатады.
Кернеуі 1000 В-қа дейінгі электрқондырғыларында қосалқы электрқорғаныш құралдарына диэлектрлік кебістер, диэлектрлік кілемшелер, оқшаулағыш тұғырлар жатады.
Электрқорғаныш құралдардың оқшауламасы көнеруге және бұзылуға ұшырайды, сондықтан оны кезеңді түрде сынауын жүргізу қажет. Электрқорғаныш құралдарды пайдалануға қабылдау кезінде кернеуді жоғарылата отырып сынайды, сосын мынадай кезеңдерде сынақ жүргізеді:
-диэлектрлік қолғаптар – 6 айда бір рет;
-диэлектрлік кебіс, кернеу нұсқағыштар және оқшаулағыш тұтқасы бар құралдар – 12 айда бір рет;
-өлшеуіш штангалар – 12 айда бір рет;
-оқшаулағыш штангалар және қысқыштар – 24 айда бір рет;
-диэлектрлік бот – 36 айда бір рет.
Сынақ кернеуі және ұзақтығы электрқондырғыларда пайдаланылатын қорғаныш құралдарын қолдану және сынау Ережелеріне сәйкес белгіленеді. Оқшаулағыш тұтқасы бар құралдардан басқа барлық электрқорғаныш құрал-дарда келесі сынақ жүргізудің мерзімі және электрқондырғының жұмыстық кернеуін көрсететін штамп таңбалануы, кетпейтін бояумен жағылуы немесе желімденуге тиіс. Қорғаныштың барлық құралдарын қолдану алдында, кезеңді байқаулардың жүргізілгеніне қарамастан байқап-тексеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет