Кафедрасы оқу курстарының каталогы



бет7/12
Дата14.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#135802
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Дәріс сабақ. Ықтималдылықтар теориясының негізгі ұғымдары мен теориялары. Оқиға және ықтималдылық оқиғаның ықтималдылығы. Жиіліктік ықтималдылық. Ықтималдықтар теориясының аксиомалары. Ықтималдықтар кеңістігі. Тәуелсіз тәжірибелердің тізбегі. Кездейсоқ шамалар жайындағы жалпы түсінік. Дискритті кездейсоқ шамалар. Математикалық үміт және оның қасиеттері. Ықтималдықтар теориясының шектік теоремалары. Математикалық статистика элементтері. Кездейсоқ процестер.

Практикалық сабақ. Ықтималдықтар теориясының алғашқы ұғымдары. Оқиғалар амалдар қолдану. Ықтималдылықтарды есептеу. Шартты ықтималдылық. Толық ықтималдықтар формуласы. Баес формуласы. Екі нәтижесі бар қайталанатын тәуелсіз тәжірибелер тізбегі. Лаплас және Пуассон теңдеулері. Кездейсоқ шамалардың бірқалыпты және қалыпты үлестірім функциялары. Cтатистикалық параметрлерді бағалау. Шартты жиілік бойынша ықтималдылықты бағалу. Кездейсоқ шамаларды компьютерде модельдеу. Тәжірибе нәтижелердің өндеудің статистикалық әдістері.


Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Cтатистикалық параметрлерді бағалау. Шартты жиілік бойынша ықтималдылықты бағалу. Кездейсоқ шамаларды компьютерде модельдеу. Тәжірибе нәтижелердің өндеудің статистикалық әдістерін түсіну.

Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

Soch

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, семинар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5-семестр

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Ағылшынша, орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білімдік пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, семинар-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 90-сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: -

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі



Мазмұны

Дәріс сабақ. Қоғам әлеуметтік-мәдени жүйе. Элеуметтік бірліктер-әлеуметтік өзгерістердің бастауы. Тұлға-белсенді субект. Қоғам мен тұлғаның өзара қатынасы. Тұлғаның жетекші теориялары тұлғаның әлеуметтік байланыстар, әрекеттер, топтар мен жеке тұлғаның арасындағы өзара әрекеттер.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.




Пәннің аталуы

Мемлекеттік тілде іс жүргізу

Қысқартылған атауы

DGYa

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, СӨЖ

Семестр:

5-семестр

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білімдік пәндер, таңдау компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 45-сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: -

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызын түсіну

Мазмұны

Дәріс сабақ. Іс қағаздары пәні қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Пәннің қазіргі өмірімізде ең жиі қолданылатын ресми құжаттар туралы мәлімет беріп, оны тиісті орындарда өз тәжірибелерінде қолдана білуге жаттықтыру болып есептеледі.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Қоғам өмірімізде ең жиі қолданылатын ресми құжаттар туралы мәлімет беріп, оны тиісті орындарда өз тәжірибелерінде қолдана білуге жаттықтыру.

Пәннің аталуы

Интеллектуалды меншікті қорғау

Қысқартылған атауы

OIS

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, СӨЖ

Семестр:

5-семестр

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білімдік пәндер, таңдау компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 45-сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: -

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Негізгі анықтамаларды, кеңселік жүйелерді барынша тиімді пайдалану бағыттарын үйрену.

Мазмұны

Дәріс сабақ. Кіріспе. Негізгі анықтамалар. Кеңселік жүйелерді барынша тиімді пайдалану бағыттарын үйрену. (фирманың мемлекетке және шет елдерге электронды өкілдігі кәсіпорын бөлімшелерінде орындалатын зерттеулерді, технологиялық мәселелері , өндіріс мәселелері, тауар мен қызметті сату мен тұтыну, электрондық маркетингті жүргізу, жарнаманың және ақпараттық шараларды жүргізу, коммерциялық базалар көрсеткіштеріне кіру, электрондық кеңселердің мамандандырылған сараптаушылардың қолданбалы жүйелеріне кіру), құқықты, ғылыми, коммерциялық және т.б.). Араларындағы өзара әрекеттерді жүзеге асыру. Библиография

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Интеллектуалды меншікті қорғау пәні негізінде кеңселік жүйелерді барынша тиімді пайдалану бағыттарын үйреніп, қалыптастыру.

Пәннің аталуы

Электрондық үкімет

Қысқартылған атауы

ЕР

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, СӨЖ

Семестр:

5-семестр

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Ағылшынша, орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білімдік пәндер, таңдау компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 45-сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

1-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: -

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Қалыптастыру принциптерін және электронды үкіметті қалыптастыруға сілтемеледі білу.

Мазмұны

Дәріс сабақ. Электрондық үкіметті қалыптастыру принциптері, электронды үкіметтерді қалыптастыруға сілтемелер, электронды үкіметті қалыптастыру ортасындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясымен негізгі принциптері электорнды үкіметті құру бағытындағы халықаралық өзара әрекеттесу электронды үкіметті қалыптастырудың мүмкін жолдары, электронды үкіметке өтуге дайындықты бағалау

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Электронды үкіметті қалыптастырудың мүмкін жолдары, электронды үкіметке өтуге дайындықты бағалау

Пәннің аталуы

Электроника негіздері

Қысқартылған атауы

ОЕ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, лаборатория. ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5-семестр

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, лаборатория-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 135-сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: жалпы физика курсы, жоғары математика, ықтималдықтар теориясы, статистикалық физика-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Физикалық эксперименттерде электронды зерттеу әдістерін қолдануға мүмкіндік беретін білім жүйесін қалыптастыру.

Мазмұны

Дәріс сабақ. Кіріспе. Сызықты және бейсызық тізбектерді сараптау әдістері. Шалаөткізгіштік құрылғылар жұмысының физикалық негіздері. Электронды күшейткіштер. Гармоникалық тербелістердің генераторлары. Импульстік техника элементтері. Сандық электроника. Есте сақтау құрылғылары.

Лабораториялық сабақ.

  1. Пассивті төртполюстік. Дифференциалдаушы және интегралдаушы тізбектер арқылы гармониялық және тимпульстік сигналдардың өтуі. Уақыт және жиіліктік сипаттамалар арасындағы байланыс. Кернеу бөлгіш.

  2. Биполярлы транзисторды статикалық қалыпта зерттеу.

  3. Резонансты контур. Тізбекті және параллельді контурларды зерттеу.

  4. Гармониялық сигналдар генераторларын зерттеу.

  5. Эмиттерлік және бастау қайталағыштарын зерттеу.

  6. күшейтудің дифференциалды каскады.

  7. Амалдық күшейткіш.

  8. Регистрлер. Регистрлік жады.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Электрондық құрылғылардың элементтік негіздерін, электрондық өлшеу әдістерінің құрылымы және принциптерін, электрондық аспаптарды нақтылы физикалық эксперименттерде қолдана білу.

Пәннің аталуы

Электродинамика

Қысқартылған атауы

Ele

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практика, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5-семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Айтбаев Ермек

Доцент/ оқытушы

доцент

Жұмыс тілі

орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практика-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 135-сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: математикалық анализ, дифференциалдық теңдеулер теориясы, тензорлық және векторлық анализ, теориялық механика, электр және магнетизм -пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Дербес салыстырмалылық теориясының негізгі қағидалары мен электродинамика заңдарының ковариантты жазуларын қарастыру. Кеңістік пен уақыт туралы қазіргі заманғы түсініктерді қалыптастыру.

Мазмұны

Дәріс сабақ. Электродинамика дамуының негізгі кезеңдері. Вакуумдегі электростатикалық өріс. Векторлық өрістер және олардың қасиеттері. Электростатикалық өрістің энергиясы. Заттағы электростатикалық өріс. Потенциалды анықтаудағы есептерді шешудің жалпы тәсілдері. Зат ішіндегі электростатикалық өрістің энергиясы мен күші. Диэлектриктердегі өріс энергиясының термодинамикалық мағынасы. Токтар мен олардың өзара әсері. Магнитті орталар. Тұйық токтың магнит моменті. Максвелл теңдеулері. Потенциалдар үшін Даламбер теңдеулері. өрістің потенциалдары мен кернеуліктерінің байланысы. Электромагниттік өрістің калибрлеулік инварианттылығы. Электродинамикадағы сақталу заңдары. Электромагниттік толқындардың ортада таралуы. Салыстырмалылық теориясының 4 өлшемді математикалық аппараты. 4 өлшемді вектор. 4 өлшемді тензор ұғымдары. Электродинамика заңдарының ковариантты түрдегі жазылуы. Электронның электромагниттік ДСТ инварианттары. Ток тығыздығының төртөлшемді векторы, санақжүйелері өзгергенде оның түрлендіруі, өріс көздерін зарядтарға және токтарға бөлудің салыстырмалылығы. Зарядтар сақталу заңының коварианттық түрі. Төртөлшемді потенциал, санақ жүйесі өзгаргенде электр және магнит өрістерін түрлендіру, осы ұғымдардың салыстырмалылығы.

Практикалық сабақ.

  1. Электростатика. Потенциальді мультипольдік жіктеу.

  2. Магнитостатика

  3. Электромагниттік толқындардың таралуы.

  4. Электромагниттік сәуле шығару.

  5. Дербес салыстырмалылық теориясы.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Негізгі ұғымдар мен заңдарын, олардың математикалық тілде өрнектелуін, классикалық электродинамиканың қолданылу шекараларын, электромагниттік өрістің материалық болмысын, дербес салыстырмалылық принципінің әдістемелік маңызын терең қалыптастыру.

Пәннің аталуы

Атомдық физика

Қысқартылған атауы

АҒ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, лаборатория, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5-семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Айтбаев Ермек

Доцент/ оқытушы

доцент

Жұмыс тілі

орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, лаборатория-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 135-сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: жалпы физика курсының механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, жоғары математика-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Физикалық теорияны бақылаулар, практикалық тәжірибе және эксперименттің қортындылануын түсіну.

Мазмұны

Дәріс сабақ. Атом, қатты дене, атом ядросының және қарапайым бөлшектер физикасының даму кезеңдері. Микроәлем құбылыстарының өлшемдері.Атом туралы кванттық түсініктер. Атом және молекулалар. Атомның периодтық қасиеттері. Α-бөлшектердің шашырауы туралы Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық-ядролық моделі. Резерфорд өрнегі. Атом күйлерінің орнықтылығы және дискреттілігі.

Энергияның деңгейлері және оларды қоздыру әдістері. Шағылысу және жұтылу спектрлерінің жалпы сипаттамасы. Спектрлердің түрлері. Сутегі атомының спектрлік сериясы.Атомның энергетикалық деңгейлері. Сутегі атомы туралы Бор теориясы. Сутегі тәріздес атомдардың спектрлік сериясы. Франк-Герц тәжірибесі. Бор теориясын нақтылы мағлұматтармен салыстыру. Бор теориясының қайшылықтары.

Корпускулалық-толқындық дуализм. Жарық пен бөлшектердің корпускулалық-толқындық табиғаты. Луи де Броиль болжамы. Электрондар мен нейтрондардың дифракциясы. Де-Бройль толқындарының қасиеттері. Дэвиссон-Джермер тәжірибелері. Электрондық микроскоп. Толқындық функция. Қатты дененің кванттық физикасы. Қатты денелердің зоналық теориясының элементтері. Ферми беті. Электрондардың энергетикалық спектрі. Зоналардың электрондармен толтырылуы. Қатты денелердің механикалық, электрлік, жылулық қасиеттері. Металдар мен жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі туралы зоналық теорияның негізгі қағидалары. Кристалдық тордың кванттық тербелістері. Фонондар. Қатты денелердің механикалық, электрлік және жылулық қасиеттері.

Металдар мен диэлектриктердің жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштігі туралы кванттық көзқарас. Кристалдық құрылымның ақаулары. Ақаулардың қатты денелердің физикалық қасиеттеріне әсері. Қатты денелерді зерттеу әдістері.



Лабораториялық сабақ.

    1. Спектрограмма алу және спектрлік сызықтардың толқын ұзындықтарын өлшеу

    2. Атомдық спектрлерді заттың химиялық құрамын анықтау үшін қолдану.

    3. Сутегі атомы спектрін зерттеу. Ридберг тұрақтысын және электрон массасын анықтау.




Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Атомдық молекулалық деңгейде кванттық құбылыстар жайында, атомдар мен молекулалардың электрондық қабықтары себепші болатын физикалық құбылыстар және физикалық модельдер мен жорамалдардың қолданылу шекаралары жайында түсініктер болуы

Пәннің аталуы

Физиканы оқыту үрдісіндегі жаңа оқыту технологияларын талдау.

Қысқартылған атауы

ANOTPOF

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, семинарлық -30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет