Кафедрасы оқу курстарының каталогы


Рентген структуралық әдісі



бет11/12
Дата14.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#135802
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Рентген структуралық әдісі қарастырылады. Оның принциптік схемасы және құрлысы, қапсыздық техникасы түсіндіру.

Марганец бар натрия мен калийді жалынды-фотометрлік анықтау. Зерттеулерге қажетті аппаратуралардың принциптік схемасы.

Заттарды анықтаудың абсолют фотометриялық әдістері. Екі құраушысы бар жүйелердің фотоколориметриялық талдау.

Экстракционды – фотометриялық әдіс. О- фенантролин көмегімен темірдің микросанын анықтау. Бромид–селективті электродты қолданып, бромид- иондардың концентрациясын анықтау. Газдық хромоторгафтағы көмірсутектер қоспасының сапалық және сандық сараптамасы. Азот қышқылындағы сульфат- иондар қоспасын анықтау. Қағаздағы электрохромотография.

Практикалық сабақ: -Колариметрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Нефеломертлік және трубидеметрлік анализ жасау әдістерінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Рефратометрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Поляриметрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Люминесценттік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Кондуктометрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Потенциометрлік анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.



- Электронды микроскопиялық анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін.

- Қатты денелердің құрылымын зерттейтін дифракциялық әдістердің физикалық негізін.

- Осы зерттеулерге қажетті үлгілер дайындау методикасын.


Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Физика саласындағы ғылыми-зерттеу және оқыту үрдісінде физика-химиялық әдістерді пайдалану мәселелерін қатыстыру.

Пәннің аталуы

Рентгенқұрылымды талдау

Қысқартылған атауы

RA

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары

(егер бар болса)



Дәріс, практика, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Налтаев Азретай

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практика-15 ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: жалпы физика курсы, теориялық физика, математикалық талдау-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Физика саласындағы ғылыми-зерттеу және оқыту үрдісінде физика-химиялық әдістерді пайдалану мәселелерін қатыстыру.

Мазмұны

Дәріс сабақ: Физика-химиялық анализ сабағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті физика-химиялық тәсілдер мен әдістемелер пайдаланылады. Бұндай зерттеулер жүргізу үшін, электрондық және оптикалық микроскоптар, спектрлерді зерттеу үшін спектрография тәсілі, структураны зерттеу үшін рентген дифракциясын және резонанстық тәсілдер пайдаланылады (ЭПР, ЯМР, ПМР). І-VІІІ нейтрондардың, электрондардың, рентген сәулелерінің энергияларына байланысты кристалдардан шашцрауын атомдық, структуралық факторлардың әсері қарастырлады.. Кристалдардың геометриясы мен симметриясын анықтауда нейтрондардың, электрондардың, регтген сәулелердің дифракциясын пайдалану тәсілдері көрсетіледі. Ядролық, протондық, гамма сәулелерінің резонанстық құбылыстары пайдаланады.

Практикалық сабақ: Қысқа толқындардың шарттары. Де Броилль толқындары. Шашырау ұзындықтары. Шашыраудың көлденең қимасы. Электромагниттік толқындардың атомдарын шашырауы. Электрондардың шашырауы. Жылулық нейтрондардың ядродан шашырауы. Идеал кристалдардан шашыраудың интенсивтілігі. Кристал пластинкалардан Брегг шашырауы. Кристалдардағы ақаулардың рентген сәулелерінің шашырауына әсері. Лауьэ тәсілі. Дебай тәсілі. Ұнтақ тәсілі. Кристалдарды айналдыру тәсілі. Опто-электрондық тәсілі. Гама квантарының ядромен әсерлесуі. Мессбауэр эфектісі. Ямр. Гамма резонанстық спектроскопиясы.


Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Электромагниттік толқындардың кванттық, толқындық қасиеттерін ашып көрсетілуі қажет. Дененің жалпы көлемінің өзгерісін дилатометрия тәсілі арқылы зерттейді. Физиканың дамуына дифракциялық және резонанстық зерттеулердің ролін және физика-химиялық анализ негіздерін, физиканың зерттеулер мен оқыту саласында пайдалану әдістерін кеңінен көрсетілуін білу.


Пәннің аталуы

Электронды микроскопиялық зерттеу әдістері

Қысқартылған атауы

ЕММІ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, практикалық-30, ӨСӨЖ-60, СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -180сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: Жалпы физика курсы, теориялық физика, математикалық талдау-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Физика саласындағы ғылыми-зерттеу және оқыту үрдісінде электронды-микроскопиялық зерттеу әдістерін пайдалану.

Мазмұны

Дәріс: Электрондық микроскоптардың қандай физикалық құбылысқа байланысты жұмыс істеу принцпі қарастырылуы керек. Электрондық микроскоптардың бірнеше түрлерінің құрылысы толық түсіндірілуі қажет. I-II лекцияларда электронды микроскоптардың физикалық негіздері қарастырылады. III-XXV лекцияларда бірнеше электрондық микроскоптардың типтерінің құрылысы мен жұмыс істеу принциптері қарастырылды.

XXV-XXX лекцияларда осы электрондық микроскоптарға үлгілер дайындау мәселесі қарастырылады. Электронды микроскопиялық анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін. Жарық оптика микроскопынан электрондық микроскопқа өту. Жарықтандфырғыш электрондық микроскоптың жұмыс істеу принципі. Магниттік электрондық микроскоп. Электростатикалық электрондық микроскоп. Электрондық микроскоптың ажыратқыштық қабілеті.



Практикалық сабақ : Электронды микроскопиялық анализ әдісінің физикалық негізін және онда пайдаланылатын қондырғылардың жұмыс істеу принципін. Жарық оптика микроскопынан электрондық микроскопқа өту. Жарықтандфырғыш электрондық микроскоптың жұмыс істеу принципі. Магниттік электрондық микроскоп. Электростатикалық электрондық микроскоп. Электрондық микроскоптың ажыратқыштық қабілеті. Жарықтандырғыш элекртондық микроскопия-TEM Сканерлейтін микроскоп –STM. Атомдық микроскоп-AFM. Электрондық микроскоп –EM14. Электрондық микроскоптарда зерттеу әдістемелері. Шашыратқыш электрондық микроскоп. Эмиссиялық микроскоп. Айна электрондық микроскоп. Қатты денелерді электрондардың дифракциясы арқылы зерттеу.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Бұл зерттеулер қазіргі заманғы технологияларда пайдаланылатын материалдардың физика-механикалық қасиеттерін зерттеу әдістерін білу.

Пәннің аталуы

Конденсирленген күй физикасы

Қысқартылған атауы

ҒКV

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, лабораториялық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Налтаев Азретай

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, лабораториялық-15, ӨСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: жалпы физика курсы, теориялық физика, математикалық талдау-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Конденсирленген күй физикасының құрылымы, ондағы физика-механикалық, жылулық электрлік, магниттік, оптикалық т.б. қасиеттері туралы толық мағлұмат беру.

Мазмұны

Дәріс сабақ: Конденсирленген күйдің мазмұны. Конденсирленген қатты орталар. Конденсирленген қатты денелердің классификациясы және олардың негізгі қасиеттері. Конденсацияланған қатты денелерді зерттеу әдітері және оларды қодану салалары. Конденсирленген кристалдардың нүктелік симметриясы. Кристалдың кеңістік торы. Кристалдың трансляциялық симметриясы. Кристаллографиялық координаттар жүйесі. Түйінді жазықтықтар мен түзулердің кристаллографиялық белгілері. Трансляциялық симметрия топтары. Кері топтар. Қатты денелердің атомдық құрылымын анықтау әдістері. Лауэ және Вульф Брэгг форулалары. Атомдық және құрылымдық шашырату факторлары. Кристалдың симметриясы мен физиалық қасиеттері.Ван-Дер-Ваальс күштері. Байланыс энергияы. Молекулалық кристалдар.Иондық кристалдар. Маделунг энергиясы. Маделунг тұрақтысын есептеу. Коваленттік кристалдар. Металдар. Сутекті және аралас байланысты кристалдар.

Қатты дененің күш салынған және деформацияланған күйлері. Гук заңы. Кристалл қатты денелердің серпімді және пластикалық қситтері. Біртекті шектің бірөлшемді тербелістері. Монокристалдағы серпімді толқындар. Біратомды сызықты тізбектің тербелістері. Базисы бар бірөлшемді тордың тербелістері.Үшөлшемді тор атомдарының тербелістері.Борн-Карман шекаралық шарты және күйлер тығыздығы. Кристалл торының тербелістерін кванттау. Фонондар. Қатты денелер үшін Шредингер теңдеуі. Бірэлектронды жуықтау. Блох функциясы. Кристалдағы электронның толқындық векторының қасиеттері. Бриллюэн аумақтары. Ферми беті. Кристалдағы электрондардың энергиялық спектрі. Крониг- Пенни моделі. Аумақтардың электрон-дармен толуы. Металдар- диэлектриктер, шалаөткізгіштіктер. Электронның эффектив массасы. Ақаулардың классификациясы. Нүктелік, сызықты және көлемдік ақаулар. Ақаулардың бірқалыпты концентрациясы. Радиациялық ақаулар. Дислокациялар. Бюргерс контуры мен векторы. Дислокацияның пайда болу энергиясы. Дислокацияның ақаулармен өзара әрекеттесуі.Кристалдың физикалық қасиеттеріне ақаулардың әсері. Конденсирленген қатты денелердің жылу сыйымдылығы. Дюлонг-Пти заңы. Эйнштейн жылу сыйымдылық теориясы. Дебай жылу сыйымдылық теориясы. Фонондар тұрғысынан қарастырылған жылу сыйымдылық формуласы. Металдың жылу сыйымдылығы. Бос электрондардың үлесін ескеру. Қатты денелердің жылулық кеңейуі. Қатты денелердің жылу өт-кізгіштігі. Атом тербелістеріне байланысты жылу өткізгіштік. Металдың жылу өткізгіштігі.

Қатты денелердің жылу өткізгіштігіне бос электрондардың үлесін ескеру. Қатты денелердегі диффузия.Металдың электрөткізгіштігі. Шалаөткізгіштердің өзіндік және қоспалық өткізгіштігі. Диэлектриктердің электрөткізгіштігі. Қатты денелердің электр қасиеттеріне беттік деңгейлердің әсері. Диэлектриктердің үйектеуі. Негізгі сипаттамалары. Диэлектриктік өтімділігі мен үйектелуі арасындағы байланыс. Диэлектриктік өтімділіктің жиіліктен тәуелділігі. Диэлектриктік шығындар. Сегнетоэлектриктер.Магнетиктердің классификациясы. Қатты денелердегі диамагнетизм және парамагнетизм. Ферромагнетизм. Вейсс молекулалық өрісі. Дорфман тәжірибесі. Алмасулық өзара әрекет және оның ферромагнетизмнің пайда болуындағы рөлі. Спин толқындары. Антиферромагнетизм және ферримагнетизм. Ферромагниттік домендер. Магнит резонансы. Ноль кедергісі. Асқынөткізгіштік ауысудың температурасы. Мейенер эффекті. Сындық магнит өрісі. Кристалл құрылымы және изотоптық эффект. Электронның жылуөткізгіштікке қоса-тын үлесі. Электромагнит сәулелердің жұтылуы. Магнит ағынын кванттау. Джозефсон эффектілері. Купер жұптары. Бардин- Купер- Шриффер теориясы. Жоғары температуралық асқынөткізгіштік.Оптикалық константалар. Кристалдардың жарықты жұтуы және шағылдыруы. Шалаөткізгіштердегі рекомбинациялық сәулелер. Тосын және индукцияланған сәулелендіру. Қатты денелік лазерлер.Аморфты қатты денелердің құрылымы. Кристалл емес қатты денелердің энергиялық спектрі. Аморфты шалаөткізгіштер. Аморфты шалаөткізгіштердің қолдануы. Аморфты диэлектриктер. Аморфты металдар.

Лабораториялық сабақ:

1.Конденсацияланған кристалдардың нүктелік симметриясы. Кристалдың кеңістік торы. Кристалдың трансляциялық симметриясы. Кристаллографиялық координаттар жүйесі. Түйінді жазықтықтар мен түзулердің кристаллографиялық белгілері.

2. Ван-Дер-Ваальс күштері. Байланыс энергияы. Молекулалық кристалдар.

3. Қатты дененің күш салынған және деформацияланған күйлері. Гук заңы.

4.Біртекті шектің бірөлшемді тербелістері. Монокристалдағы серпімді толқындар. Біратомды сызықты тізбектің тербелістері.

5. Қатты денелер үшін Шредингер теңдеуі. Бірэлектронды жуықтау. Блох функциясы.

6. Ақаулардың классификациясы. Нүктелік, сызықты және көлемдік ақаулар.

7. Конденсацияланған қатты денелердің жылу сыйымдылығы. Дюлонг-Пти заңы.

8. Металдың электрөткізгіштігі.

9. Диэлектриктердің үйектеуі. Негізгі сипаттамалары.

10.Магнетиктердің классификациясы. Қатты денелердегі диамагнетизм және парамагнетизм.

11. Ноль кедергісі. Асқынөткізгіштік ауысудың температурасы.

12. Жарықтың қатты денелермен өзара әрекеттесуінің түрлері.

13. Оптикалық константалар.14. Аморфты қатты денелердің құрылымы.



Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Ғылым мен технологияның дамуы үшін біліктілігі жоғары мамандар дайындау қажет. Қазіргі заманғы нанотехнологияны жетік еңгеру үшін, қатты денелер физикасының рөлі өте жоғары. Сапасы жоғары машиналар, станоктар, әуе кемелерін т.б жасау үшін, олардың жеке бөліктерінің сапасы жақсы болуы қажеттілігін игеру.

Пәннің аталуы

Физикадан оқу құралдарын дайындау.

Қысқартылған атауы

ISOF

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, лабораториялық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Нұрашев Хамзе Есмаханұлы

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, лабораториялық-15, ӨСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: Жалпы физика курсы-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Болашақ физика пәні мұғалімдерінің педагогикалық дағдыларын жақсарту мақсатында көрнекі құралдарды пайдалану, дайындау барысының алғы шарттарын білу.

Мазмұны

Дәріс сабақ: Оқу жабдықтарын қолданудың жалпы әдістері мен сипаттамасы. Физика курсының бөлімдері бойынша оқу жабдықтары және оны дайындау әдістері. Молекулалық физика курсы бойынша оқу жабдықтары мен құралдары. Электр және магнетизм курсы бойынша оқу жабдықтары мен құралдарын дайындау, пайдалану әдістері. Оптика және атомдық физика курсы бойынша оқу жабдықтары мен құралдарын дайындау.

Лабораториялық сабақ: Оқу құралдарын қолданудың жалпы әдістемесі. Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар. Кинематика бөлімін оқыту үшін әртүрлі слайдтар жасау. Ньютон заңдарын түсіндіруге демонстрациялық тәжірибелер дайындау. Механикадағы сақталу заңдарын түсіндіру үшін слайд, тәжірибе дайындау. Ракетаның моделін жасау. Зат күйлері түсіндіруге арналған тәжірибелерді компьютердің көмегімен дайындау. Броундық қозғалыс, диффузия тақырыптары бойынша виртуальдық лабораториялық жұмыс дайындау. Және орындау. Газ заңдары тақырыптары бойынша демонстрациялық тәжірибелер дайындау. Электростатика тарауы бойынша компьютерлік моделдерді жасау. Тұрақты ток тарауы бойынша электрлік сызбалар, кестелер, демонстрациялық тәжірибелер жсау. Магнит өрісі тарауы бойынша слайдтар, виртуальдік лабоарториялық жұмыстар және демонстрациялық тәжірибелер дайындау және жасау. Оптика бөлімі бойынша слайд жасау. Атомдық және ядролық физика бөлімдері бойынша слайд және виртуальдік лабораториялық жұмыс дайындау.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Физика курсының мектеп жабдықтарының классификациясы, моделдер, кестелер, таспа-дыбыс құралдары, зертханалық құралдар дайындау және жасау.

Пәннің аталуы

Физикадан приборлар мен жабдықтарды дайындау.

Қысқартылған атауы

ІРРҒ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, лабораториялық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Нұрашев Хамзе Есмаханұлы

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, лабораториялық-15, ӨСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: Жалпы физику курсы - пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Физикадан приборлар мен жабдықтарды дайындауда жабдықтарды тиімді пайдалану, оқу процесінде ұйымдастыру оны дайындау барысының алғы шарттарын білу керек..Болашақ физика пәні мұғалімдерінің педагогикалық дағдыларын жақсарту мақсатында көрнекі құралдарды пайдалану, дайындау барысының алғы шарттарын білу.

Мазмұны

Дәріс сабақ: Физика сабағында лабораториялық приборлар мен жабдықтарды қолдан жасауы бойынша талапқа сай көркемдеу. Приборлар мен жабдықтарын қолданудың жалпы әдістері мен сипаттамасы. Физика курсының бөлімдері бойынша оқу жабдықтары және оны дайындау әдістері. Молекулалық физика курсы бойынша оқу жабдықтары мен құралдары. Электр және магнетизм курсы бойынша оқу жабдықтары мен құралдарын дайындау, пайдалану әдістері. Оптика және атомдық физика курсы бойынша оқу жабдықтары мен құралдарын дайындау.

Лабораториялық сабақ: Приборлар мен жабдықтары қолданудың жалпы әдістемесі. Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар. Кинематика бөлімін оқыту үшін әртүрлі слайдтар жасау. Ньютон заңдарын түсіндіруге демонстрациялық тәжірибелер дайындау. Механикадағы сақталу заңдарын түсіндіру үшін слайд, тәжірибе дайындау. Ракетаның моделін жасау. Зат күйлері түсіндіруге арналған тәжірибелерді компьютердің көмегімен дайындау. Броундық қозғалыс, диффузия тақырыптары бойынша виртуальдық лабораториялық жұмыс дайындау. Және орындау. Газ заңдары тақырыптары бойынша демонстрациялық тәжірибелер дайындау. Электростатика тарауы бойынша компьютерлік моделдерді жасау. Тұрақты ток тарауы бойынша электрлік сызбалар, кестелер, демонстрациялық тәжірибелер жсау. Магнит өрісі тарауы бойынша слайдтар, виртуальдік лабоарториялық жұмыстар және демонстрациялық тәжірибелер дайындау және жасау. Оптика бөлімі бойынша слайд жасау. Атомдық және ядролық физика бөлімдері бойынша слайд және виртуальдік лабораториялық жұмыс дайындау.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Физика курсының мектеп жабдықтарының классификациясы, модельдер, кестелер, таспа-дыбыс құралдары, зертханалық құралдар дайындау және жасау.Ол үшін демонстрайиялық тәжірибе, фронтальді лабораториялық жұмыс физикалық практикум түсініктерін толық жеткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет