Кафедрасы оқу курстарының каталогы



бет12/12
Дата14.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#135802
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Пәннің аталуы

Физпрактикумның приборлары мен жабдықтарын дайындау.

Қысқартылған атауы

ІРРҒ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Нұрашев Хамзе Есмаханұлы

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, лабораториялық-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: Жалпы физика курсы-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Физпрактикумнан приборлар мен жабдықтарды дайындауда жабдықтарды тиімді пайдалану, оқу процесінде ұйымдастыру оны дайындау барысының алғы шарттарын білу керек. Болашақ физика пәні мұғалімдерінің педагогикалық дағдыларын жақсарту мақсатында көрнекі құралдарды пайдалану, дайындау барысының алғы шарттарын білу.

Мазмұны

Дәріс сабақ: Физика пәні бойынша модельдер жасау. Физика сабағында өзіндік жұмыстарды жүогізу жүйесі. Физпрактикумның жабдықтарын қолданудың жалпы әдістері мен сипаттамасы. Физика курсының бөлімдері бойынша оқу жабдықтары және оны дайындау әдістері. Молекулалық физика курсы бойынша оқу жабдықтары мен құралдары. Электр және магнетизм курсы бойынша оқу жабдықтары мен құралдарын дайындау, пайдалану әдістері. Оптика және атомдық физика курсы бойынша оқу жабдықтары мен құралдарын дайындау.

Лабораториялық сабақ: Физпрактикумнан приборлар мен жабдықтарды қолданудың жалпы әдістемесі. Көрнекі құралдарға қойылатын талаптар. Кинематика бөлімін оқыту үшін әртүрлі слайдтар жасау. Ньютон заңдарын түсіндіруге демонстрациялық тәжірибелер дайындау. Механикадағы сақталу заңдарын түсіндіру үшін слайд, тәжірибе дайындау. Ракетаның моделін жасау. Зат күйлері түсіндіруге арналған тәжірибелерді компьютердің көмегімен дайындау. Броундық қозғалыс, диффузия тақырыптары бойынша виртуальдық лабораториялық жұмыс дайындау. Және орындау. Газ заңдары тақырыптары бойынша демонстрациялық тәжірибелер дайындау. Электростатика тарауы бойынша компьютерлік моделдерді жасау. Тұрақты ток тарауы бойынша электрлік сызбалар, кестелер, демонстрациялық тәжірибелер жсау. Магнит өрісі тарауы бойынша слайдтар, виртуальдік лабоарториялық жұмыстар және демонстрациялық тәжірибелер дайындау және жасау. Оптика бөлімі бойынша слайд жасау. Атомдық және ядролық физика бөлімдері бойынша слайд және виртуальдік лабораториялық жұмыс дайындау.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Физпрактикумнан приборлар мен жабдықтарды қолдау және оған қойылатын талаптарды игере білу керке. Физика курсының мектеп жабдықтарының классификациясы, модельдер, кестелер, таспа-дыбыс құралдары, зертханалық құралдар дайындау және жасау.Ол үшін демонстрайиялық тәжірибе, фронтальді лабораториялық жұмыс физикалық практикум түсініктерін толық жеткізу керек. Мектептегі жұмыстың жағдайына байланыстыру принципі, яғни сипаттамасы, таңдап алуы, пайдалану, бағалау, әрі қарай жетілдіру принципін ұстану.

Пәннің аталуы

Жартылай өткізгіштер физикасы

Қысқартылған атауы

Pd

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Қабылбеков Кенжехан Арыстанбекұлы

Доцент/ оқытушы

доцент

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, лабораториялық-15 ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: жоғары математика, физиканың жалпы курсы-пәндері.


Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Жартылай өткізгіштер физикасын оқытудағы негізгі мақсат, болашақ физика пәнінің маманы, қатты денелердегі физикалық құбылыстарды, заңдары және процестері туралы толық түсіне меңгеруі қажет; құбылыстар қатты денелер мен конденсирленген күй шамаларының арасындағы байланыстарды математикалық тұрғыдан өрнектей алу; құбылыстардың жалпы заңдылықтарын, осы саладағы нақты теориялық және практикалық есептерді шешуде, ұтымды қолдана білуді; жұмыс барысында анықтамаларды, оқу әдестемелік құралдарды тиімді пайдаланылып, басқа да қажетті ғылыми- техникалық мағлұматтарды іздеп тауып, олармен жұмыс істей алуды қалыптастыруға мүмкіндік жасау және білімді жоғары деңгейге жеткізу

Мазмұны

Дәріс сабақ 1. Заттардың кластарға бөлінуі. Металдардың электрөткізгішінің Друде-Лоренц моделі бойынша классикалық теориясы. Ом заңыңың дифференциалды түрі. Металдардың жылу өткізгіштігі. Видеман-Франц заңы. Классикалық теорияның кемшіліктері. Холл эффектісі. Метал кедергісінің магнит өрісінде өзгеруі. Кванттық физика элементтері. Бор атомы және Бор теориясының кемшіліктері.Микробөлшектердің толқындық қасиеттері. Гейзенбергтің анықталмағыштар қатынасы. Щредингер жалпы және стационар теңдеулері. Толқындық функция және оның статистикалық мағынасы. Потенциалдық шұңқырдағы электрон. Энергияның, импульс моментінің квантталуы. Электрон спині. Пули принципі және Менделеевтің периодтық таблицасы. Заттардың электрондық құрылым конфигурациясы. Электронның потенциалдық тосқауылмен өзара әсері. Тосқауылдан шағылу және өту коэффициенттері. Туннелдік эффект. Гармонкалық осциллятордағы бөлшектердің энергиясы. Нөлдік энергия. Зоммерфельд бойынша металдар теориясы. Электрондардың металдағы энергетикалық спектрлері. Мүмкін күйлер тығыздығы. Электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша таралуы. Металдағы электрондардың концентрациясы. Электрондардың орташа энергисы. Металдағы электрон газының жылу сыйымдылығы. Ферми деңгейі. Метадардағы кейбір кинетикалық эффектілер. Зоммерфельд теориясының кмшіліктері. Зоналық теория арқылы шешілетін есептер, жуықтаулар. Кристалдың энергетикалық спектрінің зоналық сипатын тағайындау әдістері. Кристалдар тосқауылындағы туннельдік эффектіні тағайындау. Зоналардың түзілуі. Мүмкін күйдің зоналар енін бағалау. Зоналар құрылымы. Зоналық теория тұрғысынан қарағанда металдар, диэлектриктер, жартылай өткізгіштер және жартылай металдар. Бриллюон зоналары. Бриллюон зонасындағы күй саны. Зоналардың толтырулары және Ферми бетінің формасы. Электрондардың зоналардағы қозғалысы. Эффективтік масса. Магнит өрісінде электр энергиясын кванттау. Циклотронды резонанс. Осцилляциялы эффектілер. Ток тасушылардың электр және магнит өрісітеріндегі қозғалыс теңдеулері. Жартылай өткізгіштер және олардың электрлік қасиеттері. Меншікті жартылай өткізгіштер және олардың электр өткізгіштігі. Лабораториялық сабақ: Өзіндік жартылай өткізгіштердегі ток тасушылар концентрациясы. Қоспалы жартылай өткізгіштер. Жартылай өткізгіштердегі ток тасушылардың қозғалғыштығы. Жарықтың жартылай өткізгіштерге әсері. Термоэлектрондық эмиссия. Электронның шығу жұмысы. Контактідегі-түйісу потенциалдар айырымы. Металл мен жартылай өткізгіштің контактісіндегі құбылыстар. Металл-жартылай өткізгіш контактісінде электр тогын түзету. Жартылай өткізгіштердегі термоэлектрлік құбылыстар. Электрондық және тесіктік жартылай өткізгіштердің контактісі. р-n ауысуда токты түзету. Әрекеті көлем қасиетінің өзгерісіне негізделген жартылай өткізгіш приборлар. Терморезисторлар. Фоторезисторлар. Тензокедергілер. Холл эфффектісі негізінде істейтін приборлар. Магниторезисторлар. Ганн диодтары. Әрекеті р-n ауысуға негізделген жартылай өткізгіш приборлар. Жартылай өткізгіш диодтар. Поликристалдық түзеткіштер. Жартылай өткізгіш күшейткіштер-транзисторлар. Каналдық транзисторлар. Жартылай өткізгішті жарық көздері Лазерлер. Оптрондар. Томсон және Пельтье эффектілеріне негізделген термоэлекрлік приборлар. Интегралдық микросхемалар, микротехнология. Электрондық қондырғылар. Планарлы және планарлы-эпитаксиалды микротехнология. Үлкен интегралдық схемалар және ЭЕМ. Гибридті және үйлестірілген интегралдық микросхемалар.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Оқу әдестемелік құралдарды тиімді пайдаланылып, басқа да қажетті ғылыми- техникалық мағлұматтарды іздеп тауып, олармен жұмыс істей алуды қалыптастыруға мүмкіндік жасау және білімді жоғары деңгейге жеткізу.

Пәннің аталуы

Металдар физикасы

Қысқартылған атауы

ҒМ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, лабораториялық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.

Қабылбеков Кенжехан Арыстанбекұлы

Доцент/ оқытушы

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақша , орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, лабораториялық-15 ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: жоғары математика, физиканың жалпы курсы-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Металдар физикасы жалпы білім беретін пәндермен қатар студент-физиктерді теориялық дайындаудың негізі болып табылады және олардың физика ғылымын табысты игеруі үшін маңызды база ролін атқарады. Металдар физикасын болашақ физика мұғалімдеріне үйрету келесі мәселелерді көздейді. Металдардың маңызы., оның дамуына негіз болған негізігі тәжірибелер. Металл күйінің физикалық критерийі. Ферми-Дирак статистикасы. Туындаған электронды газдың парамагнетизмі.

Мазмұны

Дәріс сабақ: Металдардың түрлері. Металдар, олардың қорытпалары және қоспалары. Қатты денелердің зона теориясы жайлы түсінік. Ионды решетканың статикасы, ионды рнешетка динамикасы. Кәдімгі топ металдары. Ландау бойынша туындаған электронды газдың диамагнетизмі. Зона теориясы. Металл- жартылай өткізгіштік критерийі.

Семинарлық сабақ: Металдардың түрлері. Зона теориясы. Ионды решетканың статикасы, ионды решетка динамикасы. Нүктелік дефекттердегі фотондардың локализациясы. Металл типтері.Өткізгіштік электрондардың классикалық теориясы. Ферми- Дирактың кванттық статистикасын өткізгіш электрондар газына қолдану. Ферми- газдағы осциляциялық эффекттер. Жылу өткізгіштік және Видеман-Франц заңы. Жоғарғы жиілікті қасиеттер. Циклотронды резонанс. Кристалдардағы электронды толқындар. Металдар мен жартылай өткізгіштердегі ток тасушылар. Шредингер теңдеуін шешу, ұяшықтар әдісі.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Металдар физикасы пәнін оқып үйрену және оны қолдана білу басқа пәндермен байланысты нығайтады. Сонымен қатар бұл пәнді оқып үйрену студенттерді көптеген физикалық құбылыстардың негізін түсіне білу.

Пәннің аталуы

Сұйықтар мен газдар физикасы.

Қысқартылған атауы

FJG

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр7

Оқытушының Т.А.Ә.

Қабылбеков Кенжехан Арыстанбекұлы

Доцент/ оқытушы

Доцент

Жұмыс тілі

Қазақша , орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, лабораториялық-15 ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: жоғары математика, физиканың жалпы курсы-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Сұйықтар мен газдар физикасы жалпы білім беретін пәндермен қатар студент- физикатерді теориялық дайындаудың негізі болып табылады жэәне олардың физика ғылымын табысты игеру

Мазмұны

Дәріс сабақ: Сұйықтар мен газдар жайлы жылпы түсінік. Қысым жайлы түсінік. Сұйық және газтектес денелердің ағуы. Денеге сұйыцқ немесе газ ағынының әсері. Гидродинамикалық ұқсастық заңдылықтары. Тұтқырлық сұйық ағыныдағы дене. Ток өткізетін тұтас орталар.

Практикалық сабақ: Сығылмайтын сұйықтардың гидростатикасы. Барометрлік формула. Идеал сұйық динамкиасының негізгі заңы. Бернулли теңдеуі. Құбырдағы тұтқыр сұйық ағысы. Эйлер теңдеуі. Навье-Стокс теңдеуі. Гидродинамикалық ұқсастық. Өлшемсіз критерийлер. Сұйықтың потенциалдық қозғалысы. Құйын қозғалыс. Шекаралық қабат. Даламбер парадоксы. Көтергіш күш. Маңдайлық кедергі. Үзілісті ағыс. Магнус эффектісі.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Сұйықтар мен газдар физикасы пәніне шолу жасау. Сұйықтар мен газдардың жалпы қасиеттері, оны негіз болған тәжірибелер. Идеал сұйық, тұтқыр сұйық, сығылмайтын сұйық сияқты терминдерді түсіндіру, газдар мен сұйықтардың механикасы және газдар мен сұйықтардың теп-теңдігі мен қозғалыс заңдылықтарын ашып көрсету.

Пәннің аталуы

Орта мектеп бойынша есептер шығару практикумы

Қысқартылған атауы

OMFESh

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, практикалық-45, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: Жалпы физика курсының теориялық және практикалық материалдары, элементарлық математика аппараттары, физиканы оқытудың әдістемесі, педагогика және психология-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Жалпы физика курсы бойынша алған білімдерін практикада қолданып есеп шығаруға дағдылану қабілетін арттыру. Физика есептерінің әртүрлі типтерінің құрылымдық ерекшеліктерін талдау; әртүрлі есептерді құрастыру, шешу және оны тексеру әдістемесін үйрету.

Мазмұны

Дәріс сабақ: Есеп туралы жалпыланған ұғым. Физиканың мәтіндік есептері. Жаттығу және комбинациялық есептер. Физикалық есептер-оқушы мен студенттің физикалық құрылымының маңызды бір элементі. Тесттік сипаты бар тапсырмалар. Студенттің оқу танымдық іс-әрекеті. Есептерді шығару тәсілдерін алгоритмдеу. Шығармашылық есептер, олардың түрлері. Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі. Есептеу есептерін шығару әдістемесі. Есеп шығаруға арналған сабақты өткізу әдістемесі. Сабақ үстінде оқушылардың өзіндік жұмысын күшейту. Есеп шығарумен байланысты мұғалімнің ғылыми жұмысын ұйымдастырудың мәселелері. Әр түолі есептерді құрастыру принципі Тақырыптық бақылау жұмыстарын дайындау. Физиканың текстік есептері. Тақырыптық бақылау жұмысн дайындау.

Практикалық сабақ: Механика. Молекулалық физика. Электр және магнетизм. Оптика. Атомдық физика бөлімдерінен есеп шығару.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Физика сабақта проблемалық ситиуация қойып, оны шешуге қолдану

Пәннің аталуы

Физикадағы қиын есептерді шығару

Қысқартылған атауы

RTZF

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, практикалық-45, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: Жалпы физика курсының теориялық және практикалық материалдары, элементарлық математика аппараттары, физиканы оқытудың әдістемесі, педагогика және психология-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Табиғаттағы қиындығы жоғары есептерді іріктеу. Қиындығы жоғары есеп кітаптарды жинақтау

Мазмұны

Дәріс сабақ: Мектепішілік дарынды оқушыларды іріктеу. Қиындығы жоғары есептерді іріктеу. Қиындығы жоғары есеп кітаптарды жинақтау. Сабақтан тыс уақытта қосымша сабақта дарынды оқушыларға қиындығы жоғары есепті шығару әдіс-тәсілдерін үйреті. Қиындығы жоғары есептерді деңгейлерге бөлу. Дарынды оқушының өз бетінші жұмыс істеуін қадағалау. Дарынды оқушыға қиындығы жоғары есепті жүйелі түрде шығарту.

Практикалық сабақ: Механика. Молекулалық физика. Электр және магнетизм. Оптика. Атомдық физика

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Студенттерге қиындығы жоғары есепті жүйелі түрде шығарту.


Пәннің аталуы

Қызықты және экспериментельды есептерді шығару

Қысқартылған атауы

RZEZ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 7

Оқытушының Т.А.Ә.




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, практикалық-45, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: Жалпы физика курсының теориялық және практикалық материалдары, элементарлық математика аппараттары, физиканы оқытудың әдістемесі, педагогика және психология-пәндері

Білім беру мақсаттары/ құзыреттілігі

Физика есептерін қызықты және экспериментельды есептерді шығаруды үйрету жолында алған білімі мен қабілетін қортындалау, толықтыру.

Мазмұны

Дәріс сабақ: Есептердің классификациясы. Есептер шығару алгоритмі. Есептеу ,қызықты, сапалық, графиктік, сурет есептер шығару, экспериментальды есептер шығару болып бөлінеді. Есеп туралы жалпыланған ұғым. Оқу есебі. Оның құрылымдық сипаттамасы. Физиканың мәтіндік есептері. Студент пен оқушының оқу- танмыдық іс-әрекеті. Қызықты және экспериментальді есептерді ұйымдастрыу Бақылау жұмысын тексеру шарттары. Мұғалімнің бақылау жұмысын бағалаудағы сандық және сапалық өлшемдер. Эксперименттік есептер шығару.

Практикалық сабақ: Түзу және қисық сызықты қозғалыстың кинематикасы. Шлгерлемелі қозғалыстың динамикасы. Айналмалы қозғалыстың динамикасы. Жұмыс, энергия, қуат. Механикадағаы сақталу заңдары. Молекула кинетикалық теория. Идеал газ теңдеуі. Электр өрісі. Тұрақты ток. Геометриялық оптика. Жарықтың шағылуы және сынуы. Линзалар қарапайым оптикалық системалар. Жарық әсері таруларына қызықты және экспериментті есептер шығару.

Жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау.

Физика есептерін шығару студенттердің оқу материалдарын саналы түрде терең игеруіне қолайлы жағдай туғызe. Олардың алған білімдерін пайдалана білу қабілетін қалыптастыру және бекіту.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет