Калиаскарова Ельназ Берікқанқызы «Тиімді оқыту мен оқу»



бет2/2
Дата04.09.2023
өлшемі0.6 Mb.
#476462
түріБағдарламасы
1   2
С есебі Калиаскарова

Кіріспе.
Мен таңдаған нысаным қандай?
Бұл тақырып жайлы бұрын мен не білемін?
Бұл тақырып жайлы мен нені білуім керек?
Менде қандай идеялар бар?
Бастапқы кезеңде менде қандай сезімдер туындады?
Ақпаратты жинақтау.
Қандай ақпарат көздері маған көмектесуі мүмкін?
Берілген ақпаратттардан қажетісін қалай аламын?
Осы ақпараттар негізінде зерттеу сұрағын қалай құрдық? Менің үлесім қандай болды?
Зерттеудің осы кезеңінде мен нені сезіндім?
Сұрыптау.
Мен жинаған ақпараттардың қайсысы зерттеу тақырыбыма сәйкес келеді?
Ақпараттардың қай бөлігі менің жауабымды қолдайды?
Ақпараттардың қай бөлігі менің тақырыбыма сәйкес келмеді?
Мен зерттеудің осы кезеңінде нені сезіндім?
Тұжырымдау.
Жинақтаған ақпаратыма сүйеніп зерттеу тақырыбыма қалай жауап жазамын?
Зерттеу тақырыбын юниттің зерттеу идеясымен қалай байланыстырамын?
Мен зерттеудің осы кезеңінде нені сезіндім?
Қорытындылау.
Бұл тақырыпты оқу арқылы мен неге үйрендім?
Осы зерттеу жұмысы не себептен мен үшін маңызды?
Мен үшін,қоршаған орта үшін және әлем үшін маңызы қандай?
Алған білімімді қайда қолдана аламын?
Бұл тақырыптың қызықтылығы неде болды?
Осы жұмыстың түрі мен үшін қаншалықты қолайлы болды?
Басқа қандай жұмыс түрлерін ұсынар едің?
Зерттеу барысында менің сезімдерім қалай өзгерді?
Осы сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар өздерін, топ мүшелерін, мұғалім әрекеттерін, жалпы процессті бағалап, қандай да бір қорытындылар жасай білді. Осы жазба арқылы мен мұғалім ретінде қандай жетістіктер мен кемшіліктердің болғандығын, оларды алдағы уақытта қалай дамытуға болатындығын анықтап, түсіндім.
«Оқыту мен оқудағы АКТ пайдалану» модулі де пайдаланылды. Оқушылардың зерттеу нысандары бойынша ақпарат жинауда әр түрлі интернет ресурстарын пайдалануы, жасап жатқан журналдарының бөлімдеріндегі ақпараттардың дұрыс немесе толықтыру қажет ететін тұстарын дамыту үшін оқушылар google диск арқылы топ мүшелері мен мұғалімге ортақ документтер ашып, бір уақытта бірнеше адам жұмыс атқара алатындай жасауы, журналдың дизайн ойласытруда онлайн журнал жасау программаларын қолдануы дәлел болады.
«Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі де іске асты. Себебі, топтық жұмыста ақпараттарды қарастыру барысында ұтымды идеяларды топқа әкеліп, зерттеу сұрағына жауапты нақты ұйымдастыруда Ж, А, ЖМ, Т деген оқушылар өздерінің дарындылықтарын көрсетті.
Мен «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін топтық, жұптық, жеке жұмыстарда іске асырдым. Себебі, фокус алған сыныбыма алғаш сабаққа кірген уақытта психологиялық ерекшеліктердің әр түрлі екендігін, әр оқушыға арнайы, сәйкес келетін әрекеттермен, сөздермен қарым-қатынас жасау керектігін түсіндім. Алдын-ала сыныппен жұмыс атқаратын мектеп психологтарымен кездесіп, оқушылар жайлы психологиялық анықтамалар алдым. Нәтижесінде бұл әрекет сыныптағы жұмыстың нәтижелі өтуіне ықпал етті. Мысалы, сыныпта Т деген оқушы «сенікі қате», «дұрыс емес» деген дүниелерді өте негативті қабылдайды және топта, жұпта жұмыс атқаруы, басқа оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиындық туындататын. Бірақ, білім деңгейі, қабілеті өте жақсы. Бақылай келе сыныпта МС, Д, М, А деген оқушылардың өзгеге көмектесуге, оларды түсінуге деген қабілеттерінің жоғары екендігін байқадым. Сол себепті, тапсырмаларды орындауда Т жұмыс атқаратын топтарға осы оқушыларды бкезекпен бірге отырғызатын болдым. Нәтижсінде Т сыныптастарына сенуге болатынына көз жеткізіп, продутивті жұмыс атқара бастады. Тағы бір мысал, Ж деген оқушы өте белсенді, білімді, әр түрлі дағыдылары өте жақсы дамыған. Бірақ, өте өзімшіл, жеңіліс дегенді қабылдай алмайтын. Ата-аналармен кездесуде Ж-ның әкесімен сөйлесіп, оқушының жұмыстарын көрсете отырып, жетістіктерінің өте жақсы екенін айттым. Тек, басқаға көмек көрсете білу керектігін, жеңілістің де болатынын қабылдау қажет екенін айтып, талқыладық. Ж-ға әкесінің рөлі, айтқан сөзі жақсы, пайдалы әсер етуінің нәтижесінде алдағы уақытта осы дағдысын дамыта түсті. Сыныпта қабілеті орта деңгейден төмен, бірақ өте позитивті, ынталы оқушы Н-ға сабақ барысында қолдау көрсетіп, сабаққа қатысуының жүйелі болуына өз септігін тигізді.
«Оқытудағы басқару және көшбасшылық» модулі де іске асты. Қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспарларда топтық жұмыста оқушылардың өздері ұйымдастырушы, интеллектуал, тұлғааралық қатынастарды дамытушы, топ мүшелерінің мәселелерін шеше алатын көшбасышларды анықтап, жүйелі жұмыс атқара білді.
Осы жұмыс барысында біз оқушылардың әлеуметтік, зерттеу, өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуды мақсат етіп алған болатынбыз. Бұл мақсатқа жете алдық деп ойлаймын. Себебі, оқушылар зерттеу сұрағын қойып, оған қалай тиімді жауап беруге болатынын көрсетті, топтық жұмыс барысында бір-бірімен жүйелі, пайдалы жұмыс атқару барысында, бірін-бірі жаңа қырларынан тани алды, өзін-өзі басқару дағдысы бойынша рефлексивті журналды әр сабақтың 10 минутында толтырып, журналды қорғау барысында берілген уақытты тиімді қолдана білді.
Жұмыс барысында қиындықтар да көптеп кездесті. Оқушылардың зерттеу нысандары бойынша ақпарат жинақтағаннан кейін, сол ақпараттарға журналдың ішкі бөлімдерінде және соңғы бетінде қолданылған әдебиеттер тізімі «Академиялық адалдық» нұсқаулығы бойынша APA стильіне сүйеніп жасалынуы және С критериінің iii. әдебиеттер тізімін құру және ақпарат көздеріне сілтеме жасау стренді бойынша оқушылар бағалануы қажет болды. Бірақ ақылдаса келе, уақыттың аздығына және 7 сынып оқушыларында осындай дәрежедегі зерттеу жұмысын бірінші рет жасап отырғандықтан, жоғарыда аталған стрентті бағалаудан алып тастап, 3 юнит барысында қолданылған әдебиеттер тізімімен жұмыс жасауды жоспарладық.
Сол себепті, алдағы уақытта жұмыс барысын дамыту үшін «талантты және дарынды балаларды оқыту», «оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу» модульдері бойынша нақтыланған мақсаттар қойып, жүйелі жұмыстар атқаруым керек. Жалпы осы орта мерзімді жоспарды іске асыруда нәтижелі жұмыс атқарылды. Кездескен проблемалар мен жетістіктерді талдап, анализ жасау арқылы кәсіби тұрғыдан болашақта дамыуға жоспар құруға мүмкіндік берді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет