Кардиология



бет3/9
Дата01.03.2024
өлшемі2.84 Mb.
#493432
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ТЕРАПИЯ-БОЙЫНША-ДИПЛОМНАН-КЕЙІНГІ-ДАЙЫНДАУ-КАФЕДРАСЫ-ТЕСТІЛІК-ТАПСЫРМАЛАР

Пульмонология


17 жастағы ер азамат жағымсыз иісті, көлемі 150-200 мл кілегейлі–ірінді қақырықпен жөтелге шағымданады. Жөтел көбінесе таңертең мазалайды. Сонымен қатар, қан қақыру, дене қызуының 38,5*С көтерілуіне, тершеңдікке, салмағының азаюына шағымданады. Бала кезінде басыннан көкжөтелді өткізген, содан кейін жыл сайын бронхитпен ауырған. Тыңдағанда- өкпенің екі жағында төменгі бүйір аймақтарында ылғалды орта және ірі көпіршікті сырылдар естіледі.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?:
* Созылмалы өкпе абсцессі
* Бронхоэктаз ауруы
* Созылмалы бронхит
* Өкпе поликистозы
* Өкпе қатерлі ісігі


24 жастағы әйел, ауыл тұрғыны, таңертеңгісін көп мөлшерлі қақырықпен тұрақты жөтелге, ауызыннан келетін жағымсыз иіске, ауа жетпеу сезіміне, қалтырау және жоғары дене қызуына, тәбетінің болмауына шағымданады.Қақырықтың көлемі 1стаканға жетеді, кейде қан араласқан, иісі оте жағымсыз. Ауырғанына көп жыл болды. Тексергенде:арықтаған, терісі сұр түсті, саусақтары «барабан таяқшалары», тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді өзгерген.
Көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы бұл жағдайда БАРЫНША тиімді?
* Сыртқы тыныс функцияларды зерттеу
* Кеуде қуысының рентгенографиясы
* Қақырықтың бактериологиялық анализі
* Өкпенің сцинтиграфиясы
* Бронхография

46 жастағы ер адам, темекі шегуші, суық тиюден кейін шырышты іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37,50С жоғарлауына шағымданады. Қарап тексергенде: ТЖ-20 рет мин., өкпесінде тынысы қатқыл, жайылған құрғақ, ызылдаған сырылдар естіледі, жөтелден кейін азаяды. Рентгенологиялық өкпе суретінің күшеюі анықталады.


Көрсетілген диагноздардың қайсы БАРЫНША болуы мүмкін?
* Өкпе саркоидозы
* Өкпе туберкулезі
* Созылмалы бронхит
* Ауруханадан тыс певмония
* Идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит

68 жастағы ер адам түсі қарақат желесі тәрізді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданады. Анамнезінде ішімдік қолдану және созылмалы жүрек жетіспеушілігі. Қарағанда: ТЖ - 34 рет мин, өкпесінде аз мөлшерде ылғалды сырылдар естіледі.


Көрсетілген қоздырғыштардың қайсысы пневмонияның дамуына БАРЫНША алып келуі мүмкін?
* Хламидиялар
* Ротавирустар
* Клебсиеллалар
* Парвовирустар
* Микоплазмалар

56 жастағы ер адам іріңді-қанды қақырықты жөтелге, ентігуге, дене қызуының 39°С жоғарлауына шағымданады. Қарағанда: ТАЖ – 32 рет мин. Өкпенің артқы бөліктерінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталды, амфоралық тыныс, майда көпіршікті ылғалды сырылдар. Рентгенограммада - оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде сұйықтық деңгейімен бірнеше күңгірттенген қуыстар анықталды. Қанда: лейк - 18×109/л, таяқша -10%, ЭТЖ – 33 мм/с.


Науқаста көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
* Өкпе рагы
* Пневмония
* Өкпе абсцессі
* Өкпе туберкулезі
* Бронхоэктаз ауруы

Урологиялық бөлімшеден екі күн бұрын шығарылған 65 жастағы ер кісіні жоғары дене қызуы және іріңді қақырықты жөтел мазалайды. Рентгенограммада сол өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы анықталды.


Науқаста көрсетілген пневмониялардың қайсысы БАРЫНША дамуы мүмкін?
* Атиптік
* Аспирациялық
* Ауруханадан тыс
* Нозокомиальді
* Иммунотапшылықты жағдаймен негізделген

20 жыл шахтада жұмыс істеген 50 жастағы ер кісі қурғақ жөтелге, қан қақыруға, физикалық жүктеме кезінде болатын ентігуге, кеудедегі ауыру сезіміне, 8 кг салмақ тастауына шағымданып түсті. Емханада «Пневмония» диагнозымен өткізілген антибиотикотерапия жеңілдікке алып келмеді. Өкпе рентгенограммасында диаметрі 1-2 см көптеген түйінді қараюлар анықталды.


Науқаста қандай болжам диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
* Өкпе рагы
* Силикотуберкулез
* Плевраның мезотелиомасы
* Созылмалы обструкциялы бронхит
* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

29 жасар әйел кеуденің сол жағының шаншып ауырғанына, дене қызуының 39°С жоғарылауына, іріңді қақырықты жөтелге, өршімелі ентікпеге шағымданады. Тексергенде: сол жауырын астында дауыс дірілінің әлсіреуі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталды. ТАЖ -22 рет минутына. ЖСЖ -100 рет минутына.


Көрсетілген әдістердің қайсысы диагнозды қою үшін БАРЫНША тиімді:
* Кеуде қуысының рентгенографиясы
* Қақырықтың жалпы анализі
* Қанның жалпы анализі
* Электрокардиография
* Спирография

Кондиционерлі офисте жұмыс істейтін жас әйелдікілегейлі қақырықпен жөтел, қан қақыру, қалтырау, миалгиялар, терлеу, іштің ауыруы, диарея, айқын әлсіздік мазалайды. Қанда


лейкоцитоз және лимфоцитопения. Өкпенің шолу рентгенограммасында көп инфильтративті көленкелер анықталады. Бір неше күн бұрын бұл офистың қызметкері пневмониямен ауруханаға жатқызылған.
Бұл аурудың дамуына көрсетілген қоздырғыштардың қайсысы БАРЫНША алып келуі мүмкін?
* Хламидия
* Легионелла
* Микоплазма
* Пневмококк
* Стафиллококк

Жас ер адамды суық тиюден кейін құрғақ жөтел, дене қызуының 37-37,8*С жоғарылауы,жүрек қағуымазалайды, ентікпе және әлсіздік күшейіп келе жатыр. Тексергенде - кеуденің оң жағы дем алуда қалынқы, перкуссияда оң жаурын астында тұйық дыбыс, дауыс дірілі анықталмайды.


Бұл клиникалық жағдай көрсетілген синдромдардың қайсысына БАРЫНША тән:
* Өкпе тінінің инфильтративті тығыздану
* Плевра құысында суйықтық жиналу
* Плевра құысында ауа жиналу
* Өкпеде құыс пайда болу
* Обтурациялы ателектаз

65 жастағы ер адам аз мөлшерлі қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге, жүрек қағуына, физикалық жүктеме кезінде болатын ентігуге шағымданады. 15 жыл бойы бронх-өкпе патологиясы бар дертпен ауырады. Тексергенде: тынысы қатаң, тыныс шығару фазасы ұзарған, барлық аймақтар үстінде құрғақ ызылдаған сырылдар естіледі.


Науқаста көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
* Пневмония
* Бронхтық астма
* Бронхоэктаз ауруы
* Созылмалы ірінді бронхит
* Созылмалы обструкциялы бронхит

Тиффно индексі бұл келесі көрсеткіштердің ара қатынасы:


* ТШФК1/ӨФӨС
* ТШФК1/ӨСК
* ӨЖК/ ӨСК
* СФК/ ӨСК
* ӨӨС/ ӨФӨС

Пневмонияның өмірге АСА ҚАУІПТІ асқынуын көрсетіңіз:


* Плеврит
* Миокардит
* Перикардит
* Өкпе абсцессі
* Инфекциялы-токсикалық шок

Өршу кезеңдегі созылмалы бронхиттың созылмалы обструкциялы бронхитпен дифференциалды диагностикасын жүргізу кезінде қандай әдісті өткізу БАРЫНША тиімді?


* Спирографияны
* Торакоскопияны
* Диагностикалық бронхоскопияны
* Кеуде қуысының рентгенографиясын
* Кеуде қуысының компьютерлі томографиясын

55 жастағы ер адамда жөтел, ентігу, дене қызуының 38*С жоғарылауы. Тексергенде: кеуденің сол жағы тыныс алуда қалынқы, перкуторлы дыбыс тұйық. Дауыс дірілі және бронхофония күшейген, тыңдағанда патологиялық бронх тынысы естіледі.


Науқаста БАРЫНША болуы мүмкін:
* Экссудатты плеврит
* Туберкулезді каверна
* Крупозды пневмония
* Пневмоторакс
* Өкпе ателектазы

28 жастағы әйел біртіндеп кушейіп келетін ентікпеге, құрғақ жөтелге, тез шаршағыштыққа шағымданады. Көп рет антибиотиктер және муколитиктермен өткізілген ем нәтижесіз. Аускультацияда- өкпе тынысы бәсеңдеген, целлофан дыбысына ұқсаған крепитация естіледі. Кеуденің компьютерлі томографиясын өткізгенде өкпенің «бұлынғыр әйнек» және «ара ұяшық тәріздес» өзгерулері анықталды.


Науқаста БАРЫНША болуы мүмкін диагноз:
* Туберкулез
* Өкпе аталектазы
* Екіжақтық пневмония
* Созылмалы обструктивты бронхит
* Идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит

Көп жыл бойы бронх-өкпе дертімен ауырған, ентікпесі кушейіп келе жатқан ер адамға идиопатиялық фиброзирлеуші альвеолит диагнозы қойылды. Пациентттің сыртқы тыныс функциялары тексерілді. Зерттеуде қандай өзгерістер БАРЫНША анықталуы мүмкін.


* Форсирленген тыныс шығару көлемінің азаюы
* Өкпенің тіршілік сыйымдылығының көбеюі
* Өкпенің қалдық көлемінің көбеюі
* Өкпенің тіршілік сыйымдылығының азаюы
* Тиффно индекстің жоғарлауы

Бөліктік пневмониямен ауыратын 42 жастағы ер адамда 7-ші тәулікте оң жақ жаурын астында тынысы естілмей қалды.


Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін?
* Құрғақ плеврит
* Өкпе абсцессі
* Плевра эмпиемасы
* Экссудатты плеврит
* Спонтанды пневмоторакс

Ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын 72 жастағы ер адамда жоғары дене қызуының критикалық түрде төмен түсуімен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағында шуыл, жүрек айнуы, құсу поывтері байқалады. Қарағанда: жағдайы ауыр, адинамиялы, бозғылттау, айқын акроцианоз, салқын тер. Жүрек тондары әлсіреген, ЖСЖ-120 рет минутына,жіптәрізді пульс, АҚ– 80/50 мм рт.ст.


Жағдайының бірден нашарлауының БАСТЫ себебі неде болуы мүмкін:
* Сепсис
* Кардиогенді шок
* Инфекционды-токсикалық шок
* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
* Жедел респираторлыдистресс-синдром

28 жасар әйелде суықтап қалғаннан кейін кеуде қуысының оң жақ бөлігінде қатты шаншып ауырсыну пайда болған, терең тыныс алғанда және жөтелгенде күшейеді. Оң жаққа еңкейгенде және қабырғааралықты пальпациялағанда ауырсыну күшейеді. Асукультативті қар сықыры тәрізді шуыл естіледі. Рентгенологиялық өзгерістер байқалмайды.


Мына аталған диагноздардың қайсы БАРЫНША тән?
* Бронхоэктазды ауру
* Экссудативті плеврит
* Бронхопневмония
* Жедел бронхит
* Құрғақ плеврит

55 жаста ер адам, дәнекерлеуші, тыныштық күйде ентігуге, ұстама тәрізді қою қақырықпен жөтелге, жүрек қағуына, жөтелден кейін бас айналуына шағымданады. 20 жылға жуық ауырады. Жағдайы ауыр, ортопное, мойын веналарының ісінуі, диффузды цианоз, балтыр мен сан ісінуі байқаладды. Кеуде қуысы бөшке тәрізді, перкуторлы – қораптық дыбыс. Аускультативті- қатқыл тыныс, тыныс шығару ұзарған, құрғақ ызылдаған және ысқырықты сырылдар, екі жағында да төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. ТАЖ – 34 рет минутына. Жүрек тондары әлсіреген, өкпе артериясының үстінде II тон акценті естіледі. Бауыр қабырға доғасынан 4 – 5 см төмендеген, Плеша симптомы оң мәнді. Бұл науқаста қандай асқыну БАРЫНША тән:


* Созылмалы обструктивті бронхит
* Сол қарыншалық жетіспеушілік
* Созылмалы өкпе текті жүрек
* Өкпе эмфиземасы
* Бауыр циррозы

53 жаста ер адам, ұстама тәрізді қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге, тыныс алудың қиындығымен ентігуге шағымданады. 15жылдан астам созылмалы бронхитпен ауырады, өршу жиі байқалады.


Қарағанда: кеуде қуысы «бөшке тәрізді» формада, қабырғалар горизанталды орналасқан, қабырғааралық қуыстар кеңейген. Перкуторлы қораптық дыбыс, өкпенің төменгі шекарасы айқын төменге ығысқан. Бұл науқасқа қай диагноз БАРЫНША тән:
* Өкпе қатерлі ісігі, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы ТЖ 2
* Созылмалы бронхит, бронхоэктазды ауру, ТЖ1
* Созылмалы обструктивті бронхит, өкпе эмфиземасы, ТЖ2
* Екі жақты төменгі бөлікті пневмония, ТЖ3
* Саркоидоз, өкпе эмфиземасы, ТЖ2


Өкпе эмфиземасымен сырқаттанатын науқастың спирограммасында байқалуы мүмкін:
* Өкпенің тіршілік сыйымдылығының ұлғаюы
* Форсирленгенн тыныс шығару көлемінің ұлғаюы
* Өкпенің минуттық вентиляциясының ұлғаюы
* Тиффно индексінің ұлғаюы
* Өкпенің қалдақ көлемінің ұлғаюы

Кіші қан айналым шеңберінінің тамырларындағы гипертензия мынаның әсері болуы мүмкін:


* Мюссе рефлексі
* Бабинский рефлексі
* Брудзинский рефлексі
* Воскресенский рефлексі
* Эйлер-Лильестранд рефлексі


Өкпе эмфиземасының ЭКГ-де қандай өзгерістер басты болуы мүмкін:
* Жүректің электр осінің оңға ығысуы.
* Жүректің электр осінің солға ығысуы
* AVF, III, II тіркемелерде терең S тісшелері
* AVF, III, II тіркемелерде биік Р тісшелері
* Төмен вольтажды ЭКГ.

Созылмалы өкпе текті жүрек дамуымен өкпе эмфиземасына жүрек жағынан қандай аускультативті сұрет тән:


* Аорта үстінде II тон акцентінің болуы
* Аортада диастолалық шуыл болуы
* Үшжармалы қақпақшада систолалық шуыл болуы
* Жүректің салаыстырмалы тұйықтығының солға ығысуы
* I тон шапалақтаушы (хлопающий) және жүрек ұшында пресистолалық шуыл

Созылмалы обструктивті бронхит фонында дамыған созылмалы өкпе текті журекті емдеуде төменде аталғандардың қайсысы қолданылады:


* β-блокаторлар
* Антибиотиктер
* Антикоагулянттар және антиагреганттар
* Аминохинолинді топ препараттары
* Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

Өкпе саркоидозын емдеуде базисті терапия ретінде қайсысы ұсынылады:


* Пенициллинді топ антибиотиктері
* Сульфаниламидтер
* Делагил немесе плаквенил
* Физио шаралар
* Антигистаминді препараттар

ӨСОА- мен сырқаттанатын науқастарды емдеуде негізгі базисті терапия қайсысы болып табылды?


* Оксигенотерапия
* Антибактериалды терапия
* Тыныс жетіспеушілігін коррекциялау
* Муколитикалық және мукорегуляторлық терапия
* Бронхолитиктерді жүйелі түрде қолдану

ӨСОА-мен сырқаттанатын 60 жастағы науқаста аздаған жүктеме кезінде ентігу байқалады, жөтел аздаған мөлшерде қақырық бөлінуімен, оң қабырға астында ауырсыну, зәр бөлінуінің төмендеуі байқалады. Қарағанда: ортопное, акроцианоз, мойын веналарының ісінуі,эпигастралды аумақта пульсация,өкпе артерияларының үстінде II тон акценті, тахикардия, бауыр ұлғаюы,аяғында ісінулербайқалады. Науқастың ЭКГ түсірілімінде мынадай өзгеріс табылуы мүмкін:


* Қарыншаішілік блокадалар
* Сол қарынша гипертрофиясы
* Сол жүрекше гипертрофиясы
* Оң қарынша гипертрофиясы
* Гис шоғырының сол аяқшасының блокадалары

50 жастағы шахтер 12 жыл жұмыс істеген көмір шахтасындағы жұмысынан шығарылды,антракосиликоз анықталуына байланысты. Науқаста бірнеше жылдан соң жөтел күшейіп, қан түкіру байқалған, тершеңдік, әсіресе түнде; салмақ тастау, субфебрилитет байқаладды. Аускультацияда тынысы қатқылдау, екі жақта да аздаған ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. ЭТЖ - 27 мм/сағ. Науқасқа өкпенің қандай патологиясы қосарланған болуы мүмкін?


* Пневмония
* Өкпе туберкулезі
* Созылмалы бронхит
* Өкпенің орталық қатерлі ісігі
* Бронхоэктазды ауру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет