Кардиология



бет9/9
Дата01.03.2024
өлшемі2.84 Mb.
#493432
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ТЕРАПИЯ-БОЙЫНША-ДИПЛОМНАН-КЕЙІНГІ-ДАЙЫНДАУ-КАФЕДРАСЫ-ТЕСТІЛІК-ТАПСЫРМАЛАР

Шұғыл жәрдем
Клиникалық өлім жағдайында науқаста аталған терминалды ырғақ бұзылыстарының қайсысы байқалуы мүмкін?
* Жүрекше жыбыры (фибрилляция)
* Политоптықарыншалық экстрасистолалар
* Идиовентрикулярлыырғақ
* Пароксизмалды тахикардия
* Жиі және қосарланған қарыншалық экстрасистолалар

25 жастағы ер адам, салмағы 80-90 кг жуық, автокөлік апатына ұшыраған. Сан суйегінің ашық жарақаты, бас-ми жарақатына күдік байқалады. Есі жоқ, ұйқы артериясын пальпациялағанда пульсация байқалмайды, өкпесінде тыныс естілмейді.Дефибрилляция жүргізу үшін дефибрилляторда қандай бастапқы энергия дәрежесін беруге тапсырма беріледі?


*150 кДж
* 200 кДж
* 250 кДж
* 300 кДж
* 350 кДж

16 жастағы науқас, футбол ойыны кезінде кеудесіне доппен соққы алды және есін жоғалтып талып қалды. Пульсі және тынысы анықталмайды.Жедел жәрдем бригадасы реанимациялық шараларды жүргізді: 200 кДж дәрежесінде синусты ырғақ қайта қалпына келді.Стационардың қабылдау бөлімінде ЭКГ түсірілді. Аталған науқаста жүрегінің токтауының ең мүмкін себебі неде?


* Commotio cordis (жүрек соққысы) соққы нәтижесінде
* Вольф-Паркинсон-Уайттсиндромы
* Гиперкалиемия
* QT интервалының ұзару синдромы
* Гипертрофиялық кардиомиопатия

Диффузды токсикалық жемсаумен ауырған науқасқа Николаев бойынша субтоталды стурмэктомия жасағаннан соң 3-5 сағаттан кейін 40º С дейін гипертермия дамыды, АҚ 180/50 мм.с.б.б., тахикардия 120-140 рет минутына, психикалық қозу. Мына аталған сұйықтықтардың қайсысын енгізу ең тиімді тағайындау болып табылады?


* Рингер
* Люголь
* Метиленді көгілдір
* Сутегі асқын тотығы
* Кальция хлориды

65 жастағы науқаста физикалық жүктемеден соң бірден оң бүйірінде ауырсыну және ентігу пайда болды. Анамнезінде – өкпе туберкулезімен 20 жыл бұрын ауырған.


Карағанда:қалпы мәжбүрлі, тыныс алу актісіне қосалқы бұлшықеттері қатысады, тері жабындысы бозғылттау цианозды түспен. Кеуде қуысының оң жақ болігі тыныс алу актісінен қалып қояды, перкуссия кезінде – оң жағында тимпанит, аускультацияда – оң жақ бөлігінде тыныс шулары естілмейді, сол бөлігінде – қатқыл тыныс. АҚ – 165/95 мм.с.б.б. ЖСЖ – 140 ретминутына. Науқасқа қандай көмек шұғыл түрде көрсетілуі қажет?
* Артқы-қолтықасты сызығы бойынша оң жағынан 7-8 қабырғааралықтан плевра қуысына
пункция жасау
* Ортаңғы - бұғана сызығы бойынша оң жағынан 2 кабырғааралықтан плевра қуысына
пункция жасау
* Оттегі- ауа қоспасын беру
* 60 мг преднизалонды көктамыр ішіне енгізу
* 10 мл 25% магний сульфат ерітіндісін енгізу

75 жастағы науқас әйел, салмағы 100 кг жуық. Миокард инфарктісіне күдікпен жатқызылды.Қабылдау бөлімінде есін жоғалтты, ЭКГ-де мынадай қарыншалардың жыпылыктауы. Науқасқа ең алдымен қандай шара қолданылуы қажет?


* Адреналин 0,1% -1 мл ерітінді 1,0 мл физ. ерітіндімен бірге көк тамыр ішіне
* Адреналин 0,1% - 1 мл 1,0 мл физ. ерітіндімен бірге жүрек ішіне
* Атропин 0,1% - 1 мл 1,0 мл физ. ерітіндіде көк тамыр ішіне
* 200 кДж энергия дәрежесінде дефибрилляциялау
* 300 кДж энергия дәрежесінде дефибрилляциялау

16 жасар қыз,колледж студенті.Жиналыс кезінде қапырықты бөлмеде 1-1,5 минутқа есін жоғалтты. Талып қалудан кейін есінде адасу болған жоқ. Талып қалардың алдында жүрек айнуын байкаған. Жүрек ауруын, қандай-да бір дәрі қабылдауды, жүктілікті терістейді. ЖСЖ 86 рет минутына, АҚ 110/70 мм.с.б.б. Медпункт медбикесі оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Одан әрі қандай тактика қолданған дұрыс?


* Қыздың дені сау, үйіне жіберу
* 24 сағат бақылауда қалдыру
* Электрокардиограмма түсіру
* Неропатологтың кеңесі қажет
* Электроэнцефалограмма түсіру

35 жастағы наукас.Табиғи емес қалыпта ессіз күйінде оны күйеуі стол жанынан тауып алған (қолы «қайырылып қалған сияқты»). Өзіне келген соң – бірнеше минут дезориентирлі болды. Тілін тістеп алған екен. Жедел жәрдемді шақыртқан. Жүрек ауруын, оталарды, жарақаттарды терістейді. Талып калуға нендей себеп болғанын білмейді.Одан әрі қандай тактика қолданған дұрыс?


* Әйелдің дені сау, үйіне жіберу керек
* 24 сағат бақылауда қалдыру
* Электрокардиограмма түсіру
* Электроэнцефалограмма түсіру
* Эхокардиограмма жасау

39 жаста әйел. Шағымы: ішінің төменгі бөлігінде ауырсыну, өршімелі.Ауырсыну таңертеңгісін пайда болған, төсектен тұруға әрекет жасағанда есінен танып калған.Пальпация кезінде оң төменгі кварантта ауырсыну. ЖСЖ 95 рет/мин, АҚ 90/60 мм с.б.б. Температура – 36,4°С. ЭКГ – патология жоқ. Гематокрит – 36%. Тұруға әрекет жасау кезинде - есінен танып қалды. Одан әрі қандай тактиканы қолданған тиімді?


* Іш қуысына КТ жасау
* 24 сағат бақылауда қалдыру
* Кіші жамбас мүшелеріне УДЗ жүргізу
* Электроэнцефалограмма жасау
* Эхокардиограмма түсіру

Пневмонияның ауыр сатысындағы науқаста ентігу және тахикардия күшейді, ал АҚ 80/40 мм.с.б.б. төмен түсті. Инфекциялық-токсикалық шок диагностикаланды.Инфузиялы терапия жасалды. Шоктың интенсивті терапиясында қай дәрілік затты қосу тиімді болып табылады?


* Атропин
* Адреналин
* Допамин
* Корглюкон
* Гепарин

52-жастағы науқас ессіз күйінде қабылдау бөліміне жеткізілді. «Жедел жәрдем» машинасының ішінде науқаста қайталамалы құсу ұстамалары болған. Бұл науқасқа қандай қалып берілгені дұрыс?


* Арқасынан
* Бүйірінен
* Ішінен
* Басы көтерілген қалып
* Басы төмен түсірілген қалып



Страница из




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет